Жаңа сабақтар

Суттибаева Жанат Пернебековна

Жамбыл облысы, Шу қаласы, С.Шәкіров атындағы орта мектеп

Технология пәнінің мұғалімі Суттибаева Жанат Пернебековна

Сабақ тақырыбы: Әлем халықтарының тағамдары және аспазшылары

Бөлім:Тамақтану мәдениеті

Сабақтың тақырыбы:

«Әлем халықтарының тағамдары және аспазшылары

Мектеп: С.Шәкіров атындағы орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні:

Суттибаева Жанат Пернебековна

Күні: 24.05.2019 ж

СЫНЫП: 7 «а» Қатысқан оқушылар саны: 12 Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 7.1.3.1-Шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерін таңдай отырып, қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы)

7.2.4.1-Әлем халықтарының тағамдары мен әлемге әйгілі аспазшылардың тағамдарындағы ерекшеліктерді сипаттау.

Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Әлем халықтарының тағамдары туралы біледі және түсінеді,тағам түрлерінің жасалу жолын анықтайды және ажыратады.

Түрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып,әлемнің белгілі аспаздарын сипаттайды.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

-Түрлі халықтардың ұлттық тағамдарының пайда болу ерекшеліктерін зерттейді.

-Таңдап алған тағам түрін дайындайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

-Дайын тағамға дегустация жасап,топқа ұсынады.

Бағалау критерийі
  • Әлем халықтары тағамдарының түрлерін анықтайды және ажыратады.Ақпарат көздері арқылы әлем аспазшылары туралы мәлімет бере алады.
  • Әлем халықтары тағамдарын дайындайды және ерекшелігін зерттейді.
  • Тағамның ұлттық компоненттерінің халықтың өмір салтымен өзара байланысын аша отырып,өздері ұнатқан тағамды ингредиенттер арқылы дайындайды.
  • Пицца және суши тағамды дегустациялап, топқа ұсынады.
Тілдік мақсат
  • Мен мына азық-түліктерді…таңдаған себебім …
  • Мен келесі технологияны … қолдандым
  • Мен әлем халықтарының тағамдарын зерттедім/зерделеніп, онда….
  • Тағамдар…ерекшеленеді.

Аспазшылардың тағам дайындауда ұқсастығы…

Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған қима қағаз және топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер,АКТ,буклет
Әдіс-тәсілдер «Кім тез» әдісі, «Ойлан,жұптас,бөліс»әдісі, «Барлық оқушылармен жұмыс»,«Мұғалімге жеделхат» әдісі
Пәнаралық байланыс Әдебиет, тарих,биология
Алдыңғы оқу Өткен тапсырмаларды тексеру
Сабақтың жоспары
Жоспарланған уақыт Сабақ барысы: Бағалау түрлері
Басталуы

3 минут

5 минут

Үй тапсырмасы

Ортасы

Ой тастау

2минут

Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу/ тексеріс жүргізу/ оқушылардың зейінін шоғырландыру.

  • Сабақ барысында керекті құрал жабдықтарын тексеру.

Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.

Тағамдар бейнеленген қима суреттер арқылы жұптарын табу.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет қол шапалақтаймыз!

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

Көңіл – күйлерін білдіру үшін смайликтерді көрсетеді.

«Алдын-ала берілген атаулар» әдісі арқылы орындаймыз./жеке жұмыс

Бұл қандай тағам?Тапсырманы дәптерге орындап келу.
1. Айран.
2. Қуырдақ.
3. Бауырсақ.
4. Құрт
5. Жент
6. Шұжық

Бағалау критерийі:

АКТ ақпараттарын қолдану арқылы қазақ халқының ұлттық тағам-сусындарының түрлерін және ерекшелігін біледі.

Дескриптор:

1. Қазақтың дастарханына тән тағамдары біледі.

2.Қазақ халқының ұлттық тағамын атап береді.

3.Ұлттық тағамның әзірлену технологиясын айтып береді.

Қ.Б :бесбұрыш арқылы бағалау.

Түрлі-түсті гүлдер және смаликтер
«Әлем халықтарының тағамдары» туралы үзінді көрсету. Видеоролик
Жаңа білім

10 минут

І.Әлем халықтарының тағамдары туралы біледі және түсінеді,тағам түрлерінің жасалу жолын анықтайды және ажыратады. Түрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып,әлемнің белгілі аспаздарын сипаттайды.

Білу және түсіну

Тапсырма№1. «Кім тез» әдісі. / топтық жұмыс/

1-топ:

Оқулықтан және инернет көзінен өздерің таңдаған әлем халықтарының тағамдарының ұсыну тәсілдерін,қолданылған азық-түліктер мен олардың үйлесімділігін,дәмдік ерекшеліктеріне назар аударып,жасалу жолын анықтаңдар.

2-топ:

Халықтардың атақты аспазшылары туралы сипаттап беріңдер. Таңдап алған елдің аспаздық рецепттері жинағын (буклет,эссе,мақала) құрастырыңдар.

Бағалау критерийі:

Азық-түліктердің,тамақтың сыртқы түрі мен дәмдік сапасының ерекшелігін біледі.Ғасырлар бойына қалыптасқан халықтардың аспаздық өнері және олардың шығармашылық жұмыстары туралы айтып береді.

Дескриптор:

1.Тағамның атауын және ұсыну тәсілерін айта алады.

2.Дәмдік ерекшеліктерін біледі.

3.Жасалу жолын анықтай алады.

4.Аспаздарға сипаттама береді және буклет құрастырады.

Қ.Б: «Қошемет» арқылы бағалау.

Оқулық,

мәтіндер.

15 минут ІІ.Түрлі халықтардың ұлттық тағамдарының пайда болу ерекшеліктерін зерттейді.Таңдап алған тағам түрін дайындайды.

Қолдану

Тапсырма №2 «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі. / топтық жұмыс/

Италия және Жапон халқының тағамын дайындау.Пицца және суши.

1-топ:

Тағамның пайда болу ерекшелігін зерттеңдер.Суши дайындау.
9 қасық сушиге арналған күріш
көлемі 10 x 4 см 9 нори балдыры
3 шай қасық қара уылдырық
3 шай қасық қызыл уылдырық
3 шай қасық сары уылдырық
1 шай қасық васаби – ащы желкек

2-топ:

Тағамның пайда болу ерекшелігін зерттеңдер.Пицца дайындау.

— 2 стақан ұн
— 0,5 стақан сүт
— 2 жұмыртқа
— 0,5 шәй қасық тұз
— 3 үлкен қасық сұйық май және тағам түрін әрлеу үшін қызанақ,сыр,шұжық,тұздық

  • Бағалау критерийі:

Тағамның ұлттық компоненттерінің халықтың өмір салтымен өзара байланысын аша отырып,өздері ұнатқан тағамды ингредиенттер арқылы дайындайды.

  • Дескриптор:
  • 1.Тағамдардың пайда болу ерекшелігін зерттей алады.
  • 2.Тағамды әзірлеу технологиясын біледі және практика кезінде қолданады.
  • 3.Тағам дайындау барысында қажет болатын ыдыстарды,құрал-жабдықтарды пайдалана біледі.
  • 4.Жұмыстың қауіпсіздік техникасы ережелерін еске түсіріп айтып бере алады.

Қ.Б: «Екі жұлдыз,бір тілек » арқылы бағалайды.

Көкөніс түрлері
Сергіту сәті

1 минут

Оқушылар жаттығу жасайды.
Аяқталуы

Сабақты бекіту

2 минут

ІІІ. Дайын тағамға дегустация жасау,топқа ұсыну.

Талдау.

3-тапсырма. «Барлық оқушылармен жұмыс» әдісі . / топтық жұмыс,жеке жұмыс /

Дайын тағамның таныстырылымын жасаңдар.

Тағам жасауда маған не белгілі болды? Болашақта тағамның түрін жасауда қандай жаңалық ашсам болады?

Бағалау критерийі:

Азық-түліктерді өз беттерінше алмастыру тағамның сыртқы түрі мен дәмдік сапасына қалай әсер еткендігі туралы айтып береді.

Дескриптор:

Тағамның дәмдік сапасы мен дайындау барысының өзара байланысын анықтай отырып,дайын тағамның дәмін татады.

Қ.Б: «Отшашу» арқылы бағалайды.

Кері байланыс

2 минут

Жинақтау.Бағалау

«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.

  • Бүгін мен____________ білдім.
  • Мен үшін ____________ қызықты болды.
  • Маған __________ тапсырма орындау оңай болды.
  • ……қиындық тудырды.
  • менің түсінгенім…..
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

Әлем халықтарының тағамдары туралы біледі және түсінеді,тағам түрлерінің жасалу жолын анықтайды және ажыратады.

Түрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып,әлемнің белгілі аспаздарын сипаттайды.

Түрлі халықтардың ұлттық тағамдарының пайда болу ерекшеліктерін зерттейді.

-Таңдап алған тағам түрін дайындайды.

Дайын тағамға дегустация жасап,топқа ұсынады.

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау критериялары арқылы жүзеге асады. Топтық жұмыс кезінде топтар бір- бірін бағалайды. Өзіндік жұмыс кезінде мұғалімнің бағалауы немесе өзін-өзі бағалау жүреді.

Денсаулық және қауіпсіздік

Денсаулық сақтау технологиялары.

Ширату жаттығулары мен белсенді іс-әрекет түрлері .Сарамандық жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелері оқушыларға ескертіледі.

Мұғалімнің аты-жөні Жұмыс орны Лауазымы Сабақтың тақырыбы Мекен-жайы Е-майл
Суттибаева Жанат Пернебековна С.Шәкіров атындағы орта мектебі Технология пәнінің мұғалімі Әлем халықтарының тағамдары және аспазшылары Жамбыл облысы Шу ауданы suttibaeva.zhanat@mail.ru

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.