Уркинбаева Жанар Куралбаевна
Ақтау қаласы №39 «Хиуаз» балабақшасы
Уркинбаева Жанар Куралбаевна
Тақырыбы: «Көңіл күй қаласы»
Кешенді сабақ
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін,есте сақтау дағдысын,тілін дамыту. Дыбыстар мен әріптер жайлы алған білімдерін бекіту.Сөйлем құрау, талдау өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамыту. Білімге деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілік: слайд,суреттер. ребус,текше кассы.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Шаттық шеңбері.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басығой.
Ал,қанеки бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Қызықты сәт:
Көңілсіз Алпамыс бала келеді.
Тәрбиеші:Сәлематсыңба, Здравствуйте, Good morning,Алпамыс.
Балалар:Сәлематсызба!
Тәрбиеші:Біздің Алпамыс амандасуды білмейді екен.
Балалар: Балалар біз Алпамысқа амандасудың мағынасын айтып берейік.
Тәрбиеші: -Қане балалар,кім айтады? «Сәлематсыңба!»сөзінің қанша мағынасы бар екен.
Балалар:
-Үлкендердің жағдайын халін сұрау.
-құрмет көрсету
-сәлемдесу,амандық сұрау.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар.
Тәрбиеші:Алпамыс сенің неге көңіл күйің жоқ?
Ауырып қалған жоқсың ба?
Алпамыс:Жоқ
-Мені мыстан кемпір сиқырлап тастады.Менің көңіл күйімді алып кетті.
Тәрбиеші:Кім бізге көмектеседі?
Оны қайдан табуға болады?
Роза гүлдер келеді
Роза:Сәлеметсізбе! балалар.
Сәлеметсізбе! үлкендер
Сендерде қиын жағдай болып жатырма,қандай?Мен сиқырлы Роза гүлмін кімде қиын жағдай болған кезде мен көмекке келемін.
Тәрбиеші:Біздің Алпамысқа көмек қажет.
Алпамыс:Мені мыстан кемпір сиқырлап тастады мен көңіл күйімді қайдан табуға болатынын білмеймін.
Роза:Мен білемін сізге қайда бару керектігін.Сізге көңіл күй қалашығына бару керек.Бірақ білесіңдерма балалар Көңіл күй қалашығына жетуге сендердің алдарыңнан бірнеше кедергілер кездеседі.Менің осы сиқырлы жапырағым жол көрсетеді.
Тәрбиеші:Рахмет.
Алпамыс:Рахмет.
Роза гүлдер:Сау болыңыздар балалар!
Тәрбиеші:Мына сиқырлы жапырақ бізге тапсырмалардың қайда екенін көрсетеді.Балалар қараңдаршы мына шыршалардың үстінде ұлпақарлар бар.Бірақ олар жәй емес екен сиқырлы ұлпақарлар екен.
Тәрбиеші:Ендеше 1-тапсырма: Жаратылыстану әлемі.
Табиғат дегеніміз не?
Балалар:Бізді қоршаған орта.
Табиғат қандай болады?
Балалар:Жанды және жансыз болады.
Жанды және жансыз табиғатқа нелер жатады?
Балалар:жанды табиғатқа:адамдар,құстар,жануарлар,өсімдіктер.
Жансыз табиғатқа:ауа,жер,су,тас,құм.
Тәрбиеші:Балалар су бізге не үшін қажет?
Балалар:Су тіршілік көзі,өсімдіктерде,жануарларда сусыз өмір сүре алмайды.
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар балалар. жансыз табиғаттың бірі суға тәжірибе жасайық.
Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы мұз ерігенде су айналады екен,су қайнаса бу болады.Балалар сол сияқты катал адамдарғада жылы сөйлесек оларда жылулық береді екен.
Балалар: судың үш қасиеті болады иссіз,түссіз,дәмсіз.
Тәрбиеші: Ұлпақардан алып тапсырма оқиды.
2-тапсырма Сауат ашу әлемі.
сұрақ- жауап
Әріп дегеніміз не?
Балалар:Әріпті көреміз,оқимыз,жазамыз.
Қазақ әліппиінде неше әріп бар?
Балалар: 42 әріп бар.
Дыбыс дегеніміз не?
Балалар:Дыбысты естиміз,айтамыз.
Дыбыс нешеге бөлінеді?
Балалар:Дауысты және дауыссыз дыбыс
Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
Балалар:Әндетіп,созылып,кедергісіз айтылады.
Тәрбиеші:Балалар дыбыстардан сөз құралады.
Сөз дегеніміз не?
Балалар:Кез келген заттың атауы.
Мәселен:доп,машина,қуыршақ,кітап.
Тәрбиеші:Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын
Зулап түстім төменге
Шықпас менсіз төбеге
Балалар:Шана
Тәрбиеші:Ендеше осы сөзге дыбыстық талдау жасайық
Қанша буын бар?
Балалар:Екі буын бар
Дауысты дыбысты қалай белгілейміз?
Балалар:дауысты дыбысты қызыл текшемен,дауыссыз дыбысты көк текшемен белгілейміз.
Тәрбиеші:Балалар сөздерден не құраймыз?
Балалар:сөйлем
Мәселен:Менде шана бар.Мен Інжу мен ойнадым.
Тәрбиеші:
3-тапсырма:
Ребус шешу.
Сергіту сәті.
4-тапсырма:
Тәрбиеші:Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер оның жауабын маган қазақ тілінде,орыс тілінде,және ағылшын тілінде жауап берулерің керек .
1.Отқа жанбас
Суға батпас .(Мұз,лед,аис)
2.Жазда болмайды
Қыста болады . (Қырау,мороз,хофрост)
3.Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші,сен оны. .(Аққала,снегавик,сноумән)
4.Ақ қарда тек тынбадым,
Қос аяқпен зырладым. .(Шаңғы,лыжа,ски)
5-тапсырма:
Математика әлемі.
Тәрбиеші:Ой балалар қараңдаршы мына жерде қай аңның ізі екен?Балалар сендер осы аңдардың ізімен тура және кері санауларың керек қазақ тілінде,орыс тілінде және ағылшын тілінде.
12345678910
10987654321
Тәрбиеші:Балалар біз барлық тапсырманы орындап болдық.Ал енді көңіл күй қалашыққада келіп жеттік.(музыка әуенімен қалашық ашылады)
Алпамыс:Қандай әдемі қала рахмет балалар менің сиқырым жойылып көңілім көтерілді,енді мен оқуды да жазуды да білемін.
Тәрбиеші:Алпамыстың көңілін көтеріп сиқырынан арылуға көмектестік.Енді балалар біз Алпамыспен қоштасайық.
Алпамыс: Сау болыңыздар балалар.(шығып кетеді)
Қорытынды.
Балаларды мадақтау.
Балалар бізге кім келді?
Біз оған қалай көмектестік?
Қандай тапсырмаларды орындадық?
Осымен біздің оқу- қызметіміз аяқталды.
