Жаңа сабақтар

Математикалық сауаттылыққа дайындаудың тиімді ж олдары

Атырау қаласы, Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің
математика пәні мұғалімі Курмангалиева Лайла Сериковна

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат – жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру . Бұл үлкен жауапкершілік артатын үлкен мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, ол әрбір оқушының жеке басының қасиеттері мен қабілеттерін дамытып, шығармашылығын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет.
Ендеше, бүгінгі күні ұстаз алдындағы басты міндет – оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыру. Ол үшін мұғалім білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Негізгі құзыреттілік – бұл мемлекеттің орта мектепті бітіруші тұлғаның сапасына Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру нәтижелері түрінде қоятын талаптары.
Олар:
– басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);
– ақпараттық (өз бетінше ақпарат көздері арқылы үнемі білімін көтеріп
отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау);
— коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шет) ауызша, жазбаша
қарым-қатынас жасау);
— әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті);
— тұлғалық ( өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік,
дағдыларды игеру, болашақ өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның
қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу);
— азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін
терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық
парызын түсінуі);
— технологиялық (әр азамат өз мамандығына қарай ақпараттық технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты пайдалануы).
Білім алушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзыреттіліктерді (әр пәннің мазмұны арқылы) меңгеруі тиіс.
Математикалық сауаттылық деген ұғымға оқушылардың келесі қабілеттіліктері жатады:
қоршаған ортада пайда болатын және математика арқылы шешуге болатын мәселелерді тани білу
бұл мәселелерді математика тілінде құрастыру;
бұл мәселелерді математикалық айғақтар мен әдістерді қолдана отырып шешу;
шешімдерде қолданылған әдістерді талдау;
қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижелерді түсіндіру;
шешімдердің нәтижелерін құрастырып жазу .

«Математикалық сауаттылық – оқушының математиканы түрлі мән мәтіндерде тұжырымдау, қолдану, талдап түсіндіру қабілеті. Ол, өз кезегінде, математикалық ойлау, құбылыстар сипатталатын, түсіндірілетін, алдын-ала болжап айтылатын математикалық ұғымдарды, процедураларды, білім мен құралдарды пайдалануды қамтиды. Бұл адамдарға математиканың әлемде қандай рөл атқаратынын мойындатуға, конструктивті, қызығушылы- ғы мол және ойлай алатын азаматтарға қажетті саналы көзқарас қалыптастыруға және ой өзегінен өткізілген шешім қабылдауға көмектеседі».
Математикалық тараулар түрлі мәнмәтіндерде (контекстте) беріледі:
адамның өз өміріне (жеке), кәсіби қызметіне байланысты (кәсіби),
қоғаммен байланысты (көпшілік) есептер, ғылымға бағытталып (ғылыми) берілетін есептер. Осылардың негізінде математиканың қазіргі өмірде атқаратын рөлі көрсетіледі. Математика бойынша тест тапсырмаларын дұрыс орындау үшін оқушылар мына құзыреттіліктерге ие болуы тиіс: тұжырымдау, қолдану, талдап түсіндіру.
Тұжырымдау дегеніміз –математиканы қолдану мен пайдалану мүмкіндіктерін анықтау. Бұл жерде есептерді шығару үдерісінде оны талдау үшін қандай математикалық аспектіні қолдану керек дегенді анықтап алу тиіс. Мысалы, мәнмәтінді қажетті математикалық модельге (ақырында шешілетін болуы тиіс) айналдыру.
Қолдану дегеніміз — математикалық білімді, ұғымды, құралдарды есеп шығаруда пайдалана білу. Сондай-ақ, оқушы есептеулерді орындау, алгебралық амалдар мен математикалық жағдайларды талдауда математикалық құралдарды пайдалану мүмкіндігін тудыру үшін жағдайларды немесе есептерді жеңілдендіру қызметтерін жасай білуі тиіс.
Талдап түсіндіру ─ математикалық шешімдердің таңдау, ұтымдылық, мақсатқа сәйкестіліктері туралы ойлауды және нақты бір міндетке қатысты пайымдауды қарастырады. Бұл құзыреттілік оқушыдан заңдылықтарды табу мен қорытынды жасау, алынған нәтижені негіздемелей және түсіндіре білуді талап етеді .
Бала кезінен бастап математикамен шұғылданған адам өзінің ой өрісі мен зеректігін дамытып, мақсатына жету үшін табанды болуға ерік-жігерін тәрбиелей алады. Сондықтан да мұғалімге де, дәрігерге де, артиске де, және суретшіге де және т.б. мамандықтар иелеріне математика қажет.
Математика пәнінің басты мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Логикалық ойлау қабілетін арттыруда есептің атқаратын ролі зор. Себебі, есеп шығару – мидың «гимнастикасы». Математика сабағы басқа пәндердің сабақтарынан күрделі, оны түсіну үшін ерінбей еңбек етіп, төзімді болып, талмай оқу қажет. Ал бұл көп оқушының шамасы келе беретін қасиет емес. Сондықтан оқыту үдерісіндегі басты мақсат – оқушыға дайын білімді беру ғана емес, оларды дербес ойлауға да үйрету.
Мұғалім оқушыларға олардың математикалық білімдерінің сабақтас оқу пәндеріндегі, практикадағы қолданбалылығын әрдайым көрсетіп отыруы керек. Мұғалім оқушыларды есептеуге жаттықтырғанмен, көптеген дербес жағдайларды негізінен жалпысын көру біліктілігін жаттықтырғаны керек. Мұғалім жаңа математикалық ұғымдарды енгізу барысында олардың өмірдегі, басқа пәндердегі қолдануын көрсетіп отыруы қажет. Американдық педагог-математик Д.Пойа былай деген: «Математиканы білу деген не? Бұл есептерді шығара білу, онда стандарттық есептерді ғана емес, ойлаудың еркіндігін, сананың сауаттылығын, өзіндік болмысты, тапқырлықты керек ететін есептерді шығару». Әрбір есептің өзіндік әдістемелік мақсаты да бар. Есеп шығарғанда, оны шығармашылықпен шешуге, шешімінен тиісті қорытынды жасай білуге тырысу қажет.
Математика сабағындағы негізгі сауаттылыққа мыналар жатады :
1. Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады.
2. Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай түседі.
3. «Математикалық сауаттылық» ауызша, жазбаша қабілеттерін қалыптастыру арқылы оқушының «математикалық сауаттылықты» меңгере білу қабілетін шыңдайды.
4. Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылысты, жаңалықты дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі.
5. Математиканың болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан қалыптастыруда да тәрбиелік мәні бар.
Математикалық сауаттылыққа дайындау тиімді болуы үшін:
— теорияны білу , оны логикамен ұштастыру;
— есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу;
— апта сайын тест тапсырмаларын орындау;
-интернет материалдары арқылы дайындалу;
-түрлі тест орталықтарына қатысу;
— математикалық сайыс сабақ, пән кеші, апталықтарды математиканың даму тарихымен байланыстыру.
Мен өз оқушыларыма әр сабағымда арнайы уақыт бөліп, математикалық сауаттылық тапсырмаларын беріп отырамын. Алдын ала оқушыларға тапсырма беріледі. Оқушы үйден интернет материалдары бойынша есептерді оқып- үйреніп, жазып келеді. Сабақ соңында оқушы дайындалып келген жұмысын басқа оқушыларға үйретеді. Өйткені зетттеулер бойынша мұғалім дайын өнімді бергеннен гөрі, оқушылардың біріне- бірі түсіндіруі нәтижелі болатыны дәлелденген. Сөйтіп жақсы оқитын оқушы мен математикаға қабілеті төмен оқушы арасында ЖАДА орнайды да, баска оқушылар да математикалық сауаттылық тапсырмаларын қызығушылықпен орындап жатқанын байқадым.
Мысалы, төмендегідей тапсырмаларды оқушыларым үлкен белсенділікпен орындады:
1. Бір түсқағаз бумасымен 8,4 м² қабырғаны жабыстыруға болады. Биіктігі 2,8 м, еден ауданы 9 м², терезесі 1,4 м², ал есігі 1,8 м² бөлменің қабырғаларын жабыстыру үшін қанша бума түсқағаз қажет?
Шешуі:
(3∙2,8+3∙2,8)∙2-(1,4+1,8)=30,4
30,4:8,4=3,6
Жауабы: 4 бума түсқағаз қажет
2. Кестеде интернет желісінің түрі мен төлемі берілген.Тұтынушы интернет желісінде В тарифін айына 800 мб интернет желісін пайдаланғанда қанша тг төлеу қажет?
Тариф түрі
Абоненттік төлем
Интернет желісінің төлемі
А
жоқ
3 тг-1 мб
В
500 мб-3750 тг
500мб-тан асса 1 мб-10тг
С
600 мб-4000 тг
600 мб-тан асса 1мб-7 тг
Шешуі:
800-500=300 300∙10=3000 3000+3750=6750
3. Төменде 200 жұмысшының айлық жалақысы кескінделген. Орташа айлық жалақы қанша?

Шешуі:
20∙60000=1200000
60∙120000=7200000
100∙90000=9000000
20∙150000=3000000
20400000:200=102000
Осындай түрдегі есептер оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, математиканы өмірмен байланыстыруға септігін тигізері сөзсіз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.