“Жылдам оқу“ таңдаулы курс сабағының жоспары
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы
№25 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Амирбаева Сауле Сакеновна
Түсінік хат
2018-2019 оқу жылындағы 2-ші сынып оқушыларына арналған “Жылдам оқу“ таңдаулы курс сабағының жоспары ұсынылып отыр.
Бұл курс, биылғы оқу жылында 2018 жылдың 10 мамырындағы №199 бұйрығымен оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен облыстық “Оқу шаттығы” әлеуметтік-педагогикалық жобаны басшылыққа ала отырып, білім мазмұнының жаңаруына сай, оқудың төрт дағдылары арқылы функционалды сауатты тұлғаны қалыптастыратын игі мақсаттардан туындап отыр
