Жаңа сабақтар

АУЫЛЫМ — АЛТЫН БЕСІГІМ !

Автор: Атырау қаласы № 36 мектеп-гимназиясының 9 «А» сынып оқушысы Мәлік Айкен Бекнұрқызы
Жетекшісі: Айнұр Ахметова Қоренқызы, Қазақ тілі мен әдебиеті және шет тілі пәнінің мұғалімі

Қала өмірінен шаршап бой жазып, бір сәт болсын таза ауамен тыныстап, ауылдың қарбалас әрі қызықты өміріне бой жүгірте қарап жәй ғана жымиясың. Шіркін ауыл деген керемет қой!

Сөзбен айтып дәріптеп түсіндірудің өзі де осы ауылға түкте емес. Әсем табиғаты, таза ауасы, жасыл жайлауы, бір-бірін танысып, білісіп етенедей жақын араласқан ауыл тұрғындары, далада ойнап шауып жүрген балалар бәрі-бәрі тым керемет көрініс. Әйтеуір бәрі жүрген қарбалас, бірақ сонысыменде қызықты ғой шіркін…

Үнемі күні-түні жол үзбейтін көліктерде бұл ауыл халқына тым жат нәрсе.

Тіпті ауыл өмірі қала өміріне қарағанда тым жақсырақ деп білемін.

Таңертең көзіңді ашқан сәтте-ақ ауыл өмірінің қызығына таңқала қарайсың. Әжелеріміз құрт жасап, қаймақ жасап, апаларымыз сиырларын сауып, жас балаларға шейін қой бағып, жайлау арасына кете барады.

Ешкімнің қолы босамайды ғой шіркін. Тек көше бойлап жүрген 2-8 жас арасындағы балалардан басқасы…

Ауылда болатын нағыз қызықтардың бірі жаз басталысымен болатын ат жарыс. Ол да бір қызық. Ауылдың жарты бөлігі сол ат жарысты қызықтауға барады. Балалар да аз емес. Сірә оларға қызықтысы ат емес сатылып тұрған дәмді тағамдарғой….

Түс демей кеш демей бас аяғына дейін ауылдың ыстық әрі шипалы құмдарына шомылып ойнап отыратын балаларды бұл ауыл өміріне кірістірмеу мүмкін емес. Қала тұрғындарының кішкене ауыл балаларымен құрдас балалары үй ішінде әлеуметтік желіден көз алмай отырса, ауылдың сондай балалары құмға шомылып, мәз болып, таласып, тартысып кейде жылап та әйтеуір балалық шақтарының әр сәтін қызықты әрі есте қаларлықтай етіп өткізеді.

Ауылдың иісі шығып тұратын жусан шөптері мен емдік шипасы бар адыраспаны да ауру дертіне шипа. Сірә, нағыз денсаулық ауыл балаларында деп ойлаймын. Қала мектептеріндегі бір сынып ішіндегі 20 оқушының жартысында көзілдірік болса ауыл тұрғындарының өзінде көзілдірік деген нәрсе тым сирек кездеседі. Бір сынып ішінде, мүмкін бір оқушыда тіпті ондай оқушы жоқ сыныптар өте көп. Әрине қайдан болсын? Ауылдағы балалық шақ құммен шомыла өткесін.

Кешке қарай бүкіл ауыл балалары жиналып ойнайтын қызыл ту, алты қаңалтыр атты ойындар да қызыққой сірә…

Әйтеуір қызық пен шыжыққа мол ауыл өмірінің бүкілін суреттемесем де жартысын болсын ақ парақ қағазға жазып салайын дедім.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.