БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

“Хан Шатыр” сауда-ойын орталығындағы “Sky Beach Club” бассейнінде қайтыс болған Нұр-Сұлтан қаласындағы №10 мектеп-гимназиясы оқушысының әкесінен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 3 маусым күні өтініш келіп түсті. Аталған жағдай бойынша барлық мәселелер ҚР Білім және ғылым министрлігінің тұрақты бақылауында. Осыған байланысты, 9-10 шілде аралығында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен № 10 мектеп-гимназиясының мектеп жанындағы лагерінің қызметіне жоспардан тыс тексеріс ұйымдастырылды.

Аталған факті бойынша 2 қылмыстық іс қозғалғандығын айта кеткен жөн. Мектеп жанындағы лагерьдің жұмысына байланысты барлық материалдар Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментіне жіберілді.

Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша және №10 мектеп-гимназиясы директорының қайтыс болған қыз туралы БАҚ-қа берген сұхбатындағы қате айтылған фактілерді ескере отырып, аталған лауазымды тұлғаға және сынып жетекшісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 409-бабының 1-тармағына сай “Педагог қызметкердің міндеттерін және педагогикалық этика нормаларын орындамауы немесе тиісінше орындамауы” бойынша сот арқылы әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі әкімшілік хаттамалар жасалды. Бүгін мектеп директоры суға кеткен қыздың ата-анасының наразылығын тудырған сұхбат үшін ресми түрде кешірім сұрады.

Жедел әрекет ету үшін 74-25-28 сенім телефоны және “BALA QORGAY” телеграм чаты істейтінін еске саламыз.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше