«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»

Атырау облысы, Атырау қаласы, Боран Нысанбаев атындағы

орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Есалиева Айнагүл Оңғарбайқызы

Тақырыбы: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан-жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Жүру барысы:

Құрметті қонақтар, оқушылар. Бұл ойы жүйрік өрендердің білімін сынайтын білім сайысы. Бүгінгі сайысқа «Қыран» тобы «Сұңқар » тобы «Тұлпар» тобы қатысқалы отыр.

«Ақыл – азбайтын тон, білім –таусылмайтынкен» – олай болса ақылды өрендердің сайысын бастайық. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» атты білім сайысы бірнеше кезеңдерден тұрады:

  1. «Кім жылдам» /жұмбақ есептер/
  2. «Ойлы болсаң озып көр» /Тест сұрағына жауап береді/
  3. «Сандар сөйлейді» / Мақалдың жартысын табу/
  4. «Ойлан, тап» /Логикалық сұрақтар/

Әділқазы алқасын сайлау.

Таныстыру. Әр топ ұрандарын айтады.

  1. «Кім жылдам?» Жұмбақ есептер

Шабыт шалқып, тасысын

Көңілді кеш жасайық.

Мұнда қызық табылар

Жұмбақ есеп бәрі бар.

Ендеше сайысымыздың 1-ші бөлімі «Кім жылдам?» жұмбақ есептерге беріледі.

  1. Екі түйе, төрт жылқы,

Екі сиыр, үш ешкі.

Екі қоян, төрт түлкі,

Таба алмасаң бол күлкі. (17)

  1. Жайылып жүр сегіз лақ,

Үшеуі оның егіз лақ.

Есептеуге сен шебер

Бала болғың келсе егер,

Сегіз лақтың енесін,

Тез есептеп бересің. (5)

  1. Түйе, бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрі нешеу айта ғой? (17)

  1. Аулада бес үйрек,

Қорада үш үйрек,

Бір үйрек тығылды

Бір үйрек жығылды

Қалғаны неше үйрек? (6)

  1. Маймылдың 3 баласы

Дүкен жаққа сабылды

Әрқайсысына оқитын,

5 кітаптан алынды.

Тек ақымақ маймылдар,

Дұрыс санай алмады.

Неше кітап көмектес,

Маймылдардың алғаны? ( 3×5=15)

2. «Ойлы болсаң озып көр» /Тест сұрағына жауап береді/

  1. Теңдеуді шеш: 720 : а = 9

А. 8

Ә. 80

Б. 800

  1. Бақшаны суару үшін ағасы 12 шелек, ал қарындасы одан 2есе аз су әкелді. Қарындасы мен ағасы барлығы неше шелек су әкелді?

А. 18 ш.

Ә. 6 ш.

Б. 10 ш.

  1. Өрнектің мәнін тап: (40 + 56) : 8

А. 5

Ә. 7

Б. 12

  1. Ауданы 81см2 болатын шаршының қабырғасының ұзындығын тап?

А. 7см

Ә. 8см

Б. 9см

  1. Суретте неше тіктөртбұрыш бар?

А. 9

Ә. 8

Б. 7

  1. «Сандар сөйлейді» / Мақалдың жартысын табу/
  1. Жүз теңгең болғанша, (жүз досың болсын)
  2. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарар)

  3. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

  4. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, ( төртеу түгел болса төбедегі келеді)

  5. Жеті рет өлше, (бір рет кес)

  6. Жігітке (жетпіс) өнер де аз.

  7. Мыңның түсін танығанша (Бірдің атын біл.)

  8. Ағайын алтау, ана (біреу.)

  9. Жүзден жүйрік. (Мыңнан тұлпар)

  10. Айла алтау, (ақыл жетеу)

  11. Жеті қарақшыны таныған (жеті күнде адаспас)

12.Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі ілім біл)

  1. Бір кісі қазған құдықтан, (отыз кісі су ішер)
  • Досыңды үш күн сынама, ( үш жыл сына)

  • Жеті атасын білген ұл (жеті жұрттың қамын жер)

  • «Ойлан, тап» /Логикалық сұрақтар/

  • «Қыран» тобы

    1. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Жауабы: Жанат-ұзын
  • Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш

  • 3.Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4мысық

    «Сұңқар» тобы

    1. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үш адам
  • Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? Жауабы: екі сағат

  • 3.Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары

    «Тұлпар» тобы

    1. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: Егер оны мұз етіп қатырса
  • Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр? Жауабы: Бір мотоцикл

    1. Ер баланың ағалары жоқ, ал оның қарындасының сіңлісі қанша болса, сонша ағасы бар. Осы отбасында неше ер бала, неше қыз бала бар? Жауабы: 1 ұл 2қыз

    Қорытынды:

    • Сонымен балалар, бүгінгі білім сайысы өз мәресіне жетті. Бұл сайыстың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен тобымызды анықтау үшін әділқазыларға сөз кезегін берейік. Жеңімпаздарды мадақтау.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше