Жаңа сабақтар

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ

Қазақ осы құшағы кең даласындай,
Кең пейілді ұлт көріппе ең, дәл осындай ?!
Өзегіне жақын тартып өзге ұлтты,
Қабылдады ақсынбай, қарасынбай.

Бір шаңырақ астына сан ұлысты,
Біріктіріп, демеймін жаңылысты.
Бүгін міне татулықты ту қып ұстап,
Бірлік биік. Елімнің бағы күшті.

Сонау аштық алғанда көптеп белен,
Қазақ ешбір ұлысты шеттетпеген.
Қатер төнген басыңа заманда да,
Жұдырық боп жұмылып тер төккен ең.

Қолдау берді панасыз жасығанға,
Бір үзім нан бөлісті ашыққанға.
Бір – бірінің дәстүрін жат қылдырмай,
Құрметпенен дәм татқан асынан да.

Жылдар өтіп, қалсадағы теңіз солып,
Бірлік биік тұрады негіз болып.
Бірін іні, ал бірін аға көрді,
Бір анадан тумасада егіз болып.

Татулықтан басталады тірлік деген,
Бір шаңырақ астында дүрлікпеген.
Сан алуан тамырдан қан құятын,
Ел жүрегі жалғыз, аты – бірлік дер ем.

Бейбіт аспан көрмесін жарқыл, жасын,
Ел көңілін ешқашан тар қылмасын.
Тегі басқа болса да, теңдігі бір,
Халықтар достығы сарқылмасын.

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылы,
Қарабау орта мектебінің 2 сынып оқушысы
Емен Іңкәр Саламатқызы
Жетекшісі: Меңдібаева Жарқын Кененқызы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.