Әли Гүлзипа Орынбекқызы
Нұрсұлтан қаласы «№ 22 мектеп-гимназиясы» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Әли Гүлзипа Орынбекқызы
Сабақ тақырыбы: Табиғат құбылыстары.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
| Мектеп: | 22 мектеп-гимназия | ||||||||
| Мұғалімнің аты-жөні: | Әли Гүлзипа Орынбекқызы | ||||||||
| Күні: | 15.10.2019 | ||||||||
| Пән/Сынып: | 4 | ||||||||
| Қатысқаны/қатыспағаны: | 15/- | ||||||||
| Тарау немесе бөлім атауы: | Қоршаған орта | ||||||||
| Сабақтың тақырыбы: | Табиғат құбылыстары | ||||||||
| Оқу мақсаты: | 4.1.1.1анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру | ||||||||
| Сабақ мақсаты: | 4.1.1.1 Табиғат құбылыстары мәтініндегі анық айтылған сөзді тыңдап , қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру | ||||||||
| Тілдік мақсаты: | Құбылыс, тазалық, қорғау, бағалау, найзағай, бұршақ, кемпірқосақ, жел, боран | ||||||||
| Құндылықтарға баулу: | Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік | ||||||||
| Тақырып бойынша алдыңғы білім: | Мамандық әлемі | ||||||||
| Саралап оқыту тапсырмалары | |||||||||
| Топтық жұмыс | Жұптық жұмыс | Жеке жұмыс | |||||||
| 1-тапсырма:
Аудиовизуалды мәтінді мұқият тыңдай отырып, мәтіннен тірек сөздерді табу |
1-тапсырма:
Қиылып берілген суреттерді ,тірек сөздерді пайдаланып диалог құрастыру |
1-тапсырма:
Видеороликті көре отырып, мұқият тыңдау, табиғат құбылыстары жайлы сұрақтар құру |
|||||||
| Аудиовизуалды мәтінді мұқият тыңдай отырып, мәтіннен тірек сөздерді таба алады | Қиылып берілген суреттерді , тірек сөздерді пайдаланып диалог құрастыра алады | Видеороликті көре отырып, мұқият тыңдау, табиғат құбылыстары жайлы сұрақтар құрастыра алады | |||||||
| Уақыты | Кезеңдері | Тапсырма және әдіс | Тапсырманың мақсаты | Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не? | Бағалау | Ресурстар | |||
| 2 мин | Ұйымдастырукезеңі | Ынтымақтастық ортасын құру.
Мұғалім«шаттықшеңберін»құрғызып,ынтымақтастық ат мосферасын орнату үшін оқушыларға: — Балалар, сендер қарым-қатынасбарысындабір-бірінеқандайжақсысөздер айтасыңдар?-деп сұрайды. Қайырлы күн, көздерім! Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды). Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды). Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды). Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу). Мен ояндым!. (Күлімсіреп, мұғалімге қолдарын созады) /оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, жылы сөздер айтады/ |
Сабаққа деген қызығушылығын ояту | Бір-біріне деген мейірімділігін байқайды
Қарым-қатынасын бақылайды |
|||||
| 2 мин | Үй тапсырмасын тексеру | Септік /жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін ауызша тілде қолдану
«Өрмекшінің өрмегі»әдісі бойыншатексеремін |
Өткен тақырыпты пысықтау | Тапсырманы мұқият орындағанын байқау | Жұлдызша арқылы бағалау | ||||
| 3 мин | Топтастыру | Табиғат құбылыстарына байланысты суреттер таратылады сол арқылы бөлінеді(жаңбырдың,қардың, найзағайдың суреттері) | Топтастыру | Дұрыс топтасуын бақылау | суреттер | ||||
| 3 мин | Тақырыпты ашу | «Кластер әдісі»арқылы тақырыпты ашамын | Ой қозғау | Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін бақылау | Қ\Б: «Қолдау, қолпаштау» әдісі | Сурет, маркер, | |||
| 2 мин | Жаңа сабаққа кіріспе | Сөздікпен жұмыс
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру |
Жаңа сөздердің мағынасын түсіну | Жаңа сөэдердің мағынасын дұрыс түсініп,қолдануын бақылау | Қ\Б: «Қолдау, қолпаштау» әдісі | Суреттер | |||
| 10 мин | Топтық жұмыс | Аудиовизуалды мәтінді мұқият тыңдай отырып, мәтіннен тірек сөздерді табады
«Сұраққа жету» әдісі арқылы сұрақтар құрастырады Қыс мезгілінде қалай өзгереді? Көктем мен күз мезгілінің өзгерістерін салыстыр Абай жаз мезгілін қалай суреттейді? |
Тыңдау дағдысын дамыту | Тыңдау дағдысын бақылау | аудиожазба | ||||
| 7 мин | Жұптық жұмыс | «Суреттер сөйлейді әдісі» бойынша
Қиылып берілген суреттерді , тірек сөздерді пайдаланып диалог құрастыру |
Диалог құруда тірек сөздерді дұрыс қолдануын дамыту | Ауызекі тілдерін бақылау, бағыттау | керемет
толықтыр ойлан |
Суреттер, смайлик | |||
| 7 мин | Жеке жұмыс | «Сұрақ ілмегі» әдісі
Видеороликті көре отырып, мұқият тыңдау, табиғат құбылыстары жайлы сұрақтар құру |
Тыңдау, көру дағдысын дамыту | Сөйлеу қабілеттерін бақылау | Қ\Б: «Қолдау, қолпаштау» әдісі | Видеоролик, қағаз, маркер | |||
| 2 мин | Үй тапсырмасы | Табиғат құбылыстары жайлы монолог құрастыр | Жаңа тақырып бойынша тыңдалым дағдысын бекіту | Сөйлемдердің дұрыс құрылуы мен жазылуын, нақтылығын бақылау | әдебиет | ||||
| 2 мин | Кері байланыс | -Мен бүгін …….. білдім.
-Мен бүгін …… үйрендім. -Маған ……. қиын болды |
Бүгінгі сабақта алған білімдерінің
қаншалықты түсінгенін бақылау |
Интерактивті тақта | |||||
| Сабақтан кейінгі ойланатын сұрақтар: | |||||||||
| Не сәтті болды? | |||||||||
| Не сәтті болмады? | |||||||||
| Нені жақсартуға болады? | |||||||||
| Мен өз дағдыларымды нені дамыта алдым? | |||||||||
| Нені өзгертуге болады? | |||||||||
Жеке жұмыс
Критерий:
Видеороликті көре отырып, мұқият тыңдау, табиғат құбылыстарын анықтау , сұрақтар құру
Дескриптор:
-
Табиғат құбылыстарын анықтайды
-
Түрлі сұрақтар құрастыра алады
