Жаңа сабақтар

КОНКУРС

«Бейнеу ауданының әкімдігінің «Үстірт» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы, Ж. Аймауытов көшесі №39Б 130100, «Үстірт» бөбекжайы» мемекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны төмендегі тәрбиеші лауазымына (уақытша бала күтіміндегі қызметкердің орнына) орналасуға КОНКУРС жариялайды:

  1. Тәрбиеші 1

ЛАУАЗЫМҒА ОРНАЛАСУ ҮШІН ҚОЙЫЛАТЫН БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАР:

  • жоғары немесе арнаулы орта;

ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:

Конкурсқа қатысушылар білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», педагогика және психология негіздерін, «Үстірт» бөбекжайы» МКҚК жарғысын, Қазақстан Республикасының нормативті құжаттарымен және заңнамалық актілермен, Ішкі еңбек тәртібі ережесін, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды білулері тиіс.

Тәрбиеші оқу-тәрбие жұмысын «Алғашқы қадам», «Зерек бала» бағдарламаларына сәйкес, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес, жоспарлап жүзеге асады.

Тәрбиешінің жалақысы еңбек сіңірген жылдарына, санатына, біліміне қарай төленеді.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯҒА МЫНАДАЙ ҚҰЖАТТАР ҰСЫНУЫ ТИІС:

  1. Конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсету.
  2. Нотариалды куәландырылған жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі.

  3. Нотариалды куәландырылған білім туралы құжат көшірмесі.

  4. Еңбек кітапшасының көшірмесі.

  5. Кадр қызметі куәландырған фотомен кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ.

  6. Бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып, мінездеме.

  7. Медициналық куәландырудан өтуі туралы анықтама.

  8. Соты болмағандығы туралы анықтама, мекен-жай анықтама

Конкурсқа қатысушылар өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде тапсыра алады.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН МЫНА МЕКЕН-ЖАЙҒА ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ:

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ, БЕЙНЕУ АУДАНЫ, БЕЙНЕУ СЕЛОСЫ, Ж.АЙМАУЫТОВ №39Б, «БЕЙНЕУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ

«ҮСТІРТ» БӨБЕКЖАЙЫ» МКҚК-нің ҒИМАРАТЫ.39Б

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.