Жаңа сабақтар

Әбзейтова Эльмира Сұлтанқұлқызы

Түркістан облысы, Кентау қаласы, Әл-Фараби атындағы № 14 мектеп-гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі Әбзейтова Эльмира Сұлтанқұлқызы

Сабақтың тақырыбы: Мал шаруашылығы
Мақсаты: 1. Оқушыларға мал шаруашылығының дамуы, пайдасы туралы түсінік беру.
2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды төрт түлікті құрметтеуге, оның пайдасын білуге, бағалауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, кестелер Түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, топтастыру, әңгіме
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық
Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр, ұстаздарға өз қошеметімізді білдірейік.
Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Барша адамды құрметтеп,
Иілеміз біз.
2. Үй тапсырмасы: Берілген мәтін бойынша оқушылардан мазмұнын сұрау.
1 слайд. Ғарышкерлер суреттері
— Балалар, мен сендерге ғарышкерлер мен ұшқыш туралы мәліметтер жинастырып келуге тапсырма берілген.
-Кәне, кім айтып береді екен?
— Оқушылар тапсырманы айтады, тақта алдына шығып көрсетеді.
2 слайд Ұшқыш Талғат Бегелдинов суреті. Қысқаша мәлімет береді.Оқушы.
3 слайд. Ұшақ суреттерін көрсету.
-Кәне, кім маған Серіктің ағасының шағын ұшағын тауып береді екен?
(Тақтадан келіп көрсетеді.Бір оқушы.)
-Ол қандай қызмет атқарады?
-Шаруашылықтарға қандай пайдасы бар?
-Қандай шаруашылықтармен таныстық еске түсірейік?
(Оқушылар айтқандары бойынша топтастыру.)
4 слайд Топтастыру.
бақ пен жүзім шаруашылығы
егіншілік балық шаруашылығы

мақта шаруашылығы бақша мал шаруашылығы
шаруашылығы
-Қандай шаруашылықпен танысқан жоқпыз?
-Мал шаруашылығы.
-Олай болса, балалар біз бүгін мал шаруашылығымен танысамыз.
Дәптерімізді ашып күнді, тақырыпты жазып қояйық.
Жаңа сабақ: 5 слайд.
-Мал шаруашылығы дегенді қалай түсінесіңдер?
-Мал шаруашылығының адамдарға қандай пайдасы бар?
-Олардан қандай өнім түрлерін алады?
-Төрт түлікпен айналысатын қандай шаруашылық?
6слайд. Малдардың суреттері тұрады.
Мұғалім сөзі: Балалар, «Малы бардың-жаны бар.», деген халық нақыл сөздерінен-ақ. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде төрт түлік малдың ерекше орын алатынын түсінуге болады. Қазақ халқы ежелден-ақ мал шаруашылығымен айналысқан. Мал шаруашылығы дегенде оған жататындар қой, сиыр, жылқы, түйе шаруашылықтары жатады. Біздің жерімізде үй жануарларын өсіруге қажетті жағдайлардың бәрі бар. Шүйгін шөп, су, жайлымдық жерлер жеткілікті. Үй жануарлары ең алдымен тамақ өнімдерімен қамтамасыз етеді. Ал жүн, түбіт, теріден дайын бұйым киім-кешек дайындауға болады. Олар жеңіл өнеркәсіпке қажетті шикізат болып табылады.
7 слайд. Қазіргі уақытта ел басымыздың қолдауымен мал шаруашылығына көңіл бөлуде.
Бүгінде сол жоспар бүкіл елімізде жүзеге асырылып жатыр. «Сыбаға» бағдарламасы жұмыс жүргізілуде. Біздің Осакаровка ауданында мал шаруашылығымен сүт өнімдерін өндіретін шаруашылықтар бар. Ол өнімдерді күнделікті тұрмыста пайдаланамыз. Міне, слайдта Мирный совхозында өндірілетін сүт өнімдері.Мал шаруашылығы-еліміздің басты саласы екеніне көз жеткізді.
Оқулықпен жұмыс.
-Оқулықтағы мал шаруашылығына берілген мәтінді тізбектеп оқыту.
8 слайд. Жайлымдық жерлерді слайд арқылы көрсете кету.
Сергіту сәті.Ненің суреті?
Дәптермен жұмыс
еттен және сүттен жасалатын тағам түрлерін жазу.
тұшпара ірімшік
қуырдақ қаймақ
манта айран
ет құрт
Жазғандарын оқушыларға оқыту. 10 слайд Мал шаруашылығының мамандарын қалай атайтынын білесіңдер ме?Олар мал дәрігері, зоотехник, қойшы, жылқышы т.б.-Қандай еңбектері бар?
Қорытындылау: -Бүгінгі сабақта қандай шаруашылықпен таныстық?
Төрт түліктің қандай пайдасы бар?
Сонымен мал шаруашылығына нелер жатады?
-Мал шаруашылығының пайдасы?
Үйге : Мәтінді оқу Бағалау.


ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАР ҮШІН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Ы.Алтынсарин атындағы
мектеп-гимназиясы базасындағы бастауыш сынып мұғалімі
Ахметжанова Нургуль Зекенкызы. І деңгейлі сертификатталған мұғалім,

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп, өркендеуі, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжирибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігі қашан да анық.
Бастауыш мектеп-оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да жауапты іс. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтердің іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазіргі заманның талабына сай болу және жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтердің алдында тұрған мәселелерді шешу негізгі мақсат болып табылады., олар баланы оқи білуге үйрету, баланы ойлауға үйрету, баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау. Осыған орай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер үстінде.
Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылуда. Соның бірі «Қалыптастырушы бағалауды бастауыш сыныпта топтық жұмыста тиімді пайдалану» технологиясын басшылыққа алдым. Бұл бағдарламада мені қызықтырғаны, баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс, бұл-оқушының білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. Оқушы өзін бақылап, өзінің әрекет-тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады. Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі керек. Александердің (2001) «Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез — келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай — ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін — өзі бағалау, қабілеттілік және күш — жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады» деген пікіріне сүйене отырып, мұғалімдер арасында да коучинг сессиясын өткіздім.
Мен үшін маңыздылығы. Оқушылар критерийлер құрып, өзін — өзі, өзара бағалай алмайды, суммативті бағаны біз өзіміз қоямыз. Бұл — баланың дамуына, біреудің жұмысына өзіне, өзгеге сыни көзқараспен қарап, ол туралы өз пікірін білдіруіне кері әсерін тигізетінін түсіндім.
Мектеп үшін маңыздылығы. Мектептің әдістемелік тақырыбы «Жеке тұлғаны қалыптастырып, дамытуда жаңа технологияның тиімділігі». Сыныптағы оқу мен оқытуды жақсарту барысында критериалды бағалауды сабақта қолдануды игерту.
Мұғалімдер үшін маңызы. Дәстүрлі сабақтарда формативті, суммативті бағалаудың түрлерін пайдаланып жүрсек те, ерекшеліктерін, бір — бірінен айырмашылықтарын білмеу.
Модуль мұғалімдерге:
Бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге;
Бағалау түрлерінің бара-бар мақсаттарын анықтауға және негіздеуге;
Әрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын жақсарта алатынын және жақсарта алмайтынын түсінуге көмектеседі.
Қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненттерінің бір түрі- өзін-өзі бағалау және өзара бағалау. Өзін-өзі бағалау өзіне-өзі баға қою деген сөз емес, бірақ бағалау қызметімен байланысты бағалау әрекетінің бір түрі. Өзін-өзі бағалаудың алгоритмі мынадай: 1.Тапсырманы орындауда нені жасау қажет? 2.Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателіктер жіберді ме? 3.оқушы тапсырманы толығымен жеке орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме? 4. Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды? Тұжырымдаманы түйіндей келсек, формативті бағалаудың өзіндік ерекшеліктерін көрсетуге болады. Формативті бағалау қалыптастырушы, яғни күнделікті бағалау, оқыту үшін бағалау, олқылықтарды түзеу.

Қалыптастырушы бағалау- білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейіне қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына баса назар аударту болып табылады. Бұл жерде мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы қажет, мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, бұл үдеріске оқушылар да белсенді қатысуы керек талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет етеді. Аталған тұжырым оқыту мен оқу тәжірибесі үшін өте маңызды да, өзекті.


Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.