Есмағамбетова Зайтуна Туралиевна

Атырау қаласы № 24 орта мектебінің. бастауыш сынып мұғалімі

Есмағамбетова Зайтуна Туралиевна

Тақырыбы: Сандар сыры.

Мақсаты: Оқушыларға 1- ден 9-ға дейінгі сандардың сырын ашып, сандар туралы білімдерін толықтыру. «Әлемнің жеті кереметімен» таныстыру. Логикалық ойлау қабілеттерін арттырып, ұлттық тәрбиеге баулу.

Сабақ түрі: Сыныптан тыс сабақ. Көрнекіліктер:Сандар, суреттер, «Әлемнің жеті кереметі».

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру. Сабаққа психологиялық дайындық.

ІІ. Кіріспе. Сандардың адам өміріндегі маңызы ерте заманнан- ақ белгілі болған.Сонау ерте замандардың өзінде-ақ адамдарға өздерінің күнделікті өмірінде кездесіп отыратын әр түрлі нәрселерді санауға тура келген.Сонда адамның тек екіге дейін ғана санай білетін шағы болған.Екі саны адамның көру және есту мүшелерімен,жалпы алғанда нәрселердің нақтылы бір жұбымен байланыстырылған.Үнділердің «көз»,тибеттіктердің «қанат» деген сөздері «екі» санын білдірді.Егер нәрселер саны екіден көп болса,алғашқы қауым адамы олар туралы тек көп дейтін.Адам бірте-бірте ғана үшке дейін,кейін беске,онға дейін санап үйренді.

ІІІ. Сандармен таныстыру. Әр санның ерекшеліктеріне тоқталу.

ІV. Санамақтар айту.

Бір дегенім – білеу
Екі дегенім – екеу,
Үш дегенім – үскі
Төрт дегенім – төсек
Бес дегенім – бесік
Алты дегенім – асық
Жеті дегенім – желке
Сегіз дегенім – серке
Тоғыз дегенім – торқа
Он дегенім – оймақ
Он бір – қара жұмбақ.

1 – таңертең тұр
2 – шынығып бекі
3 – тазала тіс
4 – сабындап жу, беті
5 – сүртін тез
6 – үйді жина жалпы
7 – киін енді
8 – тамағыңды жеп іш
9 – ыдысты жу, тез
10 – атқа қон

V.Сергіту сәті.

Бір саусағым тіпті де,Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орайды,Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,Қала салсақ, жол салсақ.

VІ.Киелі сандарға тоқталу. Үш, жеті сандарын қазақ халқы жиі қолданылады.Үш жүз,Үш жамандық( Нақақ қан төгу.Кісі малын нақақ алу.Ата бабадан қалған ескі жұртты бұзу),Үш жақын(Су анасы -бұлақ. Жол анасы- тұяқ.Сөз анасы- құлақ),Үш мұрат(Жол мұраты жету. Дау мұраты біту. Қыз мұраты кету),Үш тоқтам(Ақыл арқан. Ой өріс.Адам қазық),Үш тәтті(Жан.Мал.Жар.),Үш жұрт(Өз жұртты.Қайын жұртты.Нағашы жұртты),Үш қуат(Ақыл.Жүрек. Тіл),Үш ғайып(Ажал.Қонақ.Несібе),Үш арсыз (Ұйқы.Тамақ.Күлкі),Үш сауап(Шөлге құдық қазған.Өзенге көпір салған.Жолға ағаш еккен),Үш даусыз (мінез,кәрілік,ажал),Үш байлық(денсаулық,ақ жаулық,он саулық),Үш алыс (Кәрі мен жас.Жақсы мен жаман.Алыс пен жақын).

VІІ.«Әлемнің жеті кереметі» слайд.

Әлемнің жеті кереметі- біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайын Кіші Азия,Орта Азия,Мысыр,Оңтүстік Үндістантерриторияларын жаулап алып, ұлыимперияқұрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдағансәулет өнеріескерткіштері.

1.Мысыр пирамидалары— ежелгіМысырперғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.

2.Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан.Бақерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.

3.Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкенғибадатханаболған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.

4.Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидийалтынменпілсүйегінен жасаған.

5.Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.

6.Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайыГелиостың мүсіні, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылыжер сілкінісікезінде қираған.

7.Александрия шамшырағыбіздің заманымыздан бұрын3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.

VІІІ.Өлең есептер.

Әр қолына Нүриден
Төрт өріктен бердім мен.
Бала санай білмеді,
Неше өрік ол жеді? (8)
Ұлпа жүнін қыздырып,
Күн шуақта бір күшік,
Отыр еді маңына,
Келді тағы бір күшік.
Қанша күшік барлығы?(2)
Алты қонжық орманға
Бара жатты қорбаңдап.
Бірі олардың шаршады,
Әрі қарай бармады.
Жауабын тез айт,
Қанша қонжық кетті алда? (5)
5-тен 4-ті алайық,
Қанша қалды санайық.
Қарайық та санайық,
Санайық та табайық. (1)
Беспайда бар 5 іні,
Естайда бар 2 іні,
Қоссақ 5 пен 2-ні,
Қанша болар шешуі? (7)
Шығармақ боп кеше есеп,
Жиналғанда 5 есек.
3-і ұйықтап отырды,
Ынталысы неше есек? (2)
Қазып жүр құмды 5 мысық,
3-і жатыр күн ыстық.
Нешеу болды сен сана? (2)

ХІ. Бекіту. Х. Марапаттау.


Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше