Жаңа сабақтар

Мығымбаева Мақпал Мешітбекқызы

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Сырдария аграрлы техникалық

колледжінің информатика пәні мұғалімі Мығымбаева Мақпал Мешітбекқызы

Пән атауы: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару

Сабақтың мақсаты: Екілік арифметикамен танысу

Сабақтың міндеттері: — екілік сандармен арифметикалық амалдар жүргізуді үйрену;

  • екілік санау жүйесінде сандар жазу ережесін меңгерту;
  • есептер құрастыра білуге баулу.

Қолданылған модульдер: «АКТ», «Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер», «Оқуды басқару және көшбасшылық», « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету».

Стратегиялық іс-әрекеттер: «Миға шабуыл», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», «Стикерлермен диалог», «Формативті тест», «Критериалды бағалау»

Уақыт өлшемі Жоспар мазмұны Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Ресурстар
5 мин. Кіріспе

Сыныпта психологиялық ахуал тудыру

«Жылы лебіз» тренингін жүргізу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі.

Орындарынан тұрғызып шеңбер құрғызып, жақсы тілектерін айтқызады.Оқушылардың назарын сабаққа аударады.

Оқушылар бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Оқушылар сабаққа дайын екендігін көрсетеді.

Тұсаукесер
5 мин. Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасын Excel арқылы 5 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын орындау.

Excel арқылы үй тапсырмасына байланысты тест жұмысын орындатады.

Бірден компьютерден тест жұмысының нәтижесі көрсетіледі.

Excel құралдары арқылы тест тапсымалары жауап береді. Excel ,

Тест тапсырмалары

3 мин. Топқа бөлу

Оқушылар тест тапсырмасын орындау барысында оқушылардың алдарына қағаз тастау. Олар: желі, қоржын, бастау. Осы жазу бойынша топтарға бөлінеді.

топтарға бөледі. атауларға байланысты шағын топтарға бөлінеді. Қима қағаздар, тест үлгілері
2 мин.

20 мин.

2 мин.

2 мин.

Тұсаукесер

«Миға шабуыл» стратегиясы

Бүгін біз үй тапсырмасын тексеру барысында орындаған тест тапсырмамызда сұрақтар қандай ОЖ болды?

Негізгі бөлім

Жаңа сабақ Ендеше, бүгінгі сабағымыз «Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару» тақырыбына жұмыс жасаймыз

«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясы

Сергіту сәті

«Қара жорға» биі

Тапсырамалар:

2. Топтарға түстер бойынша конвертке салынған тапсырмалар беріледі.

1топ

Жұмыс үстелдің деген не? Ол неге олай аталған деп ойлайсыңдар?

Әдетте Жұмыс үстелінде қандай элементтер орналасады?

Есептер тақтасы қайда орналасқан?, қызметі не?

2 топ

Бастау батырмасы не үшін керек?

Бас мәзір қайда орналасқан?

Бас мәзірде қандай бұйрықтар орналасқан? Олардың қызметін сипаттаңдар

3 топ

Тілдер тақтасы не үшін керек?

Тілдер тақтасындағы тілдерді өзгертуге бола ма?

Шағын топ мүшелері конверттермен өзара алмасып, тексеру парағы арқылы бағалау әрекетін жүзеге асырады.

ОЖға байланысты тақырып мазмұнын анықтайтын сұрақ қояды.

Оқушы пікірі мен танымын анықтай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстырады.

«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясы арқылы ОЖге негізінде тапсырма береді.

ОЖді орындауға байланысты тапсырмалар береді.

«Қара жорға» биін билетеді.

Шағын топтар ішінде тапсырмалар конверттерін бағалау үшін алмастыруды ұсынды.

Оқушылар сұраққа жауап беріп сұрақтар ОЖге қатысты болғанын анықтайды.Жаңа сабақ тақырыбымен танысады.

Оқушылар тақтадан ОЖді кестелерін дәптерлеріне жаза отырып, тапсырмаларды орындайды.

Топ басшылары топ атауына сәйкес конвертті алып, тапсырмаларды орындайды.

«Қара жорға» биін билейді

Оқушылар тапсырмаларды орындап конвертке салып басқа топтармен тексеру үшін алмасады.

Оқушылар конверттегі бағалау парағына тақтадан тексеру парағы арқылы әрбір топ жұмысын бағалайды.

Флипчарт

Интерактивті тақта, тұсаукесер

Конверт, таратпа материалдар

«Қара жорға» клипі,

бағалау парақтары

3 мин. Қорытынды

Рефлексия— Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдыңыздар?

Оқушылардың сабақтың соңында қандай сезімде болғанын анықтайды. Стикерге көңіл-күйлерін білдіреді, жазады әрі тиісті бұлтқа жабыстырады. Бұлттар салынған қағаздар, стикерлер
2 мин Бағалау (Бағалау парағы) Бағалау парақтары арқылы топтарды бағалайды. Топтар бағалау парағы және шығарған есептеріне сәйкес бағаланады. Бағалау парақтары
2 мин. Үйге тапсырма4-тақырыпты оқу, 3-тапсырманың 1, 2 жаттығуын орындату. Үйге тапсырма беру Үйге берілген тапсырманы күнделікке жазады… Тұсаукесер
Дарынды және талантты балаларға тапсырма

Есептер тақтасының қасиеттерін баптау мүмкіндіктері туралы әңгіме жазып келу.

Дарынды және талантты балаларға қосымша кеңейтілген тапсырма беріледі. Тұсаукесер дайындайды

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.