Нуртазаева Базаргуль Ахметсадыковна
Нұрсұлтан қаласы «№ 22 мектеп-гимназиясы» КММ
Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Нуртазаева Базаргуль Ахметсадыковна
| Сабақтың тақырыбы:
Бұл – қандай белгі? |
Мұғалімнің аты-жөні: Нуртазаева Б.А.
Күні: 09.04.19ж |
||||||||||||
| Сынып: 4 «А» | Қатысқан оқушылар саны: 14 | Қатыспаған оқушылар саны: | |||||||||||
| Сабақтың түрі | Дәстүрлі емес | ||||||||||||
| Сабақтың типі | Жарыс сабақ | ||||||||||||
| Сабақтың мақсаты | Жол белгілерін шатастырмай білуге дағдыландыру. | ||||||||||||
| Сабақтың міндеттері |
|
||||||||||||
| Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
||||||||||||
| Тілдік құзіреттілік | Жол белгілері, абайла, болмайды, жаяу жүргінші, бағдаршам. | ||||||||||||
| Ресурстар | АКТ (Ақпараттық-Компьютерлік Технология), интерактивті тақта, мультфильм, презентация, суреттер, топқа бөлуге арналған дөңгелекшелер,топтық тапсырмалар, кері байланыс, бағалау стикерлері. | ||||||||||||
| Әдіс-тәсілдер | «Джигсо» әдісі, көрнекілік, сұрақ-жауап, викториналық сұрақтар, ойын, Рефлексия. | ||||||||||||
| Пәнаралық байланыс | Орыс тілі, жолда жүру ережесі, өмірмен байланыс | ||||||||||||
| Сабақтың жоспары | |||||||||||||
| Жоспар-ланған уақыт | Мұғалімнің әрекеті: | Оқушының әрекеті | |||||||||||
| І.Бастап-қы бөлім
(2 минут) |
Ұйымдастыру кезеңі (1 минут)
Психологиялық ахуал қалыптастыру: (1 минут) «Шаттық шеңбері» Күнде бірге ойнаймыз. Әр сабақта Ақылменен ойлаймыз. Топтарға бөлу. «Джигсо» әдісімен бағдаршам түстері бойынша топқа бөліну. |
Оқушылар қызыл,сары,жасыл дөңгелекше бойынша топтарға бөлінеді:
1-топ: қызыл 2-топ: сары 3-топ: жасыл |
|||||||||||
| ІІ.Негізгі бөлім
(23 минут) |
А) Тыңдалым.
(2 мин) Ә) Айтылым.Жеке жұмыс. – Кім көп біледі екен? (әр дұрыс жауапқа 1 жетон) Викториналық сұрақтар: (3мин)
|
Оқушылар жол белгілерін еске түсіріп, тыңдайды.
Тыңдайды, ойланады, жауап береді, жетон алады. |
|||||||||||
| Негізгі бөлім | Б) Оқылым. Жұптық жұмыс (3 мин)
«Қай жұп жылдам?» Оқы, ойлан, әр белгіні тауып айт және аудар.(3 топқа да карточка) Кіругеболмайдыжолжұмыстарытоқтауғаболмайдыжолбержаяужүргіншілерөткелі |
Жұбымен ақылдасады, ажыратады, оқиды, аударады. | |||||||||||
| Сергіту сәті
(2 минут кіріп тұр) |
В) «Кім сергек?» ойыны. Шарты:
«Қызыл» дегенде – қолдарын көтеріп, шапалақтайды. «Сары» дегенде – оңға 1, солға 1 иіледі. «Жасыл» дегенде – оң және сол аяғын кезек көтеріп, орнында жүреді. |
Мұқият тыңдайды, қимылдарды орындайды. | |||||||||||
| Негізгі бөлім | Г) Жазылым. Топтық жұмыс (13мин)
(А4 параққа орындап, тақтаға іледі, қорғайды) «Қызылдар» тобы. Тәуелде: белгі (3мин) «Сарылар» тобы. Септе: жол (7мин) «Жасылдар» тобы. Жікте: жаяу жүргінші (3мин) |
Тобымен ақылдасады, жазады, тақтаға іліп, қорғайды. | |||||||||||
| ІІІ.Қоры-тынды бөлім
(барлығы 15 минут: 12мин+3мин) |
Сабақты бекіту.
Жол белгілерін сәйкестендір: (12мин. Әр топқа 4минуттан)
|
Тобымен ақылдасып, сызықшамен сәйкестендіреді. Тақтаға іліп, қорғайды. | |||||||||||
| Бағалау
(2 минут) Кері байланыс (1 минут) |
Оқушылар білімін жинаған смайлик-стикер арқылы бағалау.
5 стикер – «5» 4 стикер – «4» 3 және одан аз стикер – «3» Рефлексия «Бағдаршам» (1мин) |
Әр топ басшысы топ мүшелеріне берген стикер санына қарап, мұғалім бағалайды.
Оқушылар сабақты смайликтердің қимылын көрсетіп, бағалайды. |
|||||||||||
