Жаңа сабақтар

ИМАНГАЛИЕВ УЛАН УТЕШКАЛИЕВИЧ

Атырау ақын – жазушыларын оқушыларға оқыту

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Бірлік
ауылы, С.Н.Имашев атындағы
жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі ИМАНГАЛИЕВ УЛАН УТЕШКАЛИЕВИЧ

Жоспары:

I Кіріспе бөлім

Кестелі ой, көркемсөз шеберлері Атырау өңірінің белгілі ақын – жазушылары………………………………………………………………………………..

II Негізгі бөлім

Халық ілтипатына ие болған атыраулық әдебиетшілер………………….

II. I Болмыс- бітімі өзге жазушыларға ұқсамайтын Атыраулық ақиықтар……………………………………………………………………………………….
II. II Атыраулық ардақты ақын Аманқос Ершуовтың өлеңі мен өмірін оқушыларға кеңірек таныстыратын сабақ жоспары…………………………
III Қорытынды бөлім

Көркем әдебиеттің кемелденуі үшін қолына қалам ұстаған Атыраулық ақын – жазушылар………………………………………………………

Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………..

Кіріспе

Атырау облысы — Батыс Қазақстанда орналасқан облыс. 1938 жылы Гурьев облысы деген атымен құрылған. 1992 жылы қазіргі атауына ие болды. Солтүстігінде Батыс Қазақстан облысымен, шығысында Ақтөбе облысымен, оңтүстік-шығысында Маңғыстау облысымен және батысында Ресейдің Астрахан облысымен шектеседі. Сондай-ақ оңтүстік шекарасы Каспий теңізіне келіп тіреледі.

Облыс орталығы — Атырау қаласы.

Облыстың әдебиеті.

Кестелі ой, көркемсөз шебері, Атырау өңірінің белгілі ақын – жазушылары Қазтуған Сүйінішұлы, Бала Ораз Өтебайұлы (1837—1937), Хиса Көбжанұлы, Сәттіғұл Жанғабылұлы (1876— 1966), Сұраубай Үттібайұлы (1887-1970), Құмар Жүсіпов (1905-1980).

Бұл ақындардын дәстүрлерін жалғастырған Әбу Сәрсенбаев, Хамит Ерғалиев, Ғабдол Сланов, Зейнолла Қабдолов-Атыраудың талантты түлектері Фариза Оңғарсынова, Рақымжан Отарбаев, Жұмабай Шаштайұлы және т.б.

Олардың ізін ала халық ілтипатына ие болған Жұмекен Нәжімеденов, Берқайыр Аманшин, Мағзом Сүндетов, Нәбиден Әбуталиев, Марат Отаралиев, Мендекеш Сатыбалдиевтар болды. Республика тарихына енген талантты қаламгерлермен қатар драматург-жазушы Берік Қорқытов, ақындар Жәрдем Тоғашев, Аманқос Ершуов, Қадыр Жүсіпов, Сансызбай Охасов, Өтепберген Әлімгереевті атауға болады.

  1. Халық ілтипатына ие болған атыраулық әдебиетшілер

2.1 Болмыс- бітімі өзге жазушыларға ұқсамайтын Атыраулық ақиықтар

Қазтуған СүйінішұлыНарын құмында туған, 15 ғ-да өмір сүрген жырау. Шалкиіз Тіленшіұлы(1465—1560),Есет би, Махамбет, Шернияз Жарылғасұлы, Қашқынбай Қожамбетұлы (1830—1870), Нұрым Шыршығұлұлы (1831-1908), Мұрат Мөңкеұлы, (1843—1906) т.б. —Еділ мен Жайық, Ойыл мен Қиыл, Жем мен Сағызатырабының ақындары.

Қазтуған Сүйінішұлы (XVII ғасыр) — мырза, батыр, жырау. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен айтулы жорық жырауы.

Қазтуған жырау ноғайдың Едисан ордасының билеушісі Сүйініш мырзаның ұлы. Сүйініш мырзаның Қазтуғаннан басқа Азамат және Аджи атты тағы екі ұлы болған. Оның арғы ата-бабалары Ноғай Ордасының билеушілері еді. Әкесі Сүйініш Абдол­лаұлы (орыс деректерінде – Сююнча Абдулов) Еділ бойында өмір сүрген, кейін Кубань жаққа өтіп кеткен. XVII ғасырдың екінші жарты­сын­да жазылған орыс деректерінде Сүйініш мырзаның аты жиі айтылады. Ресей мем­лекеттік архивінің көне актілер жө­ніндегі бөлімі­нің «Ноғай істері» қорында Сүйініш мырзаның және ноғай ұлы­сының 1660 жылдарға дейінгі де­рек­тері сақталған. Қазтуғанның шежіресі былайша таратылады: Едіге би — Нұраддин — Уаққас — Мұса — Ысмайыл би — Дінбай би — Тінікей — Абдолла — Сүйініш — Қазтуған. Қазтуғанның есімі алғаш рет тарих беттерінде 1673 жылы аталады. Орыс деректерінде оның есімі Тоған деп көрсетілген. Осы жылы қалмақ би­леушісі Аюке хан өзінің бірнеше тайшысымен бірге Астрахан басшы­ла­ры­ның алдына барып, орыс-қалмақ ке­­­лісіміне қол қойып, аманат са­ра­йын­дағы ноғайдың жас мырзасын бо­са­туды сұраған. Қалмақ тайшылары мұндай қадамға едисан ноғайлары­ның мырзасы Сүйініштің сұрауы бойынша барған болатын. Олар Сүйініштің патша алдын­да­­ғы абыройлы істерін еске салды. Алай­да, бұл сұрақтың жауабын Астрахан билігі емес, Мәскеудегі патшаның өзі беру керек еді. Осы кезде іске кабар­дин князі К.М. Черкасский араласып, соңғы шешімді ұлық патшаның өзі ха­бар­лайтынын айтып, қалмақ делега­циясын жылы шыраймен шығарып салады. Қазтуған 1696 жылы ұзақ жылдар бойы Қалмақ хандығына тәуелді болған Едисан ұлысын бастап, Еділ бойынан Қырым хандығына тиесілі Кубаньға көшіп кетеді. Қазтуғанның есімі соңғы рет 1698 жылғы деректе аталады. Онда Едисан ордасының мырзалары Тоған мен Гидемирдің Кубаньның сол жағалауында орын алған жұтқа байланысты Мәскеуге Бейшім аға бастаған елшілікті жібергені жазылған.

Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына әскери рухты, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге жеткен жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды. Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Және олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді. Ақын-жыраудың қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көркемдік әдістері сол дәуірдегі көшпенділердің поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде болғанын, сонымен бірге, өзіндік ерекшеліктері бар екенін білдіреді. Ұлттық бояуы жағынан айқын суреттелген, жасампаз романтикамен көркемдеген, нақылдық ой орамдары мен көркемдік тіркестерге бай. Қазтуған жырау өлеңдері көп ғасырлық өнер мектебі мен әдеби үлгі ретінде санамыздан орын алды.

Қазтуған жыраудың «Мадақ жыры», «Туған жермен қоштасу» сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның халық жыраулары арқылы жеткен бірқатар толғаулары И.Березиннің «Түрік хрестоматиясында» (1862), Ғабдолла Мұштақтың 1910 жылы шыққан «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағында, М.Мағауиннің «Алдаспан» кітабында (1970) жарияланды.[1][2]

Халық Қазтуғанды әрдайым еске алып, қадір тұтады. Ол туралы талай аңыздар айтылған. Ел аңызында ол қалмақтарға қарсы қол бастаған ұрпақтың батыры. Жырауқайғы айтып еш түңілмейді. Батырлар дәстүрін қолдап, асқақ жыр шертеді, ескі елдік бөлінбес бірлік қайтпас ерлік дәстүрін уағыздайды. Ойын-тойы көп жастық шақты еске алып, оптимистик пікірлер ұсынады. Нарындай құнарлы, жайлы кең қоңыстың қасиеттерін асыра ардақтайды.

Көрінген мынау көк Нарын

Ойран салып өткен жер.

Маңдайы күнге күймеген,

Жорғадан басқа мінбеген,

Сұлудан басқа сүймеген,

Қамқадан басқа кимеген…

Жырау өзі жасап отырған тұрмыс-тіршілігіне дән риза. Көк майсаға қонған бай ауылдың бейқам өмірі, әдемі пейзаждық сурет елес береді. Туған жерін шын сүйген жас батыр бейнесін сомдайды.

Жауды көрсең жайнаған,

Жай тасындай қайнаған.

Еділде тұрып оқ атса

Жайыққа түсіп жоғалған…

Шалкиіз Тіленшіұлы (1465 — 1560 жылы ш.) — жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі.

Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Жігіттік шағы Ноғай ордасындағы Мұса бидің маңайында өткен. Кейіннен Үлкен Орданың әміршісі, Мансұрұлы Темір бидің және ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде, өмірінің соңғы кезін қазақ ханы Хақназар маңында өткізді. Жырау туындылары әсерлі, өткір, аз сөзге көп мағына сыйғызған сұлу сазды көркемдігімен ерекшеленеді. Оның шығарм-нан ортағасырлық қарапайым көшпелілердің өмірі туралы нанымды, моральдық, этикөлі түсініктер көрініс тапқан (“Асқар, асқар, асқар тау…”, “Қоғалы көлдер…”, “Арғымақ ару аттар…”, “Ор, ор қоян, ор қоян…”, тағы басқа). Шалкиіз шығармаларында ерлік рухқа, асқақ романтикаға толы жырлар да жеткілікті. “Алаштан байтақ озбасы…”, “Жапырағы жасыл жаутерек…”, “Ер Шобан”, тағы басқа). Шалкиіздің халық арасына ең көп тараған шығармалары — “Би Темірге айтқаны”, “Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқан” толғаулары. Ол ертедегі қазақ поэзиясының өлең өрнегін байытқан ақын. Шығармалары алғаш 19 ғасырдан қағаз бетіне түсе бастады.

Қазан төңкерісіне дейін орыс және қазақ тілдерінде 1875 жылы “Записки Оренбурского отдела Императорского Русского географического общества” жинағында жарияланған. Кейін аталған жинақта (1885), “Астраханский вестник” газетінде (1893, 1916), Ы.Алтынсариннің “Қырғыз хрестоматиясында” (1879, 1906), т.б. жинақтарда, ал Кеңес дәуірінде “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1967), “Алдаспан” (1971) “15 — 18 ғасырлар қазақ поэзиясы” (1982), “Бес ғасыр жырлайды” (1984) жинақтарында жарық көрді.[1]

Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмыныңЖасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.

Байұлы ішіндегі Беріш руының Жайық бұтағынан. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен — он ұл, Шыбынтайдан — төрт ұл, Қобылайдан — үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан.

Бала Ораз Өтебайұлы[1] (1837, Атырау өңірі, Жем бойы — 1882, қазіргі Махамбет ауданы Мырзалы-Балпан мекені) — айтыс ақыны, әнші. Әкеден жастай жетім қалып, жалшылық өмір кешеді. Өсе келе өнер қуып Жем, Жайық, Ойыл, Қобда, Торғай, Нарын құмы, Сыр бойы елдерін аралап, ақындық аты ерте шыққан. Шыншыл, турашылдығы үшін қуғын-сүргін көп көрген. Мұрат, Құлманбет, Жібек, Алма қыз, Тама Досжан ақындармен айтысқан. Бала Ораздың Алма қызбен қағысуы қыз бен жігіт айтысы үлгісінде, әзіл-қалжың, сөз жарыстыру, көңіл-күй әуеніне құрылған. Оның ақындық дарыны Мұратпен, Жібек қызбен, Құлманбетпен айтыстарынан танылады. Жібекпен айтысында ел қорғаған батырларды жырлайды, айтыс желісінен Ресей үкіметінің отарлау саясатына, ұрда-жық төрелеріне, оларға жарамсақтанған жергілікті әкімдеріне наразылық айқын байқалады. Құлманбетпен айтысы — қазақ әдебиеті тарихындағы көркемдігі жоғары, ең үздік айтыстардың бірі. Тойбастар, арнау өлеңдерінде ерлікті, елдікті толғап, өмірдегі жағымсыз істерді жалтақсыз әшкерелеген. Ол әйгілі әнші Мұхитпен қатар жүрген, өзіндік саз, әдемі әуені бар әнші-ақын болған.

Әбу Сәрсенбаев (1905 жылы 15 қазанда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ботақан ауылы — 1995 жылы 25 қарашадаАлматы) — ақын, жазушы. Қазақстанның халық жазушысы (1996). Ұлы Отан соғысының ардагері. Парасат орденініңиегері.

Қабдолов Зейнолла (1927—2006) — жазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

Атырау облысы Мақат ауданының Доссор кентінде дүниеге келген. 1945 жылы қазіргі әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1950 жылы үздік дипломмен бітірген. Осы білім ордасында елу жылдан астам үздіксіз білім және ғылым жұмыстарын қатар жүргізген.

Ширек ғасыр бойы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің әдебиет кафедрасын басқарып, бірнеше жыл «Жұлдыз» журналы мен «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы міндеттерін негізгі қызметімен қоса атқарған.

«Ұшқын» және «Жалын» романдарының, «Адам», «Сыр» атты жинақтарына енген әңгіме-очерктері мен Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық және бірнеше облыстық театрлардың сахналарында қойылған «Сөнбейтін от» драмасының авторы. «Менің Әуезовым» романы үшін 1998 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Өмірінің соңына дейін Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті жанындағы филология ғылымдары докторы дәрежесін тағайындау жөніндегі тұрақты диссертациялық кеңестің төрағасы қызметін атқарған.

Тұңғыш көлемді шығармасы «Өмір ұшқыны» 1956 жылы қазақ, 1958 жылы «Искра жизни» повесі орыс тілінде жарық көрген. 1964 жылы «Адам» атты әңгімелер мен очерктер жинағы шыққан. 1967 жылы республикалық байқауда «Сөнбейтін от» пьесасы сыйлық алған. «Мұхтар аға» документалды кинофильмінің сценарийін жазған. Мұнайшылар өмірінен жазылған «Жалын» романы 1970-1971 жылдары қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген. Бұл роман жұмысшылар табы туралы ең үздік туындылар жөнінде КСРО Жазушылар одағы жариялаған бүкілодақтық байқауда арнаулы сыйлық алған. 1964-2002 жылдары әдебиеттану ғылымы мен теориясын зерттеу, орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар жазу ісінде де жемісті еңбек еткен. Оның «Арна» зерттеу-сын-эссесі, «Жанр сыры», «Сөз өнері» монографиялары, «Жебе» әдеби толғаныстар мен талдаулары, «Көзқарас» талдаулар мен толғаныстары, «Әдебиет теориясының негіздері» атты еңбектері студенттер мен мұғалімдердің және жазушы-журналистердің қажет кітаптарына айналды.

Басқа да көптеген еңбектері: екі томдық шығармалары, «Елеусіз қалған есіл ер» пьесалар жинағы, «Менің Әуезовым», «Ұшқын», «Жалын» романдары, таңдамалы шығармалар, бес томдық алғашқы кітаптары «Жазушы», «Санат» баспаларынан әр жылдары басылып шыққан.

Ұзақ жылдар бойы З.Қабдолов өзі дәріс алып, аялы алақанның, ыстық лебізінің шапағатын көрген ұстазы — ұлы Мұхтар Әуезовтың ғылым ордасындағы киелі орнын жоғалтпай, Әуезов кафедрасының ісін жалғастырып, отын өшірмей келген.

ЮНЕСКО көлемінде әлемдік деңгейде аталып өткен М.Әуезовтың 100-жылдық мерейтойына арнайы жазылған «Менің Әуезовым» атты роман-эссесінде ұлы қаламгердің ұстаздық феноменін таныту арқылы оның әдеби бейнесін жасау тәжірибесін жаңа сапаға көтерген. Эссе әдебиетіміздің алтын қорына құнды қазына болып құйылды.

Аударма жұмыстарымен де айналысып, А.Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісін, Н.Гогольдің мақалалары мен хаттарын, В.Добровольскийдің «Сұр шинельді үш жігіт», В.Закруткиннің «Судағы станица» романдарын, А.Островскийдің «Ұшынған ақша», М.Горкийдің «Күн перзенттері», Н.Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ер» пьесаларын қазақ тіліне аударған.

«Халықтар достығы», «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, көптеген медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы Бірінші дәрежелі сыйлығының лауреаты. Көркем шығармалары бірнеше шетел тілдеріне аударылған.

Алматы қаласындағы мекен-тұрағы болған Желтоқсан көшесіндегі 132 үйдің қабырғасына мемориалды тақта орнатылып, қаладағы көшелердің біріне жазушының есімі берілген.[1]

Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов (28 қараша, 1935 жыл, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Қошалақ22 қараша, 1983 жыл, Алматы) — ҚазақстанРеспубликасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері. Жұмекен Нәжімеденовтің алғашқы «Егіс» лирикалық жинағы 1961 жылы жарық көрді. Төрт жылдан кейін «Жоқ, ұмытуға болмайды» атты поэмалар жинағы шықты. Ж.Нәжімеденовтің тірі кезінде барлығы он өлеңдер жинағы мен «Ақ шағылдар» (1973ж), «Кішкентай» (1975 ж), «Атақ пен дақпырт» (1978ж) атты үш романы басылды.

Ақын өлімінен кейін жарық көрген он жинағына тірі кезінде жарияланбаған өлеңдері, поэмалары, повестері мен романдары, мақалалары мен аудармалары және тоғыз күй енді. Оның шығармалары көптеген тілдерге аударылып, басылды. Ақын А.Вознесенскийдің, Е.Евтушенконың, Н.Хикмет пен Ә.Файзи шығармаларын аударған.

Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова (5 желтоқсан 1939 жыл23 қаңтар 2014 жыл)- қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты (1996-2004).

1939 жылы 5 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.

Қызмет жолы

1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы» қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген.

19661968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған.

1968–1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен.

1970–1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») журналының бас редакторы, 1978–2000 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы болып істеді.

20002004 жж. ҚР мәжілісінің депутаты болды.

2014 жылдың 23 қаңтар күні Астана қаласында ұзақ сырқаттан дүниеден өтті [2]

Әдеби шығармашылығы

Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы.

Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.

1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

2.2 Атыраулық ардақты ақын Аманқос Ершуовтың өлеңі мен өмірін оқушыларға кеңірек таныстыратын сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Көкжиегім – келешегім А.Ершуов

Сабақтың мақсаты: Ардақты ақын Аманқос ағамыздың өлеңі мен өмірі туралы оқушыларға кеңірек таныстыру.

Тәрбиелілігі: Қазақ поэзиясының шаңырағының биік болуына үлес қосқан және қазақ поэзиясында өзіндік орны бар талантты ақын, қарымды қаламгердің жыр шумақтарымен таныстыра отырып,оқушыларды ұлтжандылыққа, сыйластыққа , адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: талантты ақынның ырым-тыйым сөздері және ақынның өмірінен сурет – шежіре

Мұғалім сөзі :

Ақкиізтоғайлық ақын Аманқос Ершуовты оқушыларға таныстыру. Аманқос сөз жоқ, сөз химиясын игерген шынайы қаламгер. Ол қазақ поэзиясының шаңырағының биік болуына үлес қосқан және қазақ поэзиясында өзіндік орны бар талантты ақын, қарымды қаламгер. 1974 жылы оның тұңғыш жинағы «Көкжиегім-келешегім» жарық көрді. Ақынның тұңғыш жинағы оның болашақ асуларына еркін бағытталған туынды еді. Жинақ оның кім екенін танытты.

« Сенімнің сексен теңін арқаладым,

Ат басын енді қалай тарта аламын.

Ақтарып отырған соң қариялар

Келешек күндерімнің әр парағын.» Бұл бәйгеге қосылған тұлпардың мінезі. Осы жинақтағы мына бір шумақ ақынның халық алдындағы антындай естіледі.

«Тамшыдан жатса да әзір көл құралмай,Аумайды күн жолынан енді маңдай.Мен жоқпын мынау жайсаң дүниедеСендерді қалар болсам сендіре алмай» Қазақстанның қай өлкесінен астанаға әуестік ,Алматыға үйілу, бір жинағы шықса ұлылық ұялағандай ,ақындық сапарына қосылдым деп кеудесіне нан піскендей ,үй жалдап тұрса да кейбіреулер Алатаудың маңына ұмтылды. Алматы дарындылықты сонда тұрсаң ғана беретіндей. Бірақ , Аманқос туған жеріне терең тамырланған талант екенін ауылда тұрып-ақ мойындатты» -дейді филология ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Жүсіп.

  • А.Ершуовтың өлеңдерінен үзінді оқу

А. Ершуов «Ақ бұлттар атын шығарған» — Наркиза

А. Ершуов «Жайым жоқ ақындықтан жалтаруға…»-Назира

А. Ершуов «Меңдекеш Сатыбалдиевке»- Бекнұр

Аманқос Ершуовке жерлесі, ақын Қаржау Оразбаевтың арнау өлеңі- Гүлжайна

… Ақкиізге түледің,

Жыр боп соғып жүрегің,

Ақмешіттің сорына,

Аунап өскен ұл едің.

Елге ақын боп елендің,

Марапатқа кенелдің.

Ортанқолдай әулеттің,

Ортасында көп елдің.

… Өткен өмір, ол – есте,

Бес перзенті белесте.

Жақсылардың кеудесі,

Алтын сандық емес пе?!

Сексенге жет, сергек боп,

Тоқсанға да өрлеп кет!

Тойлап жатсын дүйім ел,

Қаулап жатсын жыр көктеп.

Ардақ тұтқан бір кезден,

Арда ақын ең, жыр-безбен.

Баптап ұдай, беу, Муза,

Сақта, Құдай, тіл-көзден!

. Ән шашу

1.«Алтыным» — әні Б.Қоқаманов, сөзі А.Ершуов

2.«Бөбек» әні – сөзі Маржан Ершу

3.«Атырау- арман» әні — сөзі М.Ершу

ІV. Сурет – шежіре

1.Ақын, әрі ұстаз

2.Ақынның жолын қуған ақын қызы Маржан Ершу

Қорытынды сөз.

Ақынның «Келешегім –көкжиегім», «Шырқау», «Шопан баласы», «Жылқышының ұлы», «Ойсылқара», «Алтын босаға», «Шұғылалы шақтар», «Пір Бекет пен жыр зекет», «Оғыланды» жыр кітаптары мен «Жаралы жылдар», «Мәңгілік махаббат» драмалық шығармалары оқырмандардың ыстық ықыласына бөленуде. Ақын «Құрмет Белгісі» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, республика халық ағарту ісінің үздігі.

Қорытынды

«Оқырманы, іздеу-сұрары жоқ жазушы әскерсіз қолбасшымен тең». Болмыс- бітімі өзге жазушыларға ұқсамайтын ерекше дарын иесі Рақымжан Отарбаев осылай дейді. Тек ел ішінде ғана емес, жазған дүниелері әлем оқырмандарына жол тартқан қаламгердің шығармашылығы, оның өмір жолы-бақытсыз балалық-шақтан басталады.

Өткен ғасырлардағы халық ауыз әдебиетін қаламгерлер «алтын ғасырға» теңейді. Өйткені, сол дәуірдің жазушылары мен бүгінгінің қаламгерлерін салыстыруға келмейді. Көркем әдебиеттің кемелденуі үшін қолына қалам ұстаған жандар ол кезде оқырманнан оқ бойы озық тұруға, озат ойлауға ұмтылатын. Сондықтан қазақ көркем әдебиеттің кемелденуі үшін қолына қалам ұстаған Атыраулық ақын – жазушыларының еңбегі ерекше.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама. 5-11 сыныптар. А., 1999.

2.Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., 1985.

3.Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., 1969.

4.Ақшолақова Т. Көркем шығармаға талдау жасау. А., 1969.

5.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., 1997.

6.Жұмажанова Т. Қ. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері. А., 1995.

7.Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. А., 2003.

8.Құрманбаева Г., Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері. А., 1999.

9.Қазақ әдебиетін жаңа технологиямен оқытудың кейбір жолдары /методикалық жинақ/.

  1. Құсайынов А., Оқулықтану мәселелері. А., 2000.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.