Жаңа сабақтар

Баспасөзбен жұмыс жасаушы ПЕДАГОГ

Тақырыбы:  «Баспасөзбен жұмыс жасаушы ПЕДАГОГ» шығармашылық тренинг. Республикалық ғылыми практикалық оқу семинары.

Ұйымдастырушы: Республикалық 45minut.kz басылымы. «Қаламгер ТЕН» ЖШС

Мақсаты: Қазіргі таңда дүниежүзілік білім жүйесі деңгейіне сәйкес келетін, сапалы білім беруге жағдай жасайтын, үйлесімді дамытуға бағытталған білім беру көзделіп отыр. Білім мекемелерінде үш тілді оқыту жүйесі, бірыңғай мектеп формасы, 12 жылдық білім беру стандарттары тақырыптарын БАҚ беттерінде ұстаз, ата-ана
арасында түсіндіріп, пікірлесу қазіргі заман талабы қажет ететін маңыздылығы бар.
«Ашықтық қағидаты» шеңберінде білім беру саласының барлық қызметкерлері үнемі құзыреттіліктері мен білімдерін жетілдіріп отырулары заманауи қажеттілік.

Оқу тренинг ұстанымы: «Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалады, ал өзім істесем үйреніп аламын»

Жалпы ережесі: Шығармашылық тренингке қатысушылар тіркеу формасын толтыру арқылы тіркеледі. Тіркелген соң тапсырмаларға әзірленіп, әрбір тапсырманың көрсетілген уақытында bilimnur@bk.ru почтасына жібереді. Орындалған әрбір тапсырма бойынша жалпы рейтинг жасақталады. Рейтинг негізінде жалпы нәтиже шығарылады. Тренингтен кейін әрбір қатысушыға орындалған жұмыстар туралы сараптамалық мінездеме, ұсыныстар мен ескертпелер әзірленеді және жеке почтасына жіберіледі.

Нәтижесі:
1. Республикалық ғылыми практикалық оқу семинары.қатысушы сертификаты.
2. Шығармашылық тренинг бағдарламасы бойынша оқу курсын тыңдаушы сертификаты.
3. Қатысушының орындалан жұмыстары туралы сараптамалық мінездеме.
4. Шығармашылық тренинг нәтижесіне сай орны көрсетілген марапаттау дипломы.
5. Шығармашылық жұмыстары Интернетте жарияланғаны туралы сертификат.
6. Практикалық мәлімет үшін шығармашылық жұмыстардың топтама жинағы.
7. Үздік қатысушыларға ТӨСБЕЛГІ марапаты.

Шығармашылық тренинг тапсырмалары:

  1. 2018-2019 оқу жылындағы жеке жетістіктерім. (Еркін нұсқада жеке жетістіктер туралы материал жазу)
    Мерзімі: 16 қыркүйек — 19 қыркүйек аралығында.
  2. Қатысушылардың өзге де ұстаздармен байланысы . Мектеп жаңалықтары, іс шаралар материалдары. Материал санына шектеу жоқ.
    Мерзімі: 19 қыркүйек — 22 қыркүйек аралығында.
  3. «Мамандығым — Ұстаздық». Өзінің мамандық таңдауы туралы еркін шығарма.
    Мерзімі: 22 қыркүйек — 25 қыркүйек аралығында.
  4. «Менің оқушыларым» — Оқушылар туралы материал жазу. Материалда бір немесе бірнеше оқушы туралы ақпарат, мінездеме, сараптама т.б жазуға болады. Мерзімі: 25 қыркүйек — 28 қыркүйек аралығында.
  5. «Мен танитын БАҚ (Бұқаралық ақпарат құралы) — Еліміздегі БАҚ туралы материал жазу. Өзі білетін басылымдар тізімі және әрбір басылымның бағыты туралы қысқаша анықтама жазу.
    Мерзімі: 29 қыркүйек — 03 қазан аралығында.

P.S.: Қатысушылар үшін арнайы Whatsapp топ ашылады. Сұрақтар мен ұсыныстарды 8 777 055 0590 Редактор whatsapp номеріне жазуға болады.

Жалпы қорытындысы: 10 қазан 2019 жылы Алматы қаласында өтетін қорытынды семинарда нәтижеленеді. Барлық құжаттар мен марапаттаулар қатысушыларға электронды нұсқада әзірленеді. Қатысушылар арасынан 2019-2020 оқу жылына арналған редакция тілшілер тізімін жасақталады. Тілшілер үшін жаңа мүмкіндіктер беріледі. Тілшілер үшін арнайы біліктілік оқу курсы өткізіледі және «БАҚ тілшісі» куәлігі мен оқу сертификаты беріледі.

Қатысу жарнасы:  15 (Он бес) мың теңге. Қатысу жарнасын Каспий банк бағдарламасы арқылы немесе Билайн нөміріне төлем ретінде жіберуге болады. Телефон: 8 777 087 68 43.
Қатысу жарнасын төлеген қатысушыларға «Қаламгер ТЕН» ЖШС тарапынан онлайн кассалық чек беріледі.

Өтініш. Осы хабарламаны ұстаздарға таратыңыздар. Редакция Ұстаздар үшін қызмет етеді. Сәттілік ! ! !

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.