Жаңа сабақтар

«Жаңартылған білім беру бағдарламасы арқылы тіл дік дағдыларды қалыптастыру үшін тиімді стратег иялар»

Мешітбаева Нұргүл Инаятқызы
Атырау қаласы,Б Нысанбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Біз осы заманғы білім беру жүйесісіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз»,- деп атап көрсеткендей, осы заманғы ұстаз – болашаққа заман ағысымен ілгерілеген озық тұлға. Мұғалімге осындай көзқараспен қарау ұстаз алдына қойылар талапты айқындамақ.
Кез — келген адам алдына қойған мақсатына ерік — жігерін аямай еңбек ету арқылы, осы жолда өзін — өзі бар қырынан жетілдіру арқылы жетеді.Әр оқушыны дара тұлға деп танып, олардың бойына үнемі оқып үйренсем деген ізденімпаздық қасиет дарыту, оларға өздігінен білімдерін толықтырып тереңдету тәсілдерін жаңа технологиялармен, әдіс -тәсілдермен байланыстыра отырып дамыту ұстазға жүктелер ауыр жүк болып табылады
Қазіргі кезеңдегі оқытудың негізгі мақсаты – болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар- шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.
Қоғамның өзгеруімен байланысты білім беру әдістері де білім көлемі де үнемі өзгеріп отырады. Ол білім беру заңдылықтарына байланысты өзгеріп дамып отырады. Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі қандай?
Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі:
1.Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі.
2.Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;
3.Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі
4.Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру; 5.Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру 6.Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою; 7.Бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы; 8.Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу)
Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшелігі:
1.Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым);
2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау);
3.Шығармашылық ойлау дағдысы
4.Логикалық ойлау дағдысы
5. Сыни ойлау дағдысы
6. Алгоритмдік ойлау дағдысы
7.Критикалық ойлау дағдысы
8.Проблемалық ойлау дағдысы
9.Технологиялық ойлау дағдысы
10.Тілдік құзіреттілік дағдысы
11. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.
Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән мұғалімдерінің жаңартылған білім беру курсын оқығандағы түйгеніміз:
— Оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел — уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір — көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.
Біз осы жаңартылған білім беру курсын бітірген соң білімімізді толықтыру мақсатында «21 ғасыр көшбасшысы»курсында білім алудамыз
«21 ғасыр көшбасшысы»курсындағы модульдерге тоқталсақ :
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Білім беруде ақпараттық — коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер:
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер «Диалог негізінде оқыту және оқу» және метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйретуді» қарастырады. Білім беру әдістері ішінде ерекше орын алатыны — диалог. Диалог оқушылардың сөйлесу әрекетін, сұрақты дұрыс қоя білуде, ақпарат алмасуда, жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс түрі. Әр түрлі тақырыпта диалог құрғызу мынадай нәтиже береді:
сабақта белсенділік жоғарылайды; сөздерді есте сақтау қабілеті дамиды;
дұрыс сөйлемдер құрауға дағдыланады; оқуға қызығушылықтары артады;
«Қалай оқу керектігін» үйретудің қозғаушы күші метатану болып табылады. Метатану индивид қалай ойлайтынын қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін түсінеміз. Білім алуды үйрету өз бетімен оқуды ойластыру және ойлау нәтижелерін сабақта қолдана алу үдерісі болып табылады. Бұл үрдісінде мұғалім оқушыға:
— білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;
— жеке ойлау үрдісін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;
— міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға:
— нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»
бағдарламасы бойынша ол:
— шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау;
— күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімге қабылдауға құштарлық;
— үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінінің сеніміне негізделген құрылым.
«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясын қолдану төмендегідей нәтиже береді:
— білім алушының белсенділігін арттыру;
— пәнге қызығушылығын ояту;
— өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру;
— зерттеуге икемділігін дамыту;
— сөйлесім әрекеті белсенділігін арттыру;
— білім алушылар бір — бірімен қарым — қатынас жасай біледі;
— басқаларды тыңдауды, кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарауға.
Жалпы, сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып дәлелдерді талдайды.
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау — оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Бағалау оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау деп екіге бөлінеді. Формативті бағалау әр сабақта жүзеге асатын үрдіс. Формативті бағалау сабақ барысындағы барлық іс — әрекет бойынша оқушының білім, білік деңгейіне қоса дербес ойлауы, түсінігі, тіпті тәртібі т. б. бағаланады. Ал, сумативті бағалау немесе жиынтық бағалау оқушының белгілі бір кезеңдегі бақылаулар, білімді тексеру тестісі кезінде көрінетін білім деңгейінің өлшемі.
Жалпы, бағалаудың барлық түрлері төмендегілерді қамтиды:
Бақылау;
Алынған мәліметтердің интерпретациясы;
Бұдан арғы іс — әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау.
4. Білім беруде ақпараттық — коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Ақпараттық — коммуникациялық технологияның тиімділігі — келешек ұрпақтың жан — жақты білім алуына, іскерлігі мен шығармашылығын еркін дамытуға жол ашатын педагогикалық — психологиялық жағдай жасауында.
Сондай — ақ, интерактивті тақта арқылы әр түрлі грамматикалық тапсырмаларды орындау, мәтіндермен, жаңа сөздермен түрлі жұмыстар жүргізуде, сөздерге талдау жасауға, уақытты үнемді пайдалануға, оқушылардың ынтасын арттыруға қажетті әрі пайдалы құрал. Әр түрлі тест тапсырмаларын жүргізіп, оқушылардың білім сапасын бақылауда да компьютерлік технологияның үлесі зор.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологы П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П. Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты — олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету — оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады
“…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады”,-деген пікір білдірген Плутарх
Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
Еш нәрсеге бейімділігі жоқ, қабілетсіз бала болмайтыны педагогикада дәлелденген.
Жалпы шәкірт бойына білім нәрін сіңіруде ең бастысы оқушының жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Топтық жұмыс немесе диалог барысында оқушының жас ерекшелігін ескере отырып жұмыстану — бұл мұғалімнің жан — жақты ойластырылған шеберлігін қажет етеді.
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Осы заманғы кез келген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі шығармашылықпен пайдалану қажеттілігіне көңіл аударуда. Оқыту технологиясын оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау деп түсіну керек. Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдыма мынадай мақсат қойдым:
— заман талабына сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Осы мақсат негізінде алдыма қойған міндеттерім:
— жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу;
— шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;
— өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу;
— өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.
Мұғалімнің көшбасшылық қабілеті ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану Сабақты жандандыра өткізу ұстаздардың шеберлігіне тікелей байланысты Осы мақсатта өткізген ұстаздарға арналған коучингті сіздердің назарларыңызға ұсынбақпыз

Тақырыбы:
Қалыптастырушы бағалау-жаңартылған білім берудің баспалдағы
Мақсаты:
Әріптестеріміздің педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мақсатында инновациялық идеялармен таныстыру, шығармашылық қабілетін ұштау, жаңа формациядағы бағалау түрлерін тәжірибеге енгізуге ықпалдасу. Мұғалімдерге оқушылардың айқындалған критерийлерге сәйкес өз жұмысының сапасы туралы қорытынды жасай бiлуге қол жеткізуін үйрету, өзiн-өзі бағалау және өзара бағалау үдерiстерiнің дамуына ықпал ету
Оқыту нәтижесі:
Коучинг соңында мұғалімдер: 1.Бағалау түрлерін ажырата біледі
2. Мұғалімдер формативті және жиынтық бaғалаудың айырмашылығын біледі,
3. Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды өз тәжірибесінде қолдана білу.

Негізгі түйінді идеялар:
Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы Формативті бағалау – оқыту үшін, ынталандырушы бағалау. Бағалау бұрынғы тәжірибеміздегі сияқты оқыту мен оқудан кейінгі болатын үдеріс емес, оның ажырамас бөлігі екендігін меңгерткім келді
Сілтеме:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 104-09 бет
Әдіс-тәсілдер:
Жекелей,жұппен,топпен
Дереккөздер:
Флипчарт, постер, презентация, интербелсенді тақта, стикерлер, карточкалар, бейнежазбалар, маркерлер
Тапсырма түрлері
Коучтың іс-әрекеті
Мұғалімдердің іс-әрекеті
Тренинг– психология-лық ахуалды қалыптастыру
«Жақсы сөз жан жадыратады»Ортаға жас мамандар кезекпен шығарылып, көзі байланып ортамен жүреді. Қалған мұғалімдер жақсы тілегін, жақсы қасиетін құлағына сыбырлап айтады.
Мұғалімдер екі қатарға бір-біріне қарама-қарсы тұрады.
Тілек айтады
Топқа бөлу

Сурет бойынша топқа бөлу.
І топ- Астана ІІ топ- қыран , ІІІ топ – кітап , ІҮ топ-қаламсап
Қатысушылар берілген сандар бойынша топқа бөлінеді.

Негізгі кезең
1. Сурет салу

Жекелей жұмыс. Қыранның суретін салу ұсынылады. Әр қайсысы салып болғаннан кейін өздері бағалайды, бір-біріне баға қояды.Одан кейін критерий арқылы бағалау ұсынылады:
10 балл – «5»
Денесі үш бөліктен тұрады – 3 ұпай,2 қанаты – 2 ұпай, Аяғы-1 ұпай, Көзі – 1 ұпай, Тұмсығы – 1ұпай, Суреттің салыну ерекшелігі – 2 ұпай, -Енді жұмысты бағалау қиын болды ма? Неліктен?
Дәстүрлімен салыстыр

Сурет салады, бағалайды.
Слаидқа қарап отырып салыстырады
Слаид көрсету
Коучтің түсіндіруі
Теория Слайдты көрсету «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл жорамал ресми тестілерден және емтихандардан бастап мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау спектріне қатысты. Бұған қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді: бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән.
Бағалаудың мақсаты:-
— Оқытудың қиындықтарын анықтау;
— Жетістіктер туралы кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін);
— Уәж; — Болжау және сұрыптау;
— Стандарттарды бақылау және орындау;
— Оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау
Бал арасы қағазы таратылады
Миға шабуыл немесе ой қозғау:
4 топқа тапсырма.
Бағалаудегеніміз не?
Оқу үрдісінде бағалау керек па?
Бағалаудың мұғалім үшін қандай маңыздылығы бар?
Оқу үшін бағалау дегеніміз не?
Жеке жұмыс. Мұғалімдер өз ойын білдіреді.

Қатысушылар тыңдап өздеріне керегін белгілеп алады бал арасына және түсінбеген тұстарына өз сұрақтарын қояды.
Постер қорғау
«Қалыптастырушы бағалау»
( тақырыпт 4 топқа беріледі.)
Қалыптастырушы Бағалау

Бір –бірімен топ ішінде оқиды, ой бөліседі, ақылдасады, бір –бірін бағалайды, тыңдайды, көреді, ой тұжырымдайды. Топтар бір-бірін «Теңге» арқылы бағалайды.
Тренинг
Стикер таратылып беріледі. Тобындағы өзіне ұнайтын бір адамға жақсы пікірін жазады. Соңынан көп пікір алған адамдар мен пікір алмаған адамдар анықталады.Қандай сезімде болдыңыздар?
Стикерге пікірлерін жазады.
Видео көрсетілім «Сенімділік мақсатқа жетелейді»
Рөлге кіріп ұстаздар ситуацияны құрып шығу жолын айтады -Не түйдіңіз?
Өзіндік пікірін ортаға саладыӘр топ өзіне берілген тапсырманы рөлдерге бөліп алып, орындайды және топтар бірін-бірі бағалайды.
Кері байланыс
Топтан 1 мұғалімді алып шығып аяқ ізіне аяғын қою арқылы сабақ барысында алғанын аз сөзбен түйіндеуін талап етем
Қатысушы білімін ортаға сала отырып, түсінбеген жерлерін ұсыныс етіп айтады
Интервью
Сұрақ-жауаптар арқылы мәселені талқылау
1.Бағалау сіздерге түсінікті болды ма? Қандай бағалауды қолдандық?
2.Оқу үдерісін бағалау қажет пе? Сіз сабақта нені бағалайсыз? Сыныпта жағымды ахуалды қалыптастыру үшін Сіз қандай бағалау түрлерін пайдаланасыз?
Өзіндік пікір келтіреді.

Сұраққа жауап береді
Бағалау

Мадақтау, бағалау
Өзін-өзі бағалау. Қалыптастырушы бағалауды мен қаншалықты білемін, қолданамын. Ағаштың суретіне смайлик белгілеу.
Ағаштағы адам суреттеріне өздерін анықтап смайлик жапсырады.
Өзін-өзі бағалайды
Рефлексия «Пікірлесу ағашы»
Пікірлерді оқи отырып тәжірибе алмасады

Қатысушылар коучингте өздеріне ұнаған жерлерін стикерге жазып «Пікірлесу ағашына» іледі.
Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал, көшбасшылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы МАН /Екінші Басылым/ 2015ж.
2. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы Мұғалімдердің Біліктілігін Арттыру Бағдарламасы /Екінші Басылым/ 2015 ж.
3. Мұғалімге Арналған Нұсқаулық Бірінші (Ілгері) Деңгей /Екінші Басылым/ 2014 ж.
4. Қазақстан Республикасы Білім Және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин Атындағы Ұлттық Білім Беру Академиясы «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» Дербес Білім Беру Ұйымы Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау басшылығы Астана 2016
5. Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 31 қаңтар 2017ж.
6. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. http://adilet.zan.kz/ru
7. М Гершон «Қалыптастырушы бағалау әдістері»
8. «Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар»
9. «Қазақ тілінің оқыту әдістемесі»
10. «45 минут», «Білімділер» саитындағы материалдар

Коучинг жоспар
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбы бойынша
Н.И.Мешітбаеваның қысқа мерзімді коучинг жоспары
Сабақтың тақырыбы
Оқыту үшін бағалау мен оқудағы бағалау

Жалпы мақсаты
Оқыту үшін бағалау және оқытуды,критериалды бағалау түсініктерін қалыптастыру,формативті бағалаудың оқыту үшін тиімділігін үйрету»
Оқу нәтижесі
Коуч сессия қатысушылары формативті бағалауды күнделікті пайдалану арқылы оқу үдерісін жақсарту,оқушыларды қызығушылығын арттыруға,оқытуға жетелейді.
Іс-әрекет
Уақыт
Сергіту сәті
Барлық қатынасушылар дөңгеленіп тұрып бір-бірінің бойындағы ұнамды жақсы қасиеттеріне мадақтама (комплимент) айту «Мен басқаның көзімен»

3 мин

Топқа бөлу
3.4.5 деген баға сандары әдісі
2 мин
Кіріспе бөлімі
Бейне-ролик «Мақсатыңа қалай жетесің» бейне ролигін көріп ,бағалау тақырыбымен байланыстыру
5 мин

Жұмыс түрлері
Жұмыс түрлерін орындау жолдары.
уақыты
Тапсырма № 1
Әр топқа бөлек тапсырмалар беру
4 топқа постер беру Ротация әдісі арқылы постер жазып, әр топ өз тапсырмасын қорғаау
Өзін -өзі бағалау және өзара бағалау жайлы постер қорғау
1.1 2.2 3.3

15 мин
Таныстырылым презентация
«Оқу» таныстырылымы
Формативті бағалаудан суммативті бағалауға өту сатысын ескеру
2 минут
Тапсырма № 2
Сурет салу
«Пілді бейнеле»
Топтарды алмастырып бағалату
Бағалау критериемен кайта бағалау
10 мин
Бағалау

Сыйлықпен бағалау
(Өте жақсы шебер қорғай білген, тың идея айтқан көшбасшы ұстаздарды ынталандыру.)
2 минут
Қорытынды
«Даналардың дана сөздері» презентациясы
3 мин
Рефлексия

Коучинг жайлы сауалнамалар арқылы жинақтау.
3 минут
Ресурстар
Флипчарттар,маркерлер, интербелсенді тақта.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.