Жаңа сабақтар

Таласбаева Джумагуль Буркичбаевна

Ақтау қаласы №39 «Хиуаз» балабақшасы тәрбиешісі

Таласбаева Джумагуль Буркичбаевна

Тақырыбы: Қоянның үйшігі

Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндерді пайдалану арқылы берілген тапсырманы орындауға үйрету.Кеңістікті бағдарлауға арналған үлкен-кіші,биік-аласа ұғымдарын білуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: Пішіндер,кеңістікті бағдарлауға арналған суреттер.

Шаттық шеңбері -Балалар,бүгін біз пішіндерді және түстерді ажыратып,үлкен-кіші,жоғары-төмен ,биік-аласа ұғымдарымен танысамыз.Қане кім айтады,жылдың қай мезгілі? Балалар: Көктем мезгілі. Тәрбиеші бұл мезгілде неше ай бар? Қандай өзгерістер бар?
Балалар: Балалар жауабы Аптаның нешінші күні? Балалар: Аптаның үшінші күні. -Дұрыс айтасыңдар балалар
Тосын сәт: Қолында сәбізі бар қоян секіріп келеді. –О қоянжан,жол болсын! Азығыңызды қолына алып қайдан жортып келесің?
Қоян: Мен қоянмын қоянмын Аппақ тонға орандым Достар көмек берсе деп, Ертеменен ояндым. –Қоян: Менің үйшігімді түлкі тартып алған еді. Енді міне,үйсіз қалдым -Жарайды, біз балалармен сенің үйшігіңді жасап беруге көмектесеміз.Балалар қоянға көмек береміз бе? (Ия)
Тәрбиеші: Қоян құрқол келмеген қолында себеті бар екен. Қоян сенің себетіңде не бар? Қоян: сәбізім бар,бірақ нешеу екенін білмеймін. Қане қоянның себетінде неше сәбіз қалғанын санайықшы: Балалар жауабы. Тәрбиеші ал енді балалар қоянға үй жасап берейік. -Ендеше іске кірісейік.Алдымен тақтаға қарандар.Тақтадан қандай геометриялық пішіндерді көріп тұрсындар? (Төртбұрыш,үшбұрыш,дөңгелек,тіктөртбұрыш) -Осы геометриялық пішіндерден төртбұрышты алып қоянға үй жасаймыз.Бірінші төртбұрышты алып үйдің қабырғасын тұрғызамыз.Содан кейін,үйдің төбесін үшбұрышпен жабамыз.Міне,екі пішінмен қоянға үлкен үйшік жасадық.Осы үйшікті тақтадағы үйшікпен салыстырайық. Қайсысы үлкен,қайсысы кіші.(Балалардың жауабы) Дұрыс таптыңдар балалар
Тәрбиеші: Қоянның үйшігіне тез бару үшін,қандай жолмен барған дұрыс Ұзын ба алде қысқа жолмен бе? Балалар жауабы: Тәрбиеші:Ұзын және қысқа жолды табуымыз керек. Алдарымыздағы жолақтардан қайсысы ұзын қайсысы қысқа жолақтар бәріміз көрсетейікші. Балалар көрсетеді. -Ал енді орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасайық.Ақ қоян сенде бірге серігіп ал.
Сергіту сәті: Бойды сергек тік ұста Емін-еркі тыныста Оң қолынды соз алға Қол ұшына қарада Үш бұрыш сыз ауада. Балалар денемізді сергіттік.Қоянға енді өз сыйлығымызды тарту етейік. Қоян: Рахмет,рахмет балалар.Міне енді менің өз үйшігім бар.Сендерге риза болып қалдым.Қоян сау болыңдар! -Балалар біз қоянды риза еттік.Енді тағы бір тапсырма орындау керек.Алдарында суретте қоян мен түлкі бейнеленген.Олардың жанында биік және аласа үйшіктер тұр.Қоянды аласа үйге,ал түлкіні биік үйге сызба арқылы кіргізейік. (Балалардың жұмысы)
Қорытынды: Тәрбиеші:Балалар бүгін бізге қонаққа не келді?

Балалар:Қоян

Тәрбиеші:Қоянға не жаcадық? Қандай пішіндерді пайдаландық?

Балалар:Үйшік

Н. Раяна: ұшбұрыш, тіктөртбұрыш, шеңбер

Тәрбиеші: Балалар бүгін Н. Раяна, Самал, Інжу өте жақсы жауап беріп

отырды, рахмет,балалар,сұрақтарға белсене жауап бердіңдер, мен сен-

дерге ризамын.

:

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.