Жаңа сабақтар

Өнеге сөз – өрісің

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Манашы орта мектебінің

6 «В» сынып оқушысы

Абдуллаева Лана

Жетекшісі: Тиркешов Ерболат

Халқымыз қашан да қанатты сөзді – қазынам деп, өнегені – өрісім деп таныған. Әр елдің қастерлейтін қасиеті –оның мөрі, шығатын төрі екенін ұға білгенде ғана ұрпақты ұлағатқа баули алады екенбіз. Осы ретте мақтануға да, марқаюға да ретіміз барын айтсақ керек. Өйткені, дауға – дәру, жауға – қару, араздыққа – араша, татулыққа – тамыр, тазалыққа – нәр, пәктікке – пәрмен, дәстүрге – дәрмен болар қанатты сөздерді, өнеге пікірлерді, кешеден келе жатқан сара сөздер мен дана сөздерді, дүлдүл ақындар мен бұлбұл жыраулардың өзегінен шыққан өнегелі өсиеттері, ел көсемдері мен шешендерінің уытты уағызы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне ұлан-ғайыр әсерін тигізері анық.

Өз басым оңашада қойындәптеріммен жиі сырласам. Сондай сәттерде әр беті шимайланған жазбалардың арасынан жаhұт жылтырағандай сыр үзігі сығалайды. Ендеше, соларды тарыдай шашып тастағанша, біразын бір арнаға ұйыстырып, оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдім.

  1. Жақсылық пен жамандық жаумайды ешбір аспаннан, опасыздың үлкені – қуанышты бөлісіп, қайғыңнан сенің қашқан жан.
  2. Арамдықтың мазағынан, Адалдықтың азабы артық.
  3. Біреудің бақшасына тас лақтырған көзі бардан,

Сол тасты таяғымен жолдан түртіп тастаған соқыр артық.

  1. Ағайынды кемсітпе – ең болмаса айбатыңа жарайды.
  2. Пиғылы теріс адамның – дерті бүркеулі, беті шіркеулі.
  3. Жанымен қуана алмағанның, қорқынышы да жасанды.
  4. Ақымақтың ойы тілінде жүреді.
  5. Қыз баланың көз жасы да киелі – Назасы оның найзағай боп тиеді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.