Қорқыттың нақыл сөздері
| Пәні: Қазақ әдебиеті | ||||||||
| Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Дананың сөзі –ақылдың көзі
Презентация: https://45minut.biz/wp-content/uploads/2019/10/qorqyt_ata.pptx Мектеп:Б.Нысанбаев атындағы мектеп Күні: 07.03.2019ж Мұғалімнің аты-жөні: Есболова Айнұр Сынып: 8- сынып Қатысқандар: Қатыспағандар: |
||||||||
| Сабақ тақырыбы: | Қорқыттың нақыл сөздері | |||||||
| Осы сабақтақол жеткізілетіноқу мақсаттары (оқу бағдарламысына сілтеме) | 8.1.2. 1 – әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу. | |||||||
| Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар: әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан аша алады. | |||||||
| Оқушылардың көбісі:
Қорқыттың нақыл сөздерін өмірмен байланыстырып, ойларымен бөліседі. |
||||||||
| Кейбір оқушылар:
Қорқыттың нақыл сөздері бойынша эссе жазады. |
||||||||
| Бағалау критерийі | Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады. | |||||||
| Ойлау деңгейлері | Қолдану . | |||||||
| Тілдік мақсат | Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:тәкапарлық,менменшіл,бәйбіше, шапан,сауыт,Тәңірім. | |||||||
| Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
Дәулетті ұл, дәулеттіз ұл,көк шүйгін,сауыттың қасиеті,қара есек,өтірік сөз. |
||||||||
| Жоғары дәрежелі сұрақтар:
Нақыл сөздердің мақал-мәтелден ерекшелігі неде? Нақыл сөздер адамға қандай ой тастайды? «Қайда барсаңда Қорқыттың көрі» деген сөздің мағынасы не? |
||||||||
| Құндылықтарға баулу | Зайырлы қоғам және жоғары руханият. Өмір бойы білім алу құрмет, ынтымақтастық, ашықтық. | |||||||
| Пәнаралық байланыс | Музыка пәні: Қорқыт күйлері,
Тарихпәні: Оғыз-қыпшақ тайпалары,тайпалары,ғасыр,тарихи мұра, География пәні: ОҚ облысы, Қызылорда өңірі, Сыр өзені |
|||||||
| АКТ-ны қолдану | Интербелсенді тақта | |||||||
| Тақырып бойынша алдыңғы білім | «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр» | |||||||
| Сабақтың барысы | ||||||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен) | Ресурстар | ||||||
| Сабақтың басы
5 мин |
Оқушылар қоржыннан кесінді парақшалар алып,жазылған сөздер бойынша топқа бөлінеді.
«ҮЛГІ»,ӨНЕГЕ», «МҰРА», «ТӘРБИЕ».Оқушылар сабақ мақсатымен,бағалау критерийімен танысады.Оқушыларға нақыл сөздер айтқызу арқылы бүгінгі тақырып «Қорқыттың нақыл сөздері» екені таныстырылады. |
«Атамұра»баспасы 2018ж. Ақтанова А.С
Жүндібаева А.Қ. Жұмекенова Л.К. Қазақ әдебиеті 8- сынып |
||||||
| Сабақтың ортасы
25 мин |
Тапсырма: «Екі жақты күнделік»
Қорқыттың нақыл сөздеріне ұқсас қазіргі заманғы мақал-мәтелдерді жазыңыз.Нақыл сөздердің мағынасын,идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашып жазыңыз.
Пафос (гр.pathos- сезім,құмарлық) құлшыныс,құштарлық,асқақтық,қуатты сезім мен терең шабыт мағынасында қолданылған. Идея (гр.idea- түсінік, елес, бейне) түпкі ой. «Ойлан-жұптас-бөліс» 2. «Ұлдың күні күн емес-атадан мал қалмаса, Ата малы пұл емес-баста ақыл болмаса», «Дәулетті ұл-ошақтың қоры, Дәулетсіз ұл- атаның соры» нақыл сөзі идеясының негізін өмірмен,ата-ана еңбегімен, біліммен байланыстыра отырып, өз ойларыңызбен бөлісіңіздер. 3.Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, Атадан өнеге көрмеген ұл жаман нақыл сөзі негізінде: « Ата-ана тәрбиесінің қадірі неде?» деген сұрақтар арқылы өз ойын жинақтап эссе жазады. Ширату жаттығу «Аяқталмаған сөйлем» Бас аман болса,…. Көп қорқытады,….. Ат қиналмай,…. Топырақ …… Өтірік сөз ….. Тәкаппарлықты Тәңірі …… Қалыптастырушы бағалау «3 таяқша» әдісі арқылы бағалайды. 1 сұрақ, 1 жауап, 1 идея Дескриптор – Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады. – Нақыл сөздерді өмірмен байланыстырып, ойларымен бөліседі. -Нақыл сөздер бойынша эссе жазады. |
Қалыптастырушы бағалау 8-сынып | ||||||
| Соңы
10 мин Кері байланыс |
«Аяқталмаған сөйлем »әдісі
-бүгінгі сабақта мен ….. түсіндім; -…… білдім; -қызықты болғаны…..; -менің түсінгенім…..; |
|||||||
| Саралап оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? | Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||||
| Оқушыларға тапсырма жеңілден күрделіге қарай қабілеттерін ескере отырып беріледі | Оқушылар Бірін-бірі топта, жұпта бағалайды. Оқушыларды мадақтау сөздерімен қолдау көрсетемін. | Ширату жаттығу | ||||||
| Рефлексия
Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
||||||||
|
Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||
