Супугалиева Нурзила Дайынқызы
Атырау облысы, Индер ауданы, «С. Сейфуллин» атындағы
орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Супугалиева Нурзила Дайынқызы
Сабақ тақырыбы: «Елімнің туын желбіреткен отандастарым»
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Менің Отаным – Қазақстан
Күні: 27 09 |
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||||
| Сынып: 4 | Қатысқандар16
Қатыспағандар саны: 0 |
|||||
| Сабақтақырыбы | Елімнің туын желбіреткен отандастарым | |||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.4 Берілген тақырып бойынша мәтін құрау | |||||
| Сабақ мақсаттары | 4.1.4.1 өз бетінше жоспар құрып, тірек сөздерге сүйене отырып монолог айту | |||||
| Сөздік қор | Байрақ, мақтаныш, қаһарман | |||||
| Бағалау критерийі | Тақырыпқа тыңдарманды қызықтыруын бағалау | |||||
| Құндылықтарды дарыту | қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік; | |||||
| Пәнаралық
байланыстар |
Дүниетану, өнер | |||||
| Алдыңғы меңгерілген білім | Ел нышандары- ел мақтанышы | |||||
| Сабақ барысы | ||||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
| Сабақтың басы
2 минут 3 минут 3 минут 5 минут 2 минут |
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру. Психологиялық сәт: ІІІ. Өткенді қайталау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. «Түсін мені» ойыны Оқушылар карточкалар алады. Карточкада толағай, Еліміздің Байрағы, ұлттық киім, бокс деген жасырулы сөздер болады. Балалар сол карточкадағы сөздерді оқып, сөздерді атамай, сипаттау керек. Қалғандары қандай сөз жазылғанын анықтауы керек. Ым-ишара қолдануға болады.
Оқушылар «толағай» сөзіне ассоциациялық карта жасайды. ІV. Ой шақыру. -Балалар , сендер қалай ойлайсыңдар, Қазақстанның туы қай кезде желбіреп көкке көтеріледі? -Дұрыс айтасыңдар. Әнұран ойнаған кезде, олимпиада жеңімпаздарын марапттау кезінде желбіреп, көкке көтеріледі екен. |
|||||
| Сабақтың ортасы
10 минут 8 минут 5 минут |
V. Жаңа сабақты меңгерту. Топтық жұмыс: бейнежазбаны көрместен бұрын, тапсырманы беріп алу керек. 1-топ: Осы тамашалап көрген мультфильмдегі балаға мінездеме жазады.. 2-топ: Осы көрген мультфильм бойынша жоспар құрады. 3-топ: Осы көрген мультфильмді жүйелі түрде бірінің ойын жалғастырып, әңгімелеп береді. 4-топ: бейне жазба бойынша 4 сұрақ құрастарды. (сұрақтары 2-қарапайым, 2 күрделі сұрақ болуы тиіс) Еліміздің туы жайлы4 сөйлем жазу. Сөйлемдерінде бірыңғай сөйлем мүшесі болуы керек. (К) Оқушылар назарына «Көк ту және оның достары» атты мультфильм ұсынылады. «Стоп кадр» әдісі арқылы оқушылардан оқиға қалайша өрбитінін сұрап болжау жасату. VІ. Мәтінмен жұмыс Еліміздің қаһарманы Еліміздің абыройын асқақтатып жүрген кәсіпқой боксшы отандастарымыз көп емес. Қазіргі таңда қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің аяқ алысы жақсы қарқын алған. Рингте талай рет көк туымызды желбіреткен боксшымыз туралы тоқталып кетпекпіз. Кәсіпқой бокс дегенде Қазақстан xалқы ең бірінші Геннадий баурымызды тілге тиек етері айдан анық. Бокста өзінің ерекше стилін қалыптастырған, еліміздің мақтанышы — GGG . Оның кездесуін асыға күтетіндер саны да көп. Осы күнге дейін 35 кездесу өткізіп, оның біреуінен де жеңіліп көрмеген Геннадий Головкиннің жекпе-жегінің мәнеріне бүкіл әлем тәнті. Ұлттық нақыштағы шапанды жамыла шығатын, рингте атойлап кетуді әдетке айналдырған. Сан қырынан танылып жүрген Геннадиді жаңа құбылыс ретінде танып жатқандары да бар. GGG сөз жоқ біздің маңдайымызға біткен мықты боксшымыз. Шетелде жүрсе де елім, жерім деп жүретін азаматтарымыздың бірі. Ол өзі әрқашан еліміздің туын желбіретіп, көкке көтерген кезде оның бойында мақтаныш сезім пайда болады. Геннадий Головкинге алдағы уақыттардағы маңызды кездесулерінде сәттілік тілейміз. Мәтіндегі жаңа сөздерді үш тілде айтып өту. Толағай – чемпион – champion Байрақ – флаг – flag Кәсіпқой – профессионал – professional Мақтаныш – гордость – pride Менің ойымша, ……….. Ж. Оқушыларға карточка таратылып беріледі. Оқушылар сөйлем ішіндегі сөздерді дұрыс орналастырып, сөйлемдер құрап жазады. Мәтінге ат қою.
Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау. Дескриптор: Сөйлемді дұрыс құрастыру; |
Көк ту және достар қазақша мультфильм | ||||
| Сабақтың соңы
2 минут |
Рефлексия
Қарастырылған мәліметтер бойынша қорытынды жасаңдар. «Телеграмма» Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы мұғалімге, ата-анасына, достарына арнап жазулары керек. Өздерін бағалау Үй жұмысы:Интернет желісінен еліміздің толағайлары туралы ақпарат тауып келу. |
|||||
| Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
| Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау. Қабілеттері әр түрлі оқушыларды топтастырып жұмыс жасату. . | Тақырыпқа тыңдарманды қызықтыруын бағалау | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||
| Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
||||||
| Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
||||||
