Жаңа сабақтар

Пралиева Макпал Есимовна

Түркістан облысы, Кентау қаласы, Әл-Фараби атындағы № 14 мектеп-гимназия

Бастауыш сынып мұғалімі Пралиева Макпал Есимовна

Cабақтың тақырыбы: 8-ге көбейту және бөлу

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділігі: 1) 8-ге көбейту және бөлу тәсілдерімен таныстыру.

2) 8-ге көбейтудің және бөлудің кестелік жағдайын екі, үш амалдан тұратын өрнектермен, есе көбейтулермен байлнысты іс-әрекеттерді қолдануға машықтандыру.

3) Есе артық, есе кем қалыдықты табуды, ауданды табуды орындатуда есеп шығару дағдысын қалыптастыру.

Ә) Тәрбиелігі: Ұлттық таным және еңбекті дәл ұйымдастыра білуге, істі яғына дейін жеткізе білуге, дәптерді ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.

Б) Дамытушылығы: балалардың танымдық қабілеттерін, зейіндерін, есін, логикалық ойлау, шығармашылық белсенділігін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Аяз ата, сыйлық, ёлка, фигура, сандықша, тапсырмалар, ойындар.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру әдісі, мақсатты әдіс, ойын әдісі.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ, ойын сабақ, жаңа білімді меңгеру.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, қазақ тілі, дене шынықтыру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Аяз ата кіріп келеді. Балалармен амандасады.

  • Балалар, мен математика пәніне арнап сендерге жаңа жылдық сыйлық алып келдім. Оны алу үшін сандықшадағы тапсырмаларды орындайсыңдар.

1 – тапсырма. «Үй тапсырмасы».

Оқушылардың дәптерлерін аралап үй тапсырмасын көріп шығамын, дәптерлерін ауыстырамын. Өтілген тақырыптарға шолу жасаймын.

2-ші тапсырма: «Мұғалімді тыңда».

Жаңа сабақ: 8-ге көбейту және бөлу. Түсіндіріп өтемін.

8х8=64 64:8=8

8х9=72 72:8=9

9×8=72

Ойын: «Жасырын санды тап».

1- деңгей 2- деңгей 3-деңгей

2 3 4 5
4 9 16 ?
3 4 5 6
2 9 18 ?
5 6 7 8
5 16 29 ?

3-ші тапсырма: «Мәтін құрап, ат қой».

Оқушылар әр мысалға мәтін құрап, оны шығарады.

1-деңгей.

(100-52):8=6

Қоян.

Асанның 100 қояны бар еді. Маратқа 52 қоян берді. Қалған қояндарды 8 үйшікке тең етіп қамады. Әр үйшікке алты қояннан болды.

2-деңгей.

72:8+49:7=16

3-деңгей.

(48+15):7=9

Осы мысалдарды да мәтін құрай отырып шығарады.

4-тапсырма: «Тура теңсіздік құрастыр».

Оқушыларға өрнектер жазылған қима қағаз таратылады.

1-оқушы тақтаға шығып қолындағы өрнекті көрсетеді, оның қайсына салыстыру таңбасы қойылады.

Тура теңсіздік құру үшін 2-ші оқушы шығады.

1-деңгей. 2-деңгей.

40:8<30:5 8х4>6:2

7х8<60 40:5<4х3

5-тапсырма. «Фигураның ауданын тап».

3-деңгей.

8 см а=8см S=8см х 2см

в=2см S=16см

2см S=?

6-тапсырма. «Мені біртіндеп өсір».

1-деңгей. 2-деңгей. 3-деңгей.

9:8=1(қалд.1) 17:8=2(қалд.1) 12:8=1(қалд.4)

10:8=1(қалд.2) 18:8=2(қалд.2) 19:8=2(қалд.3)

11:8=1(қалд.3) 20:8=1(қалд.4)

7-тарсырма. «Аяз атаның торты».

  • Аяз ата жаңа жылға торт пісірмекші екен. Торттың бетін жидектермен безендірмекші. Аяз ата бізден көмек сұрап келіп тұр. Аяз атаға жәрдем беріп жіберейік. Қойбүлдірген жидегі 8 екен. Шие одан 3 есе артық екен. Аяз атаға неше жидек керек?

8х3=24 24+8=32 Жауабы: Барлығы 32 жидек керек.

8-тапсырма. «Компотты кім ішті?».Компотты Ернар мен Бағдат ішіп қойыпты. Бағдат 16 стакан ішіпті, ал Ернар одан 8 есе аз ішіпті. Екеуі қоысылып қанша стакан компот ішкен екен?

16:8=2 16+2=18 Жауaбы: Барлығы 18 стакан компот.

9-тапсырма. «Мен қандай санмын?».

8 10

8 х 8 9 х 8 64 : 8 8 х 9 72 : 8 64: 60:

Жаңа жыл сөзі шығады.

Балалар тақпақ айтады.

10-тапсырма. «Үйге тапсырма».

1-деңгейдегі топқа Мысал: 12

2-деңгейдегі топқа Мысал: 3

3-едеңгейдегі топқа Мысал: 11

11-тапсырма. «Мұғалімді тыңда».

Қорытынды жасап өтемін.

Аяз ата өз сыйлығын таратады.

Мұғалім әрбір ойын жөнінде терең толғанып оның оқу – тәрбие маңызын түсіне білуі керек. Кез- келген ойынның көңілден шығуы, нәтиже беруі — оның ұйымдастырылуына байланысты. Ойын элементтері оқушылардың тақырыпты жеңіл әрі қызыға меңгеруіне ықпал етеді.

Қандай ойынның түрі болса да, балаларды өзіне тартып әкететіні белгілі. Сабақта ойын әдістерін қолдану балалардың алған білімдерін одан әрі толықтыруға, түсінгендерін тереңдетуге, ойлау қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді. Ойынды көбінде топпен жүргізген тиімді. Сонда әр деңгейдегі бала ойынға қатысуға мүмкіндік алады, әрі тобын артта қалдырмауға тырысады.

Математикалық ойындар өте көп. Соның бірі «Керісінше орында» ойыны баланың ойлау қабілетін дамытады. Ойында нәтижесінен бастап амалдар керісінше орындалып , белгісіз санды табады.

«Ортақ нәтижесін тап» ойынында екі өрнекке ортақ нәтижені табады. Бұл ойын баланың төрт амалды меңгеруіне ықпал етеді

19-15 60-40 9*9 2*2
5*4
16:4 4
35+46

«Жалғастыр» ойынында заңдылығын анықтайды, яғни мәнін қолдана отырып, өрнек құруды жалғастырады.

8-5 ? 12:2 ?
3+5 3*4 ?

Қазақ тілінен жүргізілетін «Сиқырлы сөз» ойынында екі сөздің буынынан бір жаңа сөз құрайды.

мақта шар Тана
Дала Дана
Сырға сырмақ

«Толықтыр» ойынында бірінші буынның соңғы әрпін тауып ,екінші буынды өзі толықтырып сөз құрайды.

Қ л й буын Жаңа сөз
Қо.. + шы Қойшы
Та..
Жа..

Есімдік тақырыбына «Сөз ішінен сөз құра» ойыны тиімді.

Болат- ол Сәрсенбі- сен Мекеменің- менің Өскемен –мен

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.