Жаңа сабақтар

Тойшыбекова Дамеш Жаханқызы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тұрақты электр тогы

Сынып: 8

Мектеп: «Дарынды балаларға арналған № 2 облыстық мамандандырылған мектеп –интернаты, КММ» Нұр-Сұлтан қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Тойшыбекова Дамеш Жаханқызы

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Электр тогының жылулық әсері. Джоуль-Ленц заңы.
Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты: 8.4.2.13 – Джоуль-Ленц заңын есептер шығару үшін қолдану;
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Токтың жылулық қасиеті және Джоуль-Ленц заңы туралы ақпарат алады.

Басым бөлігі: Топтық жұмыстар арқылы Джоуль-Ленц заңы формулаларын қолданып есептер шығара алады.

Кейбір оқушылар: Қарапайым тәжірибе барысында электр тогының жылулық әсерін анықтайды. Қауіпсіздік ережелерін біледі.

Бағалау критерийлері
  • Токтың жылулық қасиетін, Джоуль –Ленц заңын біледі.
  • Джоуль –Ленц заңын есеп шығаруда қолдана алады.
  • Тәжірибелер арқылы жылулық әсерін анықтайды.
Тілдік мақсаттар Пәндік лексика және терминология: ампер, вольт, амперметр, вольтметр, ток күші, кернеу, электр тогының жұмысы мен қуаты, Джоуль-Ленц заңы
Ойлау дағдылары Білу, түсіну, қолдану
Құндылықтарды дарыту Күнделікті өмірде тұрмыста жиі қолданылып жүрген электр аспаптарының қуатын түсіну және электр энергиясын үнемдеу жолдарымен танысу. Мамандықтарты дұрыс таңдауға көмектесу.
Сабақ көрнекілігі: Слайд, Джоуль, Ленц фотосуреттері, «Тарихшы», «Конструктор», «Монтажшы», «Инженер», «Дәрігер» сертификаттарыү
Пәнаралық байланыс Математика, дене шынықтыру. Информатика – ғаламтор желісінде ақпарат жинақтау.
АКТ қолдану дағдылары Ғаламтор желісінде (ұялы телефон) ақпарат іздеп, сабаққа пайдалану
Бастапқы білім Электр тогының жұмысы, электр тогының тогының қуаты
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақ басы

2минут

4 минут

Сабақ ортасы

8 минут

4 минут

13 минут

1. Сәлемдесу, сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.

2. Сабақ «Ұзын қашықтыққа жүгіру» марафоны түрінде өткіземіз. Марафон үлкен жауапкершілікті және жүгірудің техникасын дұрыс меңгеруін талап етеді. Ұзын қашықтыққа жүгіру кезінде әр эстафетаның бөлігінде түрлі тапсырма беріліп, өз жеңімпаздарын анықтайды. Мамандықтар бойынша топталып, жұмыс атқарады. Жеңген жеңімпазға сертификат тапсырылады.

Жүгіру алдында сергіту сәтін жасап, «Миға шабуыл» жасап көрелік.

1. Кез келген ғылым жаңа ашылуларға, заңдылқтарға толы. «Тұрақты электр тогы» бөлімінде қандай ғалымдарды білеміз?

2. Электр зарядының өлшем бірлігі қандай?

3. Ток күші кімнің есімімен байланысты?

4. U әрпімен қандай шаманы белгілейміз?

5. Электр тогының жұмысы қандай шамаларға тәуелді?

6. Тәжірибеде қандай қуат бірліктері қолданылады?

7. Токтың қандай әрекеті бар?

Стартта барлық оқушылар дайын болсаңыз. Жарысымызды бастаймыз.

І. Кезең. Слайд арқылы фото суреттер көрсетіледі. Бұл ғалымдар кімдер?

Анықтаған 2 оқушылар «Тарихшылар» жұбы атанады. Бағалау түрі: Мадақтау сөзі «Жарайсыңдар!» Оларға тапсырма оқулықтан, интернеттен осы ғалымдар туралы мәлімет тауып, негізгі сабақтың мақсатын анықтап, жақсы қорғап шыққан оқушыларға «Тарихшы» мамандығына сертификат тапсырылады.

Жарысымызды әрі қарай жалғастырамыз.

ІІ. Электр көзі және өлшеуіш құралдар. Слайд арқылы электр көзі және өлшеуіш құралдары көрсетіледі.

Алғашқы анықтаған 3 оқушы «Конструктор» тобын құрайды.

Бағалау түрі: «Басмармақ» әдісі

Оларға тест сұрақтары беріледі.

Электр көзі

1. Гальвани элементі

2. Электрофорлық машина

3. Аккумлятор

4. Термоэлемент

5. Фотоэлемент

Өлшеуіш құралдар

1. Реостат

2. Амперметр

3. Вольтметр

4. Электроскоп

5. Резистор

Осы электр көзі мен өлшеуіш құралдарға байланысты тест сұрақтары: электр көзі үшін:

1. механикалық энергияны электр энергиясына айналдыру (2)

2.Жарық энергиясын электр энергиясына айналдыру (5)

3. Ішкі энергияны электр энергиясына айналдыру (4)

5. Химиялық энергияны электр энергиясына айналдыру(1,3)

Өлшеуіш құралдар үшін:

1.Ток күшін азайту және көбейту үшін қолданатын құрал (1)

2. Электр күшін өлшейтін құрал (2)

3. Электр зарядын анықтайтын құрал (4)

4. кедергіні анықтайтын құрал (5)

5. кернеуді өлшейтін құрал (3)

Дұрыс анықтап, жеңімпаз атанған оқушы «Конструктор» сертификатын алады. Марафонымызды әрі қарай жалғастырамыз. Келесі бөлімінің тапсырмаларына назар аударыңыздар.

ІІІ. Электр тізбегін құрау. Слайд арқылы электр тізбегінің шартты белгілері көрсетіледі.

Алғашқы тапқан 3 оқушы «Монтажшылар» тобын құрайды. Бағалау түрі: «Шапалақ» әдісі

Оларға ток көзі, вольтметр, амперметр, резистор, кілт, қосылғыш сымдар беріледі. Сіздердің міндеттеріңіз тізбек құрастырып, резистор қуатын анықтау керек. Тізбек дұрыс құрастырылып, мәні дұрыс анықталса, «Монтажшы» мамандығына сертификат беріледі.

Марафонымызды әрі қарай жалғастырамыз.

ІV. Физикалық шамалар. Слайд арқылы физикалық шамалардың белгіленуі көрсетіледі.

Q; I; R; t – шамаларды атайды. 4 оқушы «Инженерлер» тобын құрайды. Бағалау түрі: «Смайлик» әдісі

Оларға үлестірмелер арқылы есептер жолданады.

1.Электрлік құралда 5А ток күші 45 минут ішінде 162 кДж жұмыс жасады. Осы құралдың кедергісін тап.

2.Кедергісі 1 кОм резисторды кернеуі 100В тізбекке қоссақ, онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады?

3. Токтың жылу мөлшерін есепте. Вольтметрдің көрсетуі 5,2 В, амперметрдің көрсетуі 2А, кедергісі 2 Ом, уақыт 5 минут.

V. кезең «Электр тогы және мен» соңғы мәреге (финиш) жақындаған соңғы тапсырмалар. Қалған оқушылар «Дәрігерлер» тобын құрайды. Олар электр тогының пайдасы мен зияны туралы және электр тогымен жұмыс жасаған кездегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп, әңгіме құрайды. Электр тогы соққан адамға алғашқы көмек қалай беріледі? Сұрағына жауап іздейді. Жауап қанағатанарлық болса, «Дәрігер» мамандығына сертификат беріледі.

Оқушылардың алды өз тапсырмаларын орындап болып жатса, сергіту сәтін жасаймыз. Сөзжұмбақ — «О»

1. Неміс ғалымы (Ом)

2. Кернеуді өлшейтін құрал (Вольтметр)

3. Жұмыстың өлшем бірлігі (Джоуль)

4. Электр көзінің бірі (фотоэлемент)

5. Электр көзінің бірі (термоэлемент)

6. Кіші заряды жоқ элементар бөлшек (нейтрон)

7. Ағылшын сөзі «қарсыласу» мағынасы — шартты белгісі (резистор)

8. Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын құрал (генератор)

1 О м
2 в О л ь м е т р
3 Д ж О у л ь
4 ф о т О э л е м е н т
5 т е р м О э л е м е н т
6 н е й т р О н
7 р е з и с т О р
8 г е н е р а т О р

Берілген тапсырмаларды орындап болған оқушыларды рет ретімен тақтаға шығарып, қорғайды. Керекті негізгі формула, есептер, эксперименттік тапсырма нәтижелерін дәптерге жазып отырамыз. Әр оқушыны бағалау нәтижесінде сертификаттар тапсырылады.

Н. А. Закирова

Физика.Жалпы білім беретін мектепке арналған оқулық.

Слайд арқылы фото суреттер көрсетіледі.

Оқулық, интернет желісі, маркер, қағаз

тест сұрақтары

ток көзі, вольтметр, амперметр, резистор, кілт, қосылғыш сымдар

үлестірмелер

Тапсырма жазылған үлестірме

Сабақтың соңы

3 минут

Үйге тапсырма

2 минут

Электр тогының жылулқ әсері. Джоуль – Ленц заңы. Жаттығу №1,2
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау — Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Жұптық, топтық, жеке жұмыстар қолданылды. Эксперимерттік тапсырмалар, есептер, тесттер, инрернет арқылы жаңа материалдар жинақтау, өз ойларын қағаз бетіне түсіру жұмыстары пайдаланылды.

«Жетістік баспалдағымен» қорытындыланды.

Оқушыларға сертификаттар беріледі. Электр құралдарымен

Сонымен қатар мадақтау сөздер, жұмыс жасағанда

«Басбармақ», «Шапалақ», «Смайлик» қауіпсіздік ережесін

әдістері қолданылды. пайдаландық.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Мұғалім жазбалары

Есептер

1.Электрлік құралда 5А ток күші 45 минут ішінде 162 кДж жұмыс жасады. Осы құралдың

кедергісін тап.

2.Кедергісі 1 кОм резисторды кернеуі 100В тізбекке қоссақ, онда 10 минут ішінде қанша

жылу мөлшері бөлініп шығады?

  1. Токтың жылу мөлшерін есепте. Вольтметрдің көрсетуі 5,2 В, амперметрдің көрсетуі 2А,

кедергісі 2 Ом, уақыт 5 минут.

Электр аспаптарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары:

Электр тогын рұқсатсыз қоспаңдар.

Қос қолмен жалаңаш екі сымды қатар ұстау өте қауіпті.

Жерді басып, дымқыл не цемент еденде тұрғанда жалаңаш сымға тиіп кету өте қауіпті.

Бүлінген электр аспаптарын пайдалану қауіпті.

Ток көзінен ажыратпай электр аспабын жинауға, шашуға не түзетуге болмайды.

Желіден ажыратпай, электр арматурасына қандай да бір жұмыс жүргізуге болмайды.

«Тарихшы» мамандығын таңдағаны

үшін беріледі.

ДБАОММИ №2

«Конструктор» мамандығын таңдағаны

үшін беріледі.

ДБАОММИ №2

«Монтажшы» мамандығын таңдағаны

үшін беріледі.

ДБАОММИ №2

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.