Жаңа сабақтар

Сарсенова Гулсимай Дуйсенбаевна

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Сам орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Сарсенова Гулсимай Дуйсенбаевна

Күні: 16.01.2019

Сынып: 1 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.3.3.1 мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою

1.3.4.1 мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Әтеш-петух- rooster

Әке-папа- father

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

3 минут

Сәлемдесу

Шаттық шеңбері (2 мин)

Қара досым жан-жаққа

Дайынсыңба сабаққа

Орындама қараңдар

Кітап,дәптер қаламда

Сабаққа дайынбыз ба?

Бүгінгі сауат ашу сабағы өзгеше өткелі отыр, оған себеп, бүгін бізге қонаққа апайлар келіп отыр.Келген қонақтарға бар білімімізді көрсетейік.

Топқа ( Геометриялық фигуралар арқылы ) 3 топқа бөлінеді

Шаттық шебері

Геометрия

лық фигуралар

Сабақтың ортасы

8 минут

Өткен сабақты еске түсіру. (сұрақ-жауап) (3мин)

-Өткен сабағымызда қай әріппен таныстық?

-Зз дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

-Қане, сол З дыбысына сөздер ойлап жіберіңдерші.

-Дыбыс деген не? (Дыбысты естиміз, айтамыз)

-Әріп деген не? (Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз)

Ой қозғау (1мин)

Жұмбақ жасыру

Бұрап қойған сағаттай

Айғайлайды таң атпай (Әтеш)

Әтеш сөзіндегі бірінші дыбыс қандай? (2мин)

Ә дыбысы

Ендеше, бүгін Ә дыбысы және әрпімен танысады екенбіз.

-Ә дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Бұны білу үшін бәріміз Әәәә- деп әндетейік.

-Қандай дыбыс екен? –Дауысты

Ә дыбысы қалай айтылды? Өкпеден ешқандай кедергіге ұшырамай шыққан ауа дауысты дыбыс деп аталады.Олай болса ә дыбысы дауысты дыбыс екен.

-Баспа,жазба түрімен таныстыру

-Әтеш,әткеншек сөздерінде ә дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

-Ә дыбысы сөздің басында

-Дәрігер,дән сөздерінде Ә дыбысы сөздің қай жерінде тұр?

-Ә дыбысы ортасында тұр

Сонымен, Ә дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі екен.

«Доп лақтыру» ойыны арқылы ә дыбысы бар сөздер айту.

Үштілділік: Әтеш-петух- rooster

Әке-папа- father

Оқылым (8мин)

3 топ берілген сөздерді кеспе әріптерден 3мин құрастырады,5мин оқиды,Ә дыбысы қайда тұрғанын айтады.

1-топ ән әке дәрі сәуір

2-топ сән Сәкен дәрігер Дәуір

3-топ дән тәтті тәулік Әсет

Сөздерге түсінік беру (2мин)

Сәуір- көктем мезгілінің екінші айы

Тәулік – тетелес бір күн мен түннің қосындысы

Әсет- адам аты

Бағалау

«Бас бармақ» әдісі бойынша топтық бағалау

Мәтінмен жұмыс

1-топ Шана мәтінін тізбектеп оқиды

2-топ Сұрақтарға жауап береді

3-топ Мәтіннің мазмұнын айтады

1-топ Әкем туған күніме шана сыйлады.Мен қатты қуандым.Әкеме рақмет айттым.Шана әдемі.Қыста шанамен сырғанаймын.

2-топ Сұрақ-жауап

1.Мәтіннің аты не?

2.Кім шана сыйлады?

3.Шананы не үшін сыйлады?

4.Кім қуанды?

5.Қалай қуанды?

6.Ол әкесіне не айтты?

7.Шана қандай?

8.Қай мезгілде сырғанайды?Немен сырғанайды?

3-топ Мәтінді мазмұндайды

Топтық бағалау

«Қошемет» әдісі бойынша бағалау

«5» шапалақ -5

«4» шапалақ -4

«3» шапалақ -3

«Кім жылдам» ойыны (5мин)

Бұл ойында топтар сайысқа түседі.

Жаңылтпашты оқы және жаңылмай жатқа айтып көр.

Топтық тапсырма

Бағалау

Өзін-өзі бағалау.Әр оқушы өзін смайликпен бағалайды.

Дәптермен жұмыс (5мин)

Балалар,ә дыбысының баспа түрімен сендер даярлық тобында танысып,жазып үйренген болатынсыңдар.Бүгін сендер жазба түрін жазып үйренесіңдер.

Тақтада жазу.

Ауада жазу. (Әә)

Жазу барысында денені тік ұстап,дәптерді қиғаштап,қаламды дұрыс ұстап жазуымыз керек.

Бекіту

Біз бүгін қандай әріппен таныстық?

Ә дыбысы дауысты ма,дауыссыз ба?

Ә дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Баспа,жазба түрі

Әтеш,әткеншек сүреті

Дәрігер,дән суреті

Доп

Оқулық,кеспе әріптер

Оқулық

Смайликтер

Дәптер

«Алма ағашы»

Сергіту сәті

1 минут

Сергіту сәті

«Қызыл гүлім-ай» биі

Сергіту сәтіне арналған жинақ
Аяқталуы

16 минут

Қызықты тапсырма

8 минут

Топтық тапсырма

«Кім жылдам» ойыны

Бұл ойында топтар сайысқа түседі.

Бағалау

Өзін-өзі бағалау.Әр оқушы өзін смайликпен бағалайды.

Оқулық, дәптерлер.
Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс

«Алма ағашы»

Алма ағашы
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.