Жаңа сабақтар

КОНКУРС

«Бейнеу ауданының әкімдігінің «Үстірт» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы, 130100, Ж. Аймауытов №39Б бала күтіміндегі қызметкердің орнына орыс тілі маманы уақытша 1 ст лауазымына орналасуға КОНКУРС жариялайды.

1) Орыс тілі маманы — 1ст

ЛАУАЗЫМҒА ОРНАЛАСУ ҮШІН ҚОЙЫЛАТЫН БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАР:

  • жоғары немесе арнаулы орта;

ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:

Конкурсқа қатысушылар білуге міндетті: Қазақстан Республикасының

Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», педагогика және психология негіздерін, «Үстірт» бөбекжайы» МКҚК жарғысын, Қазақстан Республикасының нормативті құжаттарымен және заңнамалық актілермен, Ішкі еңбек тәртібі ережесін, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды білулері тиіс.

Оқу-тәрбие жұмысын «Алғашқы қадам», «Зерек бала» бағдарламаларына сәйкес, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес, жоспарлап жүзеге асады.

Орыс тілі маманы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сай, оқытылатын тіл ерекшелігін ескере отырып жоспарлайды және ұйымдастырады.

Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін өткізіп, олардың мемлекеттік (орыс, шет тілін) тілді меңгеруіне барлық жағдайды жасайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында тіл мәдениетін қалыптастырып, тілге деген қызығушылығын оятып, жеке қасиеттерінің дамуына әсер етеді. Оқытудың түрлі тәсілдері мен нысандарын, әдістерін жүйелі түрде қолданады, инновациялық технологияларды пайдалана біледі. Жоспарлау барысында ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарап, бағдарламалық материалдарды жас ерекшелігіне қарай қолайлы етіп өзгерте біледі. Авторлық және баламалы бағдарламаларды, әдістемелік нұсқаулықтарды өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып өңдей біледі. Компьютерді жақсы біледі және ақпараттық коммуникцияны меңгерген.

Балалардың ұйымда білім алуына және түрлі іс-шараларда белсенділігін танытады, өзінің кәсіби құзыретін жүйелі түрде жоғарылатады. Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен қарым-қатынаста болады. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балалардың денсаулығы мен өміріне жауапкершілік танытады.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына, санатына, біліміне қарай

Орыс тілі маманы – 49 000 теңгеге дейін (1ставка)

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯҒА МЫНАДАЙ ҚҰЖАТТАР ҰСЫНУЫ ТИІС:

  1. Конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсету.
  2. Нотариалды куәландырылған жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі.

  3. Нотариалды куәландырылған білім туралы құжат көшірмесі.

  4. Нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі.

  5. Кадр қызметі куәландырған фотомен кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ.

  6. Бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып, мінездеме.

  7. Медициналық куәландырудан өтуі туралы анықтама.

  8. Соты болмағандығы туралы анықтама, мекен-жай анықтама

Конкурсқа қатысушылар өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде тапсыра алады.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН МЫНА МЕКЕН-ЖАЙҒА ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ:

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ, БЕЙНЕУ АУДАНЫ, БЕЙНЕУ СЕЛОСЫ,Ж.АЙМАУЫТОВ №39Б, «БЕЙНЕУ АУДАНДЫҚ ӘКІМДІГІНІҢ

«ҮСТІРТ» БӨБЕКЖАЙЫ» МКҚК-нің ҒИМАРАТЫ.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.