Шебер сабақ жоспары
Атырау қаласы Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің
математика пәні мұғалімдері: Л.С Курмангалиева; И.С.Салимгереева
Тақырыбы: Жаңартылған білім мазмұнында деңгейлеп- саралап оқыту технологиясын тиімді қолдану.
Уақыты: 29 қаңтар 2019 жыл
Мақсаты:Әріптестердің заман талабына сай жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыру. Деңгейлеп- саралап оқыту технологиясының тиімділігін көрсету арқылы оны пайдалануға қызығушылығын арттыру. Топтық жұмыс арқылы өзара ынтымақтастық үлгісін көрсету
Күтілетін нәтиже: Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясын серіктес мектептер арасында кеңінен қолданып, оқыту әдістеріне өзгеріс енгізу. Оқытылып, талқыланған теорияны қолдана отырып, берілген тақырыпқа байланысты саралау тапсырмаларын орындау.
Әдіс- тәсілдер: «Пазл» әдісі, «Ашық микрофон» әдісі
Ресурстар: А- 4 парақтары, интерактивті тақта, флипчарт, маркерлер, қалам, түрлі-түсті қағаздар, бейнематериалдар және т.б.
Шебер сабақтың барысы:
| Жұмыс кезеңдері | Кезеңнің мазмұны | Қатысушылардың іс-әрекеті | Уақыты | Ресурстар |
| Кіріспе
Мақсаты: Серіктес мектеп мұғалімдерімен танысу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. |
Тренинг
«Менің есімімнің тарихы» әдісі. (А.Ж.Егізбаев бойынша) |
Бір -бірімен жақынырақ танысып, өз есімінің тарихынан хабардар ету. | 3минут | |
| Мақсаты:
Әріптестерімді топқа бөліп үйрету. |
Топқа бөлу.
(үш пішінді кәмпит арқылы) Қазір сендер әрбір столда тұрған геометриялық фигураға назар аударып әркім өзіне ұнаған фигураға барып отырады. Міне, біз үш топқа топталдық |
Әріптестер үш топқа бөлінеді.
(И. Панарин тесті бойынша) |
1 минут | үш пішінді кәмпит |
| Теориялық бөлім.
Мақсаты: Саралап оқыту технологиясы туралы түсінік беру. Мақсаты: Математика сабақтарында деңгейлеп -саралап оқыту технологиясының тиімділігі. |
7 минут
7минут |
« Саралап оқыту технологиясы » презентация
«Математика сабақтарында деңгейлеп- саралап оқыту технологиясының тиімділігі» ( өз тәжірибем бойынша презентация) |
||
| Сергіту сәті | Саусақтар арқылы мінез анықтау. | Cлайд бойынша әрекет жасайды. | 3 минут | Қағаз, қалам |
| Практикалық бөлім.
Мақсаты: Теориялық бөлімнен алған білімін қолдану (топта). |
Ол үшін мұғалімдерге А- 3 форматын таратып,топтық тапсырмалар беру.
1-деңгей тапсырмалары
X+5=7
14-x=8
16=x-3 2- деңгей тапсырмалары
2x-5=7
4x-5=2x-3 3- деңгей тапсырмалары
3x+3=3x+5 |
Шағын топтарда мұғалімдер «Пазл» әдісін қолдана отырып, тапсырма орындайды.
Дескриптор
|
7 минут | А – 3, маркер, қосымша ақпараттар |
| «Деңгейлеп- саралап оқыту технологиясын тиімділігі» тақырыбында шағын эссе жазу. | Эссе жазады, бірін бірі «Бағдаршам» әдісімен бағалайды.
Дескриптор
|
Бағдаршам | ||
| Қорытынды.
Мақсаты: Жасаған жұмысты қорытындылап, шебер сабақ туралы ойларын білу. |
Кері байланыс
«Ашық микрофон» әдісі. |
Өз ойын ашық айтады. | 2минут | микрофон |
