Мурзабекова Гульшат Тасмагамбетова
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы
МКҚК «Құлыншақ» балабақшасы
Тәрбиеші: Мурзабекова Гульшат Тасмагамбетова
Білімберу саласы: Комммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Қолғап»ертегісі.
Мақсаты:Балаларға ертегі мазмұнын әңгімелеп беру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге үйрету,ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін арттыру.Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын дамыту.
Сөздік жұмыс: шалқан,бауырсақ,қолғап.
Әдіс-тәсілі: Саяхат.«Триз»технологиясы.
Көрнекіліктер: Ертегі кейіпкерлері.
Билингвальді компонент: ата-дедушка,әже-бабушка,қоян-заяц,қасқыр-волк,
медведь-аю, түлкі-лиса, бауырсақ-колобок.
Тәрбиеші:Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:Күз мезгілі.
Тәрбиеші:Өте дұрыс.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды қаламыз,
Жарқырайды бақшамыз.
Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң достарым.
Тәрбиеші:Балалар қолымыздан барлығымыз бірге ұстайықшы.
-Нені сезіндік?
Балалар:Жылулықты,мейірімділікті.
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңыздар.Ендеше бүгінгі күнімізді қуанышпен бас-
тайық.
-Балалар бізге ғажайып ертегілер әлемінен хат қоржынымызға хат келіпті.
Сендер мұқият тыңдаңыздар,ал мен сендерге хатты оқып берейін.
Сәлеметсіздер ме балалар.Мен ертегі әлеміндегі атамын.Сендердің ақылды,
өнерлі екендеріңізді еске ала отырып,мен сендерді ғажайып ертегілер әлемі-
не қонаққа шақырамын.
Тәрбиеші:Балалар сендер ертегілер әлеміне саяхатқа барғыларыңыз келеме?
Балалар:Әрине,барғымыз келеді.
Тәрбиеші:Олай болса,балалар ғажайып ертегілер әлеміне сиқырлы кілемше-
мен баратын боламыз.
Барлығымыз кілемшеге өтейік.
Саяхатқа баратын тақпақ:
Біздер жақсы баламыз,
Өсті ақыл санамыз
Саяхатқа кілемшемен
Біздер ұшып барамыз.
Тәрбиеші:Балалар,қараңдаршы айнала неткен керемет.Бұл балалар біздің бі-
рінші аялдамамыз.
-Балалар қараңдаршы,бұл қай ертегінің кейіпкерлері?
Балалар:«Шалқан»ертегісінің кейіпкерлері.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар,дұрыс айтасыңыздар.
Балалар,ертегі кейіпкерлеріне көз жүгіртіп қарайықшы,түгелме?
Балалар:Жоқ.
Тәрбиеші:Балалар бірінші аялдамада бізге тапсырмалар беріліпті.
Дұрыс айтасыңыздар,түгел емес екен,олай болса біз мында беріл-
ген тапсырманы орындап,шалқан ертегісіне өз көмегімізді көрсе-
тейік.Яғни сандарды ретімен орналастырайық.
-Не шықты,балалар?
Балалар:Тышқан.
Тәрбиеші:Өте дұрыс.
Балалар міне біз шалқан ертегісінде кейіпкерлерді түгелдеп,ертегі-
лер мақсатына жетуіне көмегімізді тигіздік.
Ендеше,балалар,жарайсыңдар,саяхатымызды одан ары қарай жалғастырайық.
Тәрбиеші:Саяхатты жалғастыра отырып,жолда тақпағымызды айтайықшы.
Жарқырап біз күлеміз.
Тып-тыныш боп жүреміз.
Бір-бірімізді сыйлаймыз.
Апайды біз тыңдаймыз.
Тәрбиеші:Балалар,бұл біздің екінші аялдамамыз.
-Балалар,қараңдаршы, бұл қай ертегінің кейіпкерлері?
Балалар:Бауырсақ ертегісің кейіпкерлері.
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңыздар.
-Балалар ертегі мазмұнын есімізге түсірейікші.
(Жетелеуші сұрақ)
-Бауырсақ қайдан пайда болды?
Балалар:Ұннан.
Тәрбиеші:Өте дұрыс.
Балалар,қараңдаршы түлкінің қалтасында тапсырма бар екен,мүмкін сол тап-
Сырманы орындасақ,түлкі бауырсақты жемес.
Балалар түлкінің тапсырмасын оқып көрейінші.
Сендер,мұқият тыңдаңдар.
Құрметті балалар!Бауырсақтың әнін маған орыс тілінде айтып беріңіздер.
Тәрбиеші:Балалар әнді айтып береміз бе?
Балалар:Әрине айтамыз.
Тәрбиеші:Ендеше әнді айта отырып,бойымызды бір сергітіп алайық.
Я колобок,я колобок
Румяный бок,румяный бок.
Я от дедушки ушел,
Я от бабушки ушел.
Я от зайца ушел
Я от волка ушел
От медведя ушел
От тебя,лиса,и подовно уйду! 2-рет.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар.Енді міне түлкі әр кезде қу бола бермейді
екен. Біздің өлеңімізден кейін түлкі мейірленіп бауырсақты жемей-
ді.
Тәрбиеші:Ендеше балалар саяхатымызды жалғастырайық.Балалар қараң-
даршы,сиқырлы экранға назар аударайықшы.
Тәрбиеші: Бұл балалар қолғап ертегісі.Ертегіге мұқият қараңыздар.
Ертегіні айтып беру.
-Балалар сендерге ертегі ұнадыма?
Балалар: Әрине ұнады
Ендеше балалар,бұл ертегіні өздеріңіз сомдайтын боласыңыз.
(Ертегіні сомдау)
Тәрбиеші:Өте жақсы.
-Балалар,біз қандай ертегі кейіпкерлеріне көмектестік?
Балалар:Шалқан.Бауырсақ.
Тәрбиеші:Өте,дұрыс.Осымен балалар бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды.
Балалар:Біз бақытты баламыз
Әсем әнге саламыз,
Көріскенше күн жақсы
Сау-саламат болыңыз.
Сау болыңыздар!
