Жаңа сабақтар

«ҰБТ-2019»

20 маусым 2019 жылыа Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталып, 169 ҰБТ өткізу пунктерінде өткізілуде.

ҰБТ-ға өтініш қабылдау 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді. ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіргендердің жалпы саны – 117 242, оның ішінде осы жылы мектеп бітірушілер саны 96 380-ді құрайды (өткен жылғы мектеп бітірушілер саны — 20 862).

ҰБТ-2019 нәтижелерін:

  • @edu.gov.kz_bot Telegram-боты көмегімен;
  • edu.mail.kz сайтынан;

  • Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан – www.testcenter.kz білуге болады. Ол үшін әрбір тестіленушіге берілетін ТЖК (тестіленушінің жеке кодын) енгізу қажет.

Биыл Министрлік ҰБТ тапсыру кезіндегі кез-келген бұзушылықтарды, оның ішінде жақсы нәтижелер алу үшін үшінші тұлғалардың қызмет көрсетуін болдырмау бойынша нақты қадамдар қабылдауда. Мұндай іс-әрекеттер ҰБТ-ның объективтілігіне сенімді азайтады.

Біз барлық түлектер мен ата-аналардан мұндай жағдайларда бей-жай қарап қалмауды сұраймыз. Егерде Сіздерге «дұрыс жауаптар кодын» сатып алуды ұсынса, тестілеу кезінде көшіріп алудың куәгері болсаңыз немесе тестілеу кезінде бөтен адамдардың жүргенін көрсеңіз,

  • +7 (7172) 69-50-87 телефонына хабарласуды немесе
  • @edu.gov.kz_bot Telegram-ботына хат жазуды сұраймыз.

  • Өз тарапымыздан біз ақпараттың конфиденциалды болуына кепілдік береміз.

    Туындаған сұрақтарға жедел қарау, сонымен қатар тестілеудің айқындылығын жақсарту мақсатында тәулік бойы 8-800-080-7177 Call-орталығы жұмыс істейді.

    ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.