BAQ-SEMINAR

Ақпарат тарату қалай жасалады

Ақпарат тарату қалай жасауға болады (Сабақ практикум):
Материалда мысал ретінде Whatsapp желісі және Ұстаздарға арналған ақпараттарды тарату туралы жазылды. Жазылған ақпараттарды Whatsapp, FB, Instagram желілерінде де пайдалануға болады.

  1. Таратылатын ақпарат сенімді және нақты болуы тиіс. Жалған немесе өтірік ақпарат тарату ҚР Заң аясында құқықтық жауапкершілігі бар екенін естен шығармаңыз. Ақпарат таратуда ресми хабарламадан қарағанда өзіңіз құрастырған оригинал хабарлар оқырманға жағымды болады. Редакцияның ұзақ және толтырып жазған хабарламасын тек қана көшіріп таратпай, өзіңіз түсінгендей етіп, қысқа, нұсқа және тартымды хабарландыру әзірлеңіз.
  2. Өзіңіздің аудиторияңызды жасаңыз. Яғни, әлеуметтік желілер арқылы өзіңіз ақпарат тарататын және сол ақпаратты оқитын, түсінетін аудитория болуы керек. Сол аудитория Сіз жариялаған ақпаратты оқып түсінеді және Сізге сұрақ қойып кері байланыс орнайды.
  3. Whatsapp статусқа хабарландыру жариялау туралы. Бұл байланыс түрі тиімдігі 10% ғана ақпарат тарату жағдайына есептеледі. Негізінен, ватцап статустарды көптеген адамдар тез ғана оқып өтеді және көп мән бермейді. Ватцап статусқа ең тиімді хабарландыру фото жариялау болып есептеледі.
  4. Телефондағы көптеген жеке топтарға да ақпарат жариялау тиімсіз. Ол топтар Туыстар, Класстастар т.б болып аталады және негізінен жеке өмірдегі қарым-қатынаста пайдаланылады. Ол жерге ұстаздарға қатысты ақпаратты жариялау тіпті мағынасыз. Тілші-2019 тапсырмаларын орындау кезінде ақпаратты таратылды деп сондай топтарға жарияланған скриншоттар редакцияға келді.
  5. Әріптестерге хабарландыруды рассылка жасау. Ватцапта тек қана группалар емес, рассылка да жасауға болады. Рассылка ерекшелігі әрбір ақпарат жеке адамға жазылған хат ретінде барады. Жеке өзіне хат келген соң міндетті түрде жауап аласыз.

Құрметті Ұстаздар! Осы ақпаратты оқып таныс болыңыздар! Өзіңіз күнделікті практикада қолданып көріңіздер.

Алдағы уақытта, ақпаратты түрлендіру тақырыбында сабақ практикум материалы жарияланады.

Ақпарат тарату қалай жасалады: 1 комментарий

  1. Уведомление: Ақпарат тарату

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.