Жаңа сабақтар

Шакирова Гулшат Жангыровна

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Бірлік ауылы,
С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Шакирова Гулшат Жангыровна

Тарих қойнауындағы мектеп

(С.Н.Имашев мектебі жайында)

Бұдан бұрынғы баяндауларға Утера мектебінің 1918 жылғы бастауыш мектеп «3 жылдық», 30 жылдарда орысша, қазақша бастауыш мектеп болғандығын, 1938 жылы қазақша-орысша орталау (7 жылдық) мектеп болғандығын жаздық. М. Айтпаевтің жазуынша , 1938 жылы Утера мектебіне пролетарриаттың төсемі Карл Макстың аты берілген. 1957 жылы осы атауды Теңіз аудандық атқару комитеті тағыда Утера мектебіне бекітті. Алайда 60- жылдардың басынан бастап Карл Макс атындағы Утера орталау мектебі демей, тек Утера 8-жылдық мектебі деп атай бастады. Ал енді Карл макс атымен аталмасын деген құжатты еш жерден кездестірмедік, мүмкін ондай құжат болған шығар,тек бізге белгісіз болар. Бұл кезде «Коммунизм жолы» деп аталған савхоз орталығындағы мектеп Карл Макстың атымен атала бастады. Мүмкін ол жөнінде арнайы үкімет қаулысы болған шығар. 1972 жылы орта мектепке айналуына байланысты Утира орта мектебі деп аталды.

1984 жылдың бас кезінде сол кезде Қазақ СССР-і жоғары советі Президумінің председателі болып істеп тұрған Саттар Нұрмашұлы Имашев қайтыс болды. Сол кездегі дәстүр бойынша белгілі партия-мемлекет қайраткерлерінін есте қалдыру үшін қазақстан үкіметі қаулы алды. Сол жылы сәуір айының бір күнінде әлде ауданнан ба, әлде ауылдық кеңестен бе кім екені еске түспеді. Бір адам келіп директор кабинетінде әңгіме өткізді. Мазмұны-С.Н.Имашевтің атын есте қалдыру үшін Утера мектебіне соның атын беруі керек екенін. Ол үшін мұғалімдер қауымы, ата-аналар жұртшылығы жиналыс өткізіп, Утера мектебіне С.Н.Имашевтің атын беру туралы қаулы алып, үкіметке өтініш түсіруі керек екен. Келесі ұзілісте мұғалімдер жиналысы өткізіліп, сондай қаулы алынды. Таңдаудың утера мектебіне түскен себебі С.Н.Имашевтің өмір баянында С.Н.Имашев 1925 жылы 20 наурызда Гурьев облысы, Теңіз ауданы Бірлік ауылынды тұрған деп жазылған екен. Ал бұл ауыл Утера селосы болғанымен Бірлік ауылдық кеңесі деп аталады. 40 жылдарда Бірлік ауылдың кеңесі деп қазіргі Кудряшов ауылдық кеңесңне қарасты Қиғаш бойы аталатын сияқты еді. 1925 жылдары Бірліктің дәл қай жер болғанына қарамастан, қазіргі уақытта Бірлік ауылдық кеңесі осы Утера селосы болғандықтан осылай ұйғарылған болуы керек. Сонымен үкімет қаулысы шықты. Бұл хаттарды оқушыларға. Ата-аналар қауымына 1984 жылы 1 сентябрь «Білім күні» алғашқы қоңырау салтанатында халық депутаттары теңіз аудандық атқару комитетінің төрағасының орынбасары Нұрғожина Сәкен келіп хабарлады. Осыдан бастап С.Н.Имашев атындағы Утера орта мектебі деп аталып келе жатыр. 1985 жылы мектеп өміріндегі екінші бір оқиға мектеп директорларының өзгеруі болды. 19.08.1985 жылы аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі т.Утешов келіп коллективпен жиналыс өткізіп Ф.Титанованы Котяев селосындағы «Крупская» мектебіне директор етіп жіберетіндігін, Утера мектебіне Н. Ізтелеуов тағайындалғанын хабарлады.

Мектеп тарихы

Ауданымыздағы бай тарихы, қайталанбас өзінше ерекшеліктері бар іргелі мектептердің бірі-С.Н.Имашев атындағы Утера орта мектебі. Қолымызда нақты тарихи құжаттар, архив материалдары болмағандықтан, онша қиын емес сияқты көрінгенмен мектеп тарихын жазу шындығында оңай шаруа болмай шықты. Ертедегі жылдардың іс-қағаздары сақталмаған, Атырау, Астрахань қалаларының архивтарына барып зерттеу жұмыстарын жүргізудің сәті болмады. Сондықтан осы біледі-ау деген көне көз қариялардың көнескі болсада есте қалғандарына қанағат қылуға тура келді. Өкініштісі сол – кезінде осы мектепте қызмет істеген, көп нәрселерді көрген, көп жағдайларды білетін адамдардан сұрап – жазып алу есімізге келмепті. Олардың бәрі дерлік қазір бақилық болып кетті. Сондықтан бұл еңбекті жазу барысында мына негіздерге сүйенуге тура келді. Мына кісілердің кезінде есте қалғандарын сұрастырдық.

1. Загребин Валентин Васильевич – осы селода туып өскен, осындағы мектепті бітірген, өмірінің ұзақ уақытын осы мектепте ұстаз, директор болып істеген. Есінде қалған 30-40 жылджардың кейбір мәліметтерін айтты.

2. Ахметов Смағұл – осы маңайда туып өскен, осы мектепте ұзақ жылдар ұстаздық еткен.

3. Сейтқазиев Зұлхарнай – 1957-1963 жылдарда осы мектепте директор болған.

4. Қабылова Елтай – 40 жылдарда осы мектепте оқыған, 50-80 жылдарда ұстаздық еткен.

5. Хамзина Мүраш – 40-80 жылдарда осы мектепте ұстаздық еткен.

6. Бекбаев Мұхаш – 50-80 жылдарда осы мектепте еңбек етті.

7. Сондай-ақ, 40жылдарда осы мектепте оқыған осы селоның тұрғындары Иманов Әли, Ижерский Алексей Иванович, Расбеков Сатыпалды т.б қарттар да бірқатар құнды мәліметтер айтты.

  1. Тағы бір пайдаланылған мәліметтеріміз – 1959-1960 жылдардың шамасында жазылған Айтбаев Мәдениеттің «Утера селосының және мектебінің тарихы» деген қолжазба еңбегі. Ол кісі 1959-1962 жылдарда осы мектепте мұғалім болып істеген.
  2. Аудандық «Ленин жолы» газетінде 9.07.1977 жылы және 8.09.1987 жылы жергілікті өлкетанушы Зариф Бектеновтың мақалалары шыққан екен. Кейбір мәліметтер осы кісінің көрсеткеніне негізделіп жазылды. Ол кісі ол директорды Астраханьның немесе Атыраудың алған сияқты. Бұл еңбектің ішінде өзіміздің тікелей көріп білген, танитын адамдардың да, өзіміз көрмеген тек аттарын ғана естіген, өздері әлдеқашан бақилық болып кеткен адамдардың да аттары аталады. Біз бұл еңбегімізді көбіне қариялардың есте қалғандары бойынша жазылғандықтан, кейбір жаңсақтықтар болып кетуі де әбден мүмкін. Осындай жаңсақтық болып жатса, ол адамдардың рухы алдында басымызды иіп кешірім сұраймыз. Көңілде алалық жоқ. Өзіміз естіген жайларды ой елегінен өткізіп, осылай болған болар деген шамамен жаздық, тағыда бір сүйенген негізіміз – соңғы 30жылдан астам уақыт ішінде өзіңіздің көзбен көріп, бастан игергеніміз және соңғы 20жылдың ішінде өзіміз түсірген мектеп өңірінің кейбір фото суреттерін пайдаландым. Қолымызда 60мыңнан астам каджр болғанмен көптеген суреттерді пайдалануға мүмкіндік болмады. Бұл жазғандардың олқы орнын толтырамыз деп, жазушылар шығып жатса құба-құб болар еді.

Бержан Шәріпұлы – «Утера селосында алғаш рет бастауыш мектеп 1918жылы ашылды» — деп көрсетеді Айтбаев Мәдениет өзінің «Утера селосымен мектебінің тарихы» деп аталатын қолжазба енгізгенде. Ал жергілікті өлкетанушы атақты тарихшы мұғалім Зариф Бектенов аудандық «Ленин жолы» газетінде 9.07.1977 жылы 8.09.1987 жылы жазған мақалаларында «Ұлы Октябрьдың жеңісінен кейін Теңіз ауданында (қазіргі «Құрманғазы»ауданы)4 болыстық оқу бөлімі болды» деп көрсетеді. Олар Сафон, Телячье, Ганюшкино, Жанбай. 1919-1920 – оқу жылында Сафон болыстық оқу бөлімінде жеті мектеп болды деп көрсетеді де, алтауын атайды, жетіншісі көрсетілмеген. Олар мына селода болған: Үлкен Сафон, Кіші Сафон, Утера, Кошелев, Лонатин, Шипанка. Сафон болыстық оқу бөлімінің меңгерушісі жергілікті мұғалім Анна Михайловна Юнницкая болған деп көрсетеді. Сонда Айтбаевтың да З. Бектеновтың да бір жерден тоғысып тұр. Сонымен Утерада мектептің негізі 1918 жылы қаланған деуге болады. Мынандай жағдайды ескеру керек. Патшалық Ресей кезінде бұл жерде мектеп болмаған ба? 1918 жыл деген ұлы қазақ төңкерісіне әлі бір жылда толмаған уақыт. Бұрынғы патшалы Ресейдің барлық өңірінле кеңес үкіметінің аяғынан тік тұрып әлі буыны бекімеген уақыт. Ол кезде Теңіз ауданы да, Атырау облысы да, тіпті қазақ АССР-і де құрылмаған уақыт. Біздің ауданымыздың жері ақгвардияшылардан 1919 жылдың қарашасының аяғында ғана азат етілгені белгілі. Сонда азамат соғысының аласапыран жылдарында аштық пен мұқтаждық қысқан, байлар мен кедейлер болып жауласқан қым – қуыт заманда мектеп үйінің ондағы оқушылар мен ұстаздардың қандай болғанын, оқу бағдарламасы, оқу құралдары, қалам, сия, қағаз мәселелерінің қандай болғанын елестетудің өзі қиын. Мектеп алғашқы ашылған жылдары кісілердің оқытқаны, кісілердің оқығаны, оқушылар саны, мұғалімдер саны бізге белгісіз. Сол 20жылдарда осы мектепте оқыған, бұл күнде жасы 80-ге келген бір ғана адаммен әңгімелесудің, есінде қалғандарын сұраудың сәті түсті. Ол кісі – осы мектепте ұзақ жылдар жұмыс істеген Валентин Васильевич Загребин. 1918 жылы 8 мамырда туған. Өзінің айтуынша 1926 жылы Утера мектебінің бірінші класына барған. Сол кездегі оның алғашқы ұстазы Кайков Василий Алексеевич болған. Сонымен бірге белгілі Утера мектебінің алғашқы мұғалімдерінің бірі (мүмкін тіпті ең біріншісі) Кайков Василий Алексеевич болып шығады. Бұл кезде әр класты бөлек-бөлек оқытатын класс бөлмелері де, мұғалімдері де болмаған. Сондықтан 1-2-3 класстардың оқушыларын бір бөлмеде қатар-қатар отырғызып қойып бір мұғалім оқытқан. Кайков Василий Алексеевич өз мамандығы мал дәрігері (фельдшері) екен, оқытушы болмағандықтан шығар, бала оқытыпты. Кейінен дәрігерлік жұмыспен айналысқан ауданымыздағы медицина қызметкерлері мен ардагерлердің бірі болған. Одан кейінгі мұғалималары Серафима Константиновна Макарова және Матильда Степановна (фамилясын есіне түсіре алмады) деген адамдар болған. В.В.Загребинмен бірге бір бөлмеде отырып кейінен осы мектепте мұғалім болып істегендер Кенжелиев Хамит, Әмірғалиев Құбаш және Қиғаш бойындағы колхоздарда есепші (бухгальтер) болып істеген Құталиев Зейнолла оқыпты. Олармен класстары бір болғанмен әлде бөлек болғанын еске түсіре алмады, әйтеуір бір бөлмеде отырып бірге оқыған және барлығын бір мұғалім оқытқан. Ол кезде бастауыш мектептер 3 жылдық болыпты. В.В.Загребин арада бір жыл оқымай қалып бұл мектепті 1931 жылы бітірген. 1931 жылдың қыркүйегінен бастап 4-класты Сафон селосындағы 7 жылдық мектепте оқып жалғастырған. В.В.Заргебин жөнінде кейінірек толығырақ баяндаймыз. Сонымен, алғашқы кезең 20-шы жылдар туралы қорытындыласақ:

  1. Утера селосында бастауыш 3 жылдық мектеп 1918 жылы ашылған.
  • Бізге белгілі алғашқы мұғалімі Кайков Василий Алексеевич болған.

  • 20жылдардағы мұғалімдері: Серафима Константиновна, Макарова, Матильда Степановна деген кісілер болған.

  • Бұл мектепте алғашқы оқығандар бізге белгілері В.В.Загребин, Хамит Кенжелиев, Құбаш Әмірғалиев, Зейнолла Құталиев. Ол кездегі бастауыш мектептерде 1-2 мұғалімнен артық мұғалім болмаған. 2-3 класстың оқушылары бір бөлмеде отырып оқи беретін болған. Оқушылар саны мектеп бойынша 15-20дан аспаған. Мектептің әдейі тұрғызған үйі болмаған. Кейінен кулакка жатқызылған бір орыс бойының бір үйін мектеп ретінде пайдаланған.

  • 30 жылдар туралы

    Сол жылдардың сырын шерткен екінші бір қариямыз-Ахметов Смағұл болды. Ол кісі 1924 жылы Утераға жақын жердегі Судыр ауылында туған. Ол өзі Утера мектебінде оқымаған. Бірақ айтқан мәліметтері Утера мектебіне қарасты. Ол кезде утерадан Солтүстік+батыс, Солтүстік, Солтүстік-Шығыс бағыттары ұзын-ұзын қоңыр төбелердің бойлары шағын-шағын қазақ ауылындана толы болған, орыс байларының жерлерінің де болған. С.Ахметов Утерадан 3-4 шақырым жердегі Қонқа деген аталатын жердегі бастауыш мектепте оқыған. Ол кезде Қонқа деген балық пункті, наубайханасы, дүкені, бастауыш мектебі бар Утера мен көрші дардай село болған. Ол кезде қазір суы жоқ құрғап жатқан сай саланың бірі суға толы болған, Қонқаға үлкен-үлкен су кемелері, пароходтар келетін болған.

    1. Бұл жылдарда мынадай мұғалімдер еңбек еткен:
  • Кайков В.А.

  • С.К. Макарова

  • Матильда Степанова

  • Грачева Любовь Никифоровна (1916-1991)

  • Жұмағалиев Мұхит

  • Қайралапов Дәуіт

  • Мұханбетқалиев Хайдар (Завшкал)

  • Талыков Намаз.

  • Шиттуов (атын еске түсіре алмадым)

  • 1938 жылдан бастап мектеп орталау (7-жылдық) мектепке айналды. Оған К.Маркс атағы берілді. Ол атақ 60-жылдарға дейін сақталды.

  • Мектептің алғашқы директоры Сейсенғалиев Қ, оқу ісінің меңгерушісі-Сейтеков Ә болды.

  • Мектепке арналып ағаштан жаңа оқу үйі салынды.

  • Оқушылардың да, мұғалімдердің де саны өсті.

  • 40-шы жылдар туралы

    М.Айтбаевтың мәліметтері бойынша 40-жылдың бас кезінде мектеп оқушылардың саны 285-ке жеткен. Бүкіл еліміздегісияқты, мектеп өміріне жалпы халықтың өңіріне орасан зор әсер еткен оқиға 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы деп аталатын соғыс. Ер азаматтар майданға аттанды. Ересек балалар еңбекке араласты. Жау басып алған батыс аудандардан көптеген адамдар жер ауып келді. Олардың ішінде әртүрлі ұлттар өкілдері болды. Сондай бірқатар адамдар (негізінен әйелдер) Утера 7- жылдық мектебінде жұмыс істеген. 1942-1944 жылдар шамасында мектеп директоры Караванова Татьяна Семеновна деген адам болған. Сол 1942 жылға дейін оқу ісінің меңгерушісі Степанова Маина Александровна болған. Соғыс жылдарында мынандай адамдар бала оқытыпты:

    1. Грачева Любовь 2. Симон Н.М. 3. Кайзер Виктория Борисовна 4. И.Павел Васильевич, 5. Өтепқалиева Ләззат, 6. Түсекеева Мұқтаж, 7. Жарбасов Өтеғали, 8. Елеуова Ғапура, 9. Әмірова Махфуза, 10. Дидарғалиева Зібира, 11. Құрманова Қабира, 12. (И.Власова) Зоя Ивановна, 13. Мещерянова Лида Исаевна, 14. Дидарғалиев Құбайдолла.

    Елуінші жылдарда.

    Әр он жылдың өзіне тән ерекшелігі болады. Ұрпақ жалғастығы, дәстүр жалғастығы жүріп жатады. Бұрынғы мұғалімдер істей береді, бұрынғы шәкірттер оқи береді, бірақ өзгеру, жаңару үздіксіз болып жатады.елуінші жылдардың бас кезі әлі ауыр кезең. Соғыстың жарасы әлі жазылған жоқ. Сталиндік тоталитаризм заманы. Халық әлі тойынған жоқ. Баяғы жұтаңдық әлі сақталуда. 1953 жыл Сталин өлгеннен кейін ғана жағдай өзгере бастады. Хрущев ауыл шаруашылығын көтеру, тың-тыңайған жерлерді игеру мәселесін қойды. 1953 жылы Маленнов халыққа жылқы саттырды. Етке тойып халық бір жырғап қалды. 1956ж Қазақстан 1млрд сут астық тапсырды.молшылық осы кезде келді. 1957 жылы колхоздарды ілгелендіру науқаны негізінде «Қызыл таң» колхозына «1 май» колхозы келіп қосылды. Утера селосының халқы өсті, әсіресе қазақ хақының үлес саны өсті. Бұл жағдайлар мектеп өміріне де әсер етпей қоймады. 1958 жылы қабылданған заңға сәйкес орталау мектептер 8-жылдыққа айналды. Утера мектебінде 50-жылдардың аяғына қарай класс колтектісі 16-17, оқушылар саны 300-ден асты, мұғалімдер саны 20-ға жеткен.

    60-жылдар

    Әр онжылдықтың өз ерекшелігі, өз белгілері бар. Ол кезде барлық оқу тәрбие жұмыстары партия мен үкіметтің қаулы қатарларына, идеологиялық талаптарға сәйкес жүргізілді. Бұл коммунистік ұранның, әміршіл-әкімшіл жүйенің ең бір шарықтаған кезі еді. 1961 жылы СОКП-ның ХХІІ съезі болды. Парияның жаңа бағдарламасы қабылданды. Коммунизм орнатушылардың моральдық кодексі қабылданды. Коммунизм орнатудың біртұтас 3 міндеті айқындалды. «Совет адамдарының қазіргі ұрпағы коммунизм кезінде өмір сүретін болады!» деп партия салтанатты түрде жариялады. Коммунистік тәрбие беруде Екібастұздықтардың бастамасы, оқытудың кабинеттік жүйесіне көшу, ұзартылған күн топтарын құру, әр пәнде жаңа бағдарламалар бойынша оқыту т.б. коптеген әңгімелер осы кезде шықты. Сондықтан әр бір педагогикалық кеңестерде, кәсіподақ, партия т.б. жиналыстарда осы мәселелер қызу талқыланып, тиісінше қаулы шаралар қабылданып жатты. Партияның кезекті съездері, жоғарғы советтердің және жергілікті советтердің кезекті сайлаулары болып жатты. Мұғалімдер бұл саяси оқиғалардың бел ортасында жүрді. Сайлау комиссияларының құрамында болды, үгітші-насихатшы болу мұғалімдердің үйреншікті ісі болды. Бұл кезде тарих, әдебиет оқулықтары жұтаң тартты. Тарихи оқиғаларды іске асырған қайраткерлер аттары аталмай, бәрінде данышпан партия іске асырған болып баяндалды, советтік, интернационалистік деген желеумен орыс тілін оқыту, санаға орыс мәдениетін сіңіру ерекше қарқынмен жүргізілді. Сондықтан да қазақ халқының рухани өмірінің жұтаңдауы, реңсіз сұрқай тартуы осы кезеңде басталды. Барлық іс –қағаздары орысша жүргізілді. Утера мектебінде әуелден де орысша жүргізілетін. Мынандай фактікі келтіре кетейін. 1956 жылғы 14 қарашада болған Утера мектебінің педагогикалық кеңесінде мынандай қаулы айтты: «Қазақ балаларының орысша сөйлеп дағдылануын жетілдіру мақсатында қазақ класстарындағы көптеген пәндерден сабақтар орыс тілінде жүргізілсін» программалық материалдарды қазақ балалары ана тілінде игеріп қойса аздық етеді деді ма екен?! Қорытындыны оқушының өзі жасасын. Қазақ баласы қазақшасын білмей қайда кетер дейсің деген түсінік болды. Бұл саясат 60-жылдарда ерекше ыждағатпен іске асырылды. Нәтижесінде қазақша білмейтін қазақты менсінбейтін ұрпақ қалыптасты.Мектеп өңіріндегі жаңалықтар. 1963 жылдан 1978 жылға дейін мектеп директоры В.В.Загербин болды. Орынбасары 1963-1972 жылға дейін Н.А.Шурин болды. Завхоз В.А.Иванов. Сыпырушылар А.Иванова. Н.Бидаренко, В.Кулагина, В.Латышева, Т.Яренко, А.Григорьева т.б. мектеп әлі қамыспен жылытылатын. Таңертең, кешке колхоздың электр станциясы жұмыс істеді. Селоға орталықтан радио жүйесі тартылды. Колхоз шаруашылығы, әсіресе 1961 жылы Котельников келгеннен кейін қауырт өрге басты. Колхозшылар өздеріне жеке үйлер салды. «Қызыл таң» аудандағы ең бір іргелі атақты шаруашылыққа айналды. Бұл жағдайлар мектепке де әсер етті. Жылдан жылға оқушылардың да саны өсіп отырды. 1962-1963 оқу жылында мектепте 344 оқушы болса, 60-жылдардың аяғында оқушылар саны 500-ге жетті. Соның ішінде қазақ класстарының саны да, қазақ оқушылар саны да өсті. Пионер ұйымының жетекшілері 1964 жылға дейін Е,Қабылова, 1964-1967 жылдары Кенжеғалиев, 1967-1972 жылдары Л,В.Загребина болды. Л.В.Загребинаның кезінде пионер ұйымы айтарлықтай жұмыс істеді. Көгілдір партуль, колхоздың егін шаруашылығына көмектесу, қағаз жабдықтарын, металл сынықтарын жинаттыру, әр түрлі кездесулер, пионер ұйымдастыру дағдылы іс болды. Бұл кезде мектеп оқушыларының ерекше бір жетістіктері физкультура-спорт саласында болды. Әсіресе, дене тәрбиесінен сабақ берген Князев айыпқан қажырлы еңбек етті. Аудандық жарыстарда Утера мектебінің оқушылары талай рет жеңімпаз атанып дипломдар мен кубоктарды жеңіп алды. Ол кубоктар мектеп музейінде сақтаулы тұр. Ол кезде мектептің спорт залы болмады. Қысты күндері сабақтар мектеп дәлізінде өтетін. Тек 1969 жылы колхоз жаңа спорт залын салып берді. Құрылысқа басшылық еткен Ахметов Сейтхан еді. Ол спорт зал 1992 жылы бұзылып алынды. Кейбір жеке пәндер бойынша өткізілген қызықты кездер есте қалды. Мысалы, физикадан М.Нажимов өткізген тарих кештері Б.Шарипов, орыс тілі мен әдебиетінен М.Бекбаев, Ұ.Шәріпова өткізген кештер оқушылардың ұзақ уақыт есінде қалған шығар. Енді сол жылдарда Утера мектебіне келіп жұмыс істеген бірқатар мұғалімдерге қысқаша тоқталайық.

    70-інші жылдар жайында

    Бұл жылдар тарихқа тоқырау жылдары деген атпен кіргені белгілі. Тоқырау тек 70 жылдардың аяғында ғана сезілді. Рухани өмірді айтпасақ халықтың тұрмысы, табысы жақсы еді. Әкімшіл-әміршіл жүйенің әбден шарықтаған кезі. Кеңес елінде айтулы-айтулы оқиғалар болды. Мысалы 70 жылы В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу. 70 жылы Қазақ ССР-нің 50 жылдығы тойланды. Соған байланысты Л.И. Брежнев Алматыға келіп сөз сөйлеп орден табыстады. 1971 ж апрельде партияның ХХІV съезі, 1976 ж ХХV съезі, 1977 ж ұлы Қазан төңкерісінің 60 жылдығы тойланды. 1975 ж Ұлы Отан соғысындағы Ұлы жеңістің 30 жылдығы тойланды. Бұдан басқада көптеген оқиғалар болып жатты. Оның бәрі мектеп өміріне әсер етіп жатты. Мысалы 1977 жылы жаңа конституцияның қабылдануы, сол жылдары Л.И.Брежневтың «Кіші жер», «Қайта өрлеу», «Тың» деп аталатын кітаптарының шығуын Лениндік сыйлықтардың берілуі, ол материалдарды сабақтарда, оқу тәрбие жұмыстарында міндетті түрде пайдалану қажеттілігі туралы бұйрық, нұсқау, қаулылырдың болуы мектеп өміріне, мұғалімдердің жұмысына тікелей ықпал етіп жатты. (жалғасы. Басы №1 дәптерде)

    Бұлар жөнінде қаншама жиналыстар болды, қаншама қаулы-қарарлар, шаралар қабылданды. Осылардың бәрінде сөйлеп, түсіндіріп, жазып жатқан мұғалімдер болды. Олардан басқа мектеп жөнінде қаншама қаулы, нұсқау, бұйрықтар болды. Мысалы ұзартылған күн тобын ұйымдастыру, проблемалық оқыту, программалап оқыту, факультативтік курстар, еңбекке баулу, кәсіптік бағдар т.б.көптеген нұсқау, бұйрықтар осы жылдары шықты. Сонда мектеп өмірі, мұғалім, оқушы өмірі осы нұсқау, бұйрықтарға тікелей тәуелді болған екен. Бұл кезде «Қызыл таң» колхозы әбден күшейіп, финанс-экономикасы нығайып, ірі шаруашылыққа айналған еді. Колхоздың ондай табыстарынағ сөз жоқ, басқарма төрағасы Ф.Л.Котельниковтың орасан зор еңбегі болды. Колхоздың бұндай күш**** мектепке де игілікті әсерлі болды. Ол жылдардағы мектептегі оң өзгерістер колхоз шаруашылығының, бүкіл еліміздің шаруашылығының жетістіктеріне тікелей байланысты болды. 70 жылдардың бас кезінде колхоз мектепке жақын жерден сұйық отын жағып сумен жылытатын орталық қазан тұрғызды. Соған жақын жерден балабақша, жылыжай, гараждар, монша, мектептің алдынан колхоз кеңсе үйін салды. Солардың бәрі енді бір орталықтан сумен жылытатын болды. Енді оған мектеп те жалғанды. Бұл сол кез үшін үлкен өзгеріс еді. Екінші, 1974ж утера селосы Одақ бойынша европалық бөлімдегі бірыңғай электр жүйесіне қосылды. Атап айту керек, Утера селосы басқа балықшы колхоздарға қарағанда 2-3 жыл бұрын қосылды. Бұл істе де Котельниковтың еңбегі, ақшаның күші болды. 70 жылдардың басында Утера мектебінің 8-классын жыл сайын 70-80 оқушы бітіріп жүрді. Бұл кез бүкіл елде жаппай орта білімге көшуді іске асыру саясатының кезі. 8-класты бітірген балалар әрі қарай Сафонға, немесе басқа орта мектебі бар жерлерге барып оқитын. Ата-аналардың тілегі баласының өз ауылынан орта мектепті бітіруі еді. Бұл пікірді бастаған тағы да Ф.Л.Котельников болса керек. Ол аудандық партия комитеті мен атқару комитетінің алдында Утера 8 жылдық мектебін орта мектепке айналдыру мәселесін қойды. Аудан басшылары ол кезде Бақтыгерей Ахметқалиев пен Арон Өтеуов, Котельников сияқты азулы басқарманың талабын орындау жөн деп санаған болуы керек. Осындай жұмыстардың нәтижесінде утера мектебінде 1971-1972 оқу жылында 9 сынып, 1972-1973 оқу жылында 10 сыныптар ашылды. Қазақ сыныптары екі-екіден еді. Сөйтіп жаңадан 5 класс қосылды. 1972-1973 оқу жылында Утера мектебі толық коллективтілі орта мектепке айналды. Класс саны-27, оқушылар саны 1972-1973 оқу жылында (5.09.1972)-607, мұғалмдер саны-37 болды. Мектеп басшылығында аздап өзгеріс болды. Директор бұрынғыша В.В.Загребин. директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары-М.Нәжімов. сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы-Н.Шурин. бастауыш класстары жөнінде завуч Е.Қабылова. Алғашқы әскери дайындық жүргізуші-Паншев. Завхоз бұрынғысынша Иманов В.А. орта мектепке арналған алғашқы жылы мұғалімдердің тізімін келтіре кетсек артық болмас. Класы барлардың класын қоса көрсетейін.

    1972-1973 оқу жылы.

    1. І «а» кл- Қабылова Е-31

    2. І «б» кл- Графина Р.Г.- 20

    3. ІІ «а» кл- Ахметов С.-24

    4. ІІ «б» кл- Жантемірова М. – 25

    5. ІІ «в» кл- Чаплыгина Т.Ч -20

    6. ІІІ «а» кл- Марданов Н -20

    7. ІІІ «б» кл- Құсайынова З – 23

    8. ІІІ «в» кл- Костин В.Д-22

    9. ІV «а» кл- Сабырғалиева Г-23

    10. ІV «б» кл- Әбішев А-22

    11. ІV «в» кл-Монахов Б.И-19

    12. V «а» кл-Аманғалиев Ш-19

    13. V «б» кл-Алиев С.-19

    14. V «в» кл- Тышқанбаев С -28

    15. VІ «а» кл- Қойшыбаева А-20

    16. VІ «б» кл- Бекбаев М.Ш-20

    17. VІ «в» кл- Торғаева Р.К-23

    18. VІІ«а» кл- Шарипов Б. И-22

    19. VІІ «б» кл- Нұралин Т-22

    20. VІІ «в» кл- Иванова Н.В -31

    21. VІІІ «а» кл- Титанова Ф -26

    22. VІІІ «б» кл- Мұраталиева Х -20

    23. ІХ «а» кл- Аманғалиев Қ-34

    24. ІХ «б» кл- Кенжегалиев К -15

    25. Х «а» кл- Түсіпов Р. — 20

    26. Х «б» кл- Кньязев А-16

    27. Х «в» кл- Нажимова Т.М-22

    28. Загребина Л.В – орыс тілі

    29. Медеуов С — тарих

    30. Пангиев – воен рук

    31. Ысқақова А – үй шаруаш.

    32. Нажимов В- физкультура

    33. Шарипова Ұ – орыс тілі

    34. Мұхамедьяева Р – математика

    35. Загребин В.В – директор, орыс тілі

    36. Шурин Н.А – Завуч тарих

    37. Нажимов М – завуч физика

    Жаңадан кластар ашылуына байланысты жаңа оқу бөлмелері керек болды. Бұл мұқтаждықты колхоз орындап берді. Бұрынғы мектептің шикі тастан салған үйіне жалғастырып жаңадан 4 бөлмелі оқу үйін салып берді. Ол кезде аудандық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі Қабдығали Қазиев еді. Утера мектебінің орта мектепке айналу әзірлігі кезінде мектепке келіп жаңадан салынатын қосымша мектеп үйінің орнын өлшеп , анықтап беріп кетті. Бәрі бір 27 класс үшін, оның үстіне орыс тілі, дене тәрбиесі, еңбек пәндерінен бөлініп оқытылатын, оған қоса факультативтер, ұзартылған күн тобы, үйірме жұмыстары дегендерді ескерсек мектеп үйі әлі де тарлық ететін еді. Сондықтан оқу екі кезекте толық жүретін және ешқандай бос орын болмайтын. Ал мектептегі үздіксіз жиналыстар түнгі 8-ден сағат 11,12-ге дейін созылатын. Жиналыс қандай көп еді. Пед совет, директор жанындағы жиналыс, партия, кәсіподақтар жиналысы, методикалық жиналыстар, саяси сабақ, азаматтық қорғаныс оқулары, класс жетекшілерінің жиналыстары, кластар бойынша, мектеп бойынша ата-аналар жиналыстары, комсомол жиналыстары, пионер жиналыстары, тәрбие сағаттары, кездесулер, кештер, т.б. толып жатыр.түбі жоқ жиналыстар, жиындар, жұмыстар еді. Соның бәріне әзірлену, сөйлеу, қаулыларын дайындау керек еді. Қатысатын, дайындайтын баяғы мұғалімдер. Сонымен 1973 жылы Утера мектебі орта мектеп ретінде алғашқы түлектерін шығарды, бұл мектеп өміріндегі, село өміріндегі айтулы көңіл толқытар қуанышты оқиға еді. Сол жылы мектепті 2 қазақ класы, 1 орыс класы барлығы 56 оқушы бітірді. Бұдан кейін де оншақты жыл осы шамада бітірумен болды. Жылма жыл 3 кластан бітіріп жүрді. 1973 ж 25 майда алғаш рет мектеп алаңында мектеп бітірушілерге арналған соңғы қоңырау салтанаты болды. Салтанатты сап түзеу ерекше әсерлі болды. Ұстаздар, ата-аналар ерекше толқу үстінде көзднріне жас алып тұрып, ақ тілек баталарын берді. Оқушылар да қимастықпен қоштасу сөздерін айтып, алғыс сезімдерін білдірді. Осыдан 1 ай өткенде алғашқы түлектерге орта білім туралы аттестат тапсыру салтанаты болды. Мақтау грамоталары, паспорт қоса тапсырылды. Салтанатқа ата-аналардан басқа жергілікті совет, партия, колхоз басшылары, актив белсенділері қатысты. Сол жылы мектеп бітірген жастардың көбі кейін жоғары оқу орындарын бітіріп, еліміздің алуан түрлі шаруашылық салаларында еңбек етіп жүр. Осыдан бері мектеп бітірушілерге арнап салтанатты соңғы қоңырау жиынын өткізу салтанатты түрде аттестат тапсыру, бірінші класқа келген бүлдіршіндерге арнап алғашқы қоңырау салтанатын өткізу дәстүрге айналды.1975 жылы Ұлы отан соғысындағы жеңістің 30 жылдығы тойланды. Мектептің терезе жақ (көше жақ) алдына колхоз кеңсесі мен екі орталыққа Ұлы отан соғысында қаза тапқандарға арнап ескерткіш белгітақта орнатылды. Мәңгі от алау орнатылды. Колхоз кеңсесі мен мектеп аралығы көше бойы темір тормен қоршалып парк жасалды. Осы жеңістің 30 жылдың мерекесінде парк ішінде ескерткіш алдында Ұлы отан соғысында қаза тапқандарды еске алу салтанатты жиыны-сапқа тұру болды. Пионерлер сапқа тұрды, құрметті қарауылға тұрды, мәңгі от-алау жағылды, гүл шоқтары қойылды. Жиынға соғыс ардагерлері шақырылды. Жергілікті басшылар, халық оларды құттықтады. Олардың құрметіне оқушылар концерт қойды. Ардагерлер естеліктерін айтты. Содан бері мұндай жиындар жылма-жыл дәстүрге айналдыү соңғы қоңырау, жеңіс күні, алғашқы қоңырау салтанатты жиындар Утера мектебінде өте мұқият әзірленетін. Күні бұрын жоспар жасалып, әрбір айтылатын сөз, істелетін жұмыс, жүріс-бұрыс, бәрінің уақыты мұқият есептелетін. Сондықтан да бұл жиындар ерекше әсерлі, оқушылар ғана емес бүкіл село тұрғындары үшін тәрбиелік маңызы зор, салтанатты деген атына сай жоғары дәреже асқақ көңіл күймен өтетін. Адамға ерекше рухани күш, жігер беретіндей сезілетін. Утера мектебінде ұйымдастырылып осындай жиындардың ауданның басқа жерлерінде өткізілмейтінін, өткізілсе де тап осындай жоғары дәрежеде өткізілмейтін кейін көзімен көріп жүрегімен сезген кейбір лауазымды адамдардың аузынан талай естідік. Кезінде бұл салтанатты сәттер фото суреттерге түсіріліп алынған. бұл суреттерден және альбомдар жасауға болады. Ілгеріде айтылған мектепті ыссы сумен жылытудың, бірыңғай электр жүйесіне қосудың қаншалықты маңызы болғанын қазіргі бірқатар адамдардың түсіне алмауы, елемеуі мүмкін. Қазірде үйреншікті нәрсе болған соң мән берілмеуі ғажап емес. Ал оның қадірін сол кезде мыңдаған бау қамыс шаптырып дайындаған селолық кеңес төрағалары мен мектеп директорлары біледі. Оның қадірін таңғы сағат 4-те тұрыпқараңғыда сипалап келіп шам жаққан, қамыс шағын мектепті жылытқан,бұрқыратып күл алған, күйесін кетіріп шылпылдатып салқын сумен еден жуған сыпырушылар біледі. Оның қадірін таңертең қамыс жағып май қайнатып ішкен, таңертеңгі 1-2 сабақтарын майшамның жарығымен өткізген мұғалімдер біледі. Сумен жылыту әрі жылылық, әрі тазалық деген сөз. Электр жарығы-әрі жарық, әрі жылу, әрі техникалық құралдарды пайдалану деген сөз. Бұның өзі қазір айтуға ғана оңай, іске асыру қаншалықты қиын еді десеңші. Ол үшін ондай ой-пікірді айтатын кісі керек. Осылай істесек халыққа жақсы болар еді дейтін басшы керек, ол үшін маман кадрлар керек. Ол үшін ақша керек. Ақша болса да ниет болмаса іс бітпейді. Сол кездегі сондай болып істеген істердің мән-мағынасын, қадір-қасиетін түсіну үшін де парасат иесі керек. 1975 жылы Н.Шурин Ганюшкин бекетіндегі №87 мектепке істейтін болып көшіп кетті де, кластан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы болып Титанова Фаруза тағайындалды. Ол бұл жұмыста 1978 жылға дейін болды. Енді сол жылдарда келген кейбір мұғалімдерге тоқталайық.Көпшілігінің суреттері жоқ.

    1. 1970ж бастауыш кластардың мұғалимасы болып Жантемірова Мақта келді. Ол 1978ж дейін істеді. Кейін Ганюшкиндегі мектептерге ауысты.
  • 1970-1971ж оқу жылында бастауыш кластардың мұғалимасы болып Ғыймыранова Мәншүк істеді. Әнді тым-тәуір айтады екен. Көркем өнерпаздар концертіне қатысушы еді.

  • Осы 1970-1971 жылдары орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берген Евгения Алексеевна Пак болды.

  • Осы 70 жылдардың басында қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Тышқанбаев Сафи.

  • Математика пәнінің мұғалимасы Торғаева Раиса Каримовна болды. Сафи кейін аудандық, облыстық партия кеңесінде істеді. Райса аудандық оқу бөлімінде істеді.

  • Осы кезде бастауыш орыс кластарында істеген бір мұғалима Чаплыгина Татьяна Ивановна болды – 1972 ж келді. Жұмысына тиянақты, ынталы жас еді. Бір жыл істеді де, Красный яр жағына кетті.

  • Дүйсекова Сәбила 1938-1997жж 1971ж күйеуі Аманғалиев Шабильмен бірге Сафон мектебінен келді. 1988ж зейнетке шыққанша ұзартылған күн тобында істеді.

  • 90 жылдар туралы

    1992 жылы өз өтініші бойынша Б.Шарипов директорлықтан шықты.оның орынына Ниғыметов Исатай директор болып тағайындалды. Бұл енді қаржы тапшылығының, этни дағдарысының жылдары. Сондықтан айтарлықтай ештеңе алынған жоқ. Аудандық семинарлар жарыстар өз кезегімен өтіп жатты. 1997ж И.Ниғыметов өз өтінішімен директорлық жұмысынан шықты. Оның орынына директор болып бұған дейін класстан тыс ұйымдастырушысы болып келген Т.Харесов тағайындалды. Мектептің класстан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы болып Р.Сапаров тағайындалды. 1992ж оқу ісінің меңгерушісі Нәжимов Мәдениет зейнетке шықты. Оның орынына оқу ісінің меңгерушісі болып Ғ.Ғабдоллаев тағайындалды. Ол сол жұмысында істеп келеді. 1997-1998 оқу жылдарындағы бір жаңалық- мектепте түрік елінде жасалған үйді сумен қыздыратын қазан орнатылды.

    С.Н.Имашев атындағы орта мектебінің директорлары

    1. 1938-1942ж мектеп директоры Сейсенгалиев Қабден

    2. 1942-1944ж мектеп директоры Караванова Татьяна

    3. 1944-1945ж мектеп директоры Қалиев Фазыл

    4. 1945-1952ж мектеп директоры Жарбасов Өтеғали

    5. 1952-1954ж мектеп директоры Әмірғалиев Қибаш

    6. 1954-1956ж мектеп директоры Загребин Валентин Васильевич

    7. 1956-1963ж мектеп директоры Сейтқазиев Зулхарнай

    8. 1963-1978ж мектеп директоры Загребин Валентин Васильевич

    9. 1978-1985ж мектеп директоры Титанова Фаруза

    10. 1985-1987ж мектеп директоры Изтелеуов Нәкімжан

    11. 1987-1992ж мектеп директоры Шарипов Бержан

    12. 1992-1997ж мектеп директоры Нигметов Исатай

    13. 1997-2002ж мектеп директоры Харесов Таңатар

    14. 2002-2008ж мектеп директоры Капетова Баянсұлу

    15. 2008 жылдан қазіргі директор Сапаров Ризабек Құмарұлы.

    САТТАР ИМАШЕВ МЕКТЕБІ!!!

    Иықта сөмке,кітапқа толы,
    Шәкірттер бір жер беттеді.
    Шәкіртін әркез асыға тосқан,
    Ол- Имашев мектебі!

    Балғын боп еніп,білімге қанып,
    Сан талай шәкірт көктеді.
    Шәкірттің білім шырағын жаққан,
    Ол- Имашев мектебі!

    Зиялы ұстаз тоғысқан арна,
    Секілді Қиғаш бөктері.
    Білім мен білік ұраны болған,
    Ол- Имашев мектебі.

    Темірқазығын нұрлы жол етіп,
    Білім шыңына беттеді.
    Тұғырың әркез биіктен болсын,
    САТТАР ИМАШЕВ МЕКТЕБІ!!!

    Ұлан Иманғалиев

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.