Коккезова Розия Мейрамалиевна
Түркістан облысы, Кентау қаласы, Әл-Фараби атындағы № 14 мектеп-гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі Коккезова Розия Мейрамалиевна
Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
Мақсаты: 3-кластағы алған білімін қайталап, еске түсіре отырып, жаттығулар орындау; сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: қайталау сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ Жаңа материалмен жұмыс:
а) өткенді еске түсіру жай сөйлем дегеніміз не? Айтылу мақсатына қарай түрлерін ата.
ә) оқулықпен жұмыс 1-жаттығу (Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Мәтіннен хабарлы, лепті, сұраулы сөйлемдерді тап. Ауызша орындау.)
б) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу А а А а Алма.
2-жаттығу Сызбаға қарап,қандай қорытынды шығаруға болады?
Жай сөйлем. Жалаң сөйлем тек бастауыш пен баяндауыштан тұрады.Жайылма сөйлем бастауыш,тұрлаусыз,баяндауыштан тұрады.
1-жаттығудағы қарамен жазылған сөйлемдерді сызба бойынша талдау.(Қарамен жазылған сөйлемдер Жайылма сөйлемдер себебі олар тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерден тұрады.)4-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқы.Қарамен жазылған жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге айналдырып жаз. (Жұлдыздар тізілді,ай үңілді)
5-жаттығу Сергіту жаттығуы(терең ойлау тапсырмасы сызбадағы жай сөйлем түрлерін салыстырып, олдардың ұқсастығын мен айырмашылығын дәлелде.)
6-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде орындату Жай сөйлемдерді түрлеріне қарай сәйкестендір. Жалаң сөйлем: Жаңбыр сіркіреді.Қаз қаңқылдады.Жайылма сөйлем Жолдасты жол айырады.Екі дос мектептен қайтты.т.б
IV.Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? І қатардың балалары жалаң сөйлемдер айтады(МысалыБауыржан келді.) ІІ қатардың балалары жайылма сөйлемге айналдырады(Бауыржан сабақтан келді).ІІІ қатардың балалары жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемнің ұқсастығы мен айырмашылығын дәлелдейді Сөйлем түрлерін ата.
V.Үйге тапсырма: 3– жаттығу 4-бет.
VІ. Оқушыларды бағалау
