Жаңа сабақтар

Жылы лебіз, ыстық тілек пен сыни пікір

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Манашы орта мектебінің

11 «А» сынып оқушысы

Базарбаева Сұлушаш

Жетекшісі: Тиркешов Ерболат

Манашы орта мектебінің технология пәні мұғалімі Көптілеуов Жеңістің «Поэзия – теңізсің толқып аққан» атты жыр кешіне арналған жылы лебіз, ыстық тілек пен сыни пікір

Поэзия – теңізсің толқып аққан

Тілектер төгіледі тіл мен жақтан.

Қазақтай ұлы елге ақын болған,

Бақытың, ағай сенің қандай батпан.

« Бапкері жоқ құнан жетім, бақ-төрі жоқ ақын жетім », — дегендей қара өлеңнің қасиетін түсінетін, қарапайым қара қазақ барда сенің орның қашанда төр болмақ.

Қарапайым қатқалдау тілмен айтқанда, өлеңде үш қасиет болу керек:

  1. Тіресер бойы – айтар ойы;
  2. Өлеңнің құйқасы –өтімді ұйқасы;
  3. Ұштайтын егеуі – ұтымды теңеуі. Осы үшеуі болмаса, жырдың кетер кенеуі. Міне, Жеңіс ақын ағайдың өлеңдерінен осы үш қасиеттің үщеуі де табылады. Сонымен қоса, өлең шығарушы, өнеге сөз қалдырушы ақын шешеннің бойында тағы да үш қасиет болу крек.
  1. Тыңдарманына білім беру керек;
  2. Тыңдарманның көңілін көтеру керек;
  3. Дауыс ырғағымен әсер ету керек.

Білім беру – ақынның міндеті, көңілін көтеру – тыңдарманға деген құрметі, дауыс ырғағымен әсер ету — қажеттілік. Осы тұста Жеңіс ағайдың білімі терең, ойы ұшқыр, сөзі кесте, мәнерлеп өлең оқуы да ерекше, қашанда қалжыңдап айналасындағы адамдарға көтеріңкі көңіл күй сылап жүретін жайсаң жан. Міне, біз айтқан өлеңдегі үш қасиет пен ақынның бойындағы үш қасиет сенің өлеңің мен өзіңде бар екен, демек сенің өлеңдерің мәнді де, мәңгі болмақ. Жазарыңыз таусылмасын, қаламыңыз ұштала берсін деген тілекпен Жеңіс ағайдың бір шумақ өлеңімен аяқтасам.

Көршіңнің жақсы затын күндеп атпа,

Табаны тартпағанға жүр деп айтпа.

Ақылға жеңдір әркез сабыр сақтап,

Ашумен іштегіңді бірден айтпа.

Екі адам арасында сақталғанмен,

Үш адам білген нәрсені сыр деп айтпа…

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.