МАМАНДЫҒЫМ – ҰСТАЗДЫҚ
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Бірлік селосы
С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Иманғалиев Ұлан Өтешқалиұлы
Мектеп партасында отырғанда «Кім боласын?» деген сұрақтарды көп еститін едік. Сонда бала арманында шек бар ма? Қиялға батып кейде бірнеше тіпті ұқсамайтын мамандықтарды айтып, мәз болатынбыз. Мектепті бітіре сала жоғарғы оқу орнында дәл сен қалаған мамандық құшақ жая қарсы алардай көрінетін. Сөйтсек біз елемеген мәселелер көп екен. Тапсыратын емтихандар өзінше бір төбе, ал мамандық, оқу орнын таңдау бөлек әңгіме…
«Өмірде өз орныңды табу үшін маман болу керек», дегенді де естігенім бар. Содан болар жас түлек болып ұшарында «Мамандық таңдауда шатаспа», деп жатады. Қанатың қатаймай өмір жолында қандай да бір шешім қабылдау оңай емес екендігін мойындау керек. Өйткені балалық шағында сол мамандықтың тек қаймағына құштар болатының сөзсіз.
Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы.Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.
Сонымен бірге, олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері де бар.Ізгі мамандықтардың бірі – мұғалімдік дер едім. Ұстаз баланы оқытып-тәрбиелеп, елін көркейтер азамат етсе, адам жанының арашасы саналатын ақ халатты абзал жандар – дәрігер мамандығының ерекшелігі, олар ауырған жанның тәнін ғана емес, ішкі жан дүниесін де емдейді емес пе?!
Мамандық тандау – бұл өте маңызды іс. Өйткені біз өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Мамандықтың саны әр алуан: дәрігер, мұғалім, ұшқыш, есепші, аспаз, елші, қаржыгер, архитектор, механик, көлік жүргізуші, сазгер, ғарышкер және т.б. Бірақ бұларды байланыстыратын маңызды факт – бұлар бәрі халық үшін қызмет атқарады. Ал халық үшін қызмет көрсету маңызды мәселе. Түркі тілдес халықтың “жеті рет өлшеп, бір рет кес” деген нақыл сөзін ұран етіп, мамандықты дұрыс таңдауымыз керек. Мамандықты дұрыс таңдай білген адам: «Мамандығым – мақтанышым»- дей отыра, сол мамандықтың қыры мен сырын меңгеріп, шыңына жете білу керек.
Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын бала болмайды. Алғашқы кезде біздің ойымызда «Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықты қалай таңдауға болады?» деген сұрақ болды. Бірақ әркім өзі ұнатқан мамандығына оқуға түседі. Ал өз еркімен түспейтіндер менің ойымша өте аз. Менің таңдаған мамандығым – Мұғалім. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан.Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы – жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі “осы заманғы білім беру, парасатты экономиканың негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды пайдалану мамандарды дайындау сапасын көтеруге басты себеп болатын, инновациялық экономиканы дамыту”,-деп көрсеткен. Қазақстан Республикасының болашағы, сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметіндегі басымдықтары мен ұлттық мүдделерінің жүзеге асырылуы, халықаралық аренадағы беделінің өсуі, ұлттық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі, мемлекет алдындағы жоғарғы азаматтық жауапкершілікке ие мамандарға байланысты.
Мамандық иесі болу үшін алдымен білім мен қабілет қажет. Өйткені білім арқылы адамның қабілеттілігі артады, ал қабілеттілік білікті маман болуыңа өз үлесін тигізеді. Егеменді еліміздің ертеңі – болашақ маман иелері болу өз қолымызда екені дау тудырмайды. Бұл өмірде адамның тағдырын айқындайтын екі нәрсе бар: бірі – өмірлік жолдасы жары болса, екіншісі – мамандық. Мен өз мамандығымды және түсетін жоғары оқу орнымды 9-сыныпта таңдадым.
Менің мамандығым – мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастамасы.2012 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Тарих және филология» факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына мемлекеттік грантпен түсіп, 2016 жылы аталған мамандық бойынша ерекше дипломмен аяқтадым. Жоғарғы білімді маман атанып, өзім білім алған С.Имашев мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылдандым. Мектеп ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім. Мен өзіме өнеге болар ұстаздар қауымына қабылдану арқылы, баланың бойына ақыл – білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табуды, алаламай сүйе білуді үйрендім.
Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін – өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ойлаймын. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Маман ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым: баланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу.
Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Өзімнің алдағы 3-жылғы іс -тәжірибелік жұмысымның нәтижесінде оқушыларымның білім сапасының артуына, тәрбиелік жұмыс жобамның негізінде оқушыларымның шығармашылық қабілеттері мен табиғи дарындары жетіле түсуіне қол жеткіздім. Мектепішілік, аудандық білім мен тәрбие жұмыстарын жүйелейтін реитінгілер мен байқауларда жүлделі орындарға ие болдым. Атап өтетін болсам мен сабақ берген сынып оқушылары Арайлым Жасқайратова- 9 «а» сынып аудан қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасы, 2 орын, «Жарқын болашақ» аудандық олимпиада «Жазушылар бағыты» бойынша 3 орын. Салтанат Таупихова- 9 «а» сынып оқушысы, «Жарқын болашақ» аудандық олимпиадасында «Тілші-әдебиетшілер» бойынша 3 орын. Аудандық назарбаев оқулары Ж.Саясатова 1 орын, облыс 3 орын.Аудандық жігіт сұлтаны М.Қайырбеков 3 орын
Аудандық ақберен сайысы Е.Өмірбаев бас жүлде облыс алғыс хат
Аудандық ақберен сайысы Т.Сатыбалдиев бас жүлде облыс 3 орын
Аудандық қадыр оқуы Е.Өмірбаев 1орын
Аудандық мағжан оқуы 1 орын
Аудандық абай шәкәрім оқулары Г.Өмірбаев 3 орын
Республикалық дала сазы конкурсы Е.Өмірбаев пен Н.Елтай Алматыға жолдама алды.
Дегенмен, менің мамандығымда мен білмейтін қыр сыры әлдеқайда көп екен. «Білетінім бір тоғыз, білмейтінім тоқсан тоғыз», деп осы мамандықтың бір ұшын ұстап жүрмін. Бастысы бұл мамандықты сүйіп атқарып келемін және маған өзгелердің көзінде білімге деген қызығуышылқ шамын жағу қызық.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма жыл – деп, дана Абай атамыз айтқандай, бұл менің еңбек жолымдағы ең алғашқы бастамалар ғана екендігі анық.
Ал, «осы мамандықты таңдағандағы жетістікті қалай өлшеуге болады?» деген сұрақ қойылса, былай деп жауап берер едім: «Жетістік деп мен өзімнің оқушыларымды оқытудағы және тәрбие берудегі табыстарымды айтар едім. Оның нәтижесі – оқушыларымның өмірдегі жеңістері, дарындылық қасиеттерінің, қабілеттерінің ашылып, кеңейе түсуі, өзін-өзі бағалауды күшейтуі, өз бақытын іздеуі». Ал, ұстаздық жолда менде бірнеше марапаттарға ие болдым.Айта кетсем, аудандық, облыстық, республикалық басылымдарға75-ке жакын мақалаларым жарияланды. Республикалық ұстаздарға арналған «Білім жолы-нұрлы жол» жинағына қос мақалам енді.
«Менің елім Қазақстан» шығармалар сайысында үздік жұмысы үшін ректор Б. Мамраевтың II дәрежелі дипломы;
Тәуелсіздік күніне орай Құрманғазы ауданды Жастар ресурстық орталығының басшысы, «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Б. Вахитовтың алғыс хаты;
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы Б.З. Кенжеғұловтың тілшілік пен ақындық өнері үшін алғыс хаты;
Атырау облысы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Р. Гилажевтың 12 – тамыз Халықаралық жастар күніне орай алғыс хаты;
Атырау облысы, Құрманғазы аудандық білім бөлімінің басшысы Г. Кубаеваның Алғыс хаты;
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы АҚ Сертификаты;
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Белсенділік пен Жоғары білім деңгейін көрсеткені үшін проректор Жаутиковтың Алғыс хаты;
Аудандық ұстаздар арасында өтілген қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасында 2 – орын;
ҚР Тәуелсіздігіне 26 жылдығына орай Р. Сапаровтың алғыс хаты;
EDU LIFE KZ сайтының алғыс хаты;
Білім сайтына Ұстаз еңбегі үшін Сертификатпен марапатталдым.
Мамандық- жай күнелту, ақша табу емес. Әр адам өз мамандығына рухани күш алып, еңбектің рахатын көреді. Адам атақ-абыройға кенеледі. Кез келген адамнан шеберлікті, қажымас қайратты, еңбектенуді керек етеді. «Ұялмаған әнші болады; Ерінбеген етікші болады»,- деген халқымыздың даналық сөзі бар. Тіпті етікші болсаң да, өз ісіңнің шебері бол.
Міне, осынау ХХІ ғасыр дәуірінде қым-қуыт, адамы мен заманы көптеген өзгерістерге тап болған кезеңде мұғалім мамандығы қажет.Мұғалім бұл, ең алдымен болашақ өзге мамандық иелерін тәрбиелеуші.
Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой – өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі – дарқан адам.
Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі.Олар сол сенімді ақтай отырып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысындамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор.
Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы – сабақ.Сабақ скрипка аспабы секілді: онымен жай гаммаларды ойнауға немесе Паганинише саусақ ұшын сымға жеңіл тигізіп, одан ғажайып үн шығаруға да болады. Әрбір сабағы ғажайып әуенге толы нағыз ұстаз болу кімнің де болса арманы.
Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын аттыруда ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді.
Мемлекетке әр мамандық қажет. Алайда оны дұрыс таңдау – бағыңның ашылғаны. Қазақ үш-ақ мамандықты біледі: қара жұмысшы, директор, бас директор. Араларындағы салаларды ойламайды да. Шын мәнінде халқыңа пайдалы азамат болуға тырысу маңызды, керісінше халқың саған пайдалы болу емес. Өз ісіңнің білгір маманы болғанға не жетсін!
Сол үшін білім алуға барлық күш-жігерімізді жұмсап, жұмыс жасайық дегім келеді. Мен мамандық таңдаудан қателеспегеніме сенімдімін.
