Жаңа сабақтар

Избасарова Жайна

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Манашы орта мектебінің

география пәні мұғалімі Избасарова Жайна

Оқытуда сыни тұрғысынан ойлауды пайдаланудың маңыздылығы

Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады.

Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» деген екен. Қазіргі таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап, білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда.

Жеті модульдің сабақта қарастырылған идеялары мен байланысын ескере отырып, сапалы оқыту – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылатынын, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылады.

Ұстаз жанып тұраған от сияқты болу керек. Біз «ұстаз» деген мәртебемізді жоғары көтеруіміз үшін, ұстаз атын иеленуіміз үшін біз не істеуіміз керек? Қазақстан Республикасы дамыған елдердің қатарына қосылу үшін ұстаздар қауымының қосар үлесі зор. Ең алдымен Отанымызды, мамандығымызды, оқушыларды сүйюіміз керек. Әр қашан да білімімізді жетілдіріп, шығармашылық ізденісте болуымыз қажет. Жас ұрпаққа сапалы да, саналы білім беру. Заман талабына сай оқыту үшін сабақта жаңа әдістерді қолданып, алған білімдерін өмірде өздерінің қажеттілігіне пайдалануға тәрбиелеу. Осыны іске асырудың жолы жас ұрпаққа сындарлы тұрғыдан оқытып, нәтижесінде ойын еркін жеткізетін, ынталы, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.

Педагогика жаңалықтарының бірі-оқытудың іс-тәжірибесіне жаңа әдіс-тәсілді енгізу, мақсаты – мұғалім іс-тәжірибесіне өзгерістер енгізу. Бастысы ол өзгерістер мұғалімге де, оқушыға да оң нәтиже беруі тиіс.

Оқытудың барлық әдістері баланы дамытуға құрылып келеді. Дегенмен дәстүрлі оқыту түрлерінде оқулық пен мұғалімнің пікірін нысана етумен шектелу басым болды. Бүгінгі оқыту оқушы қабілеті, оны жан-жақты дамыту, даму әрекеттерін ұйымдастырудың қажеттігін дәлелдеп отыр. Біздің әрекетіміз–баланың сабақ үстіндегі әрекетін ұйымдастыру,әрекет нәтижесін байқау,қабілетімен еркін атқара алатын ісі,соның нәтижесіндегі тұжырымына көз жеткізу.

Сын тұрғысынан ойлау – креативті тұлғаны қалыптастырудың бір жолы. Сыни тұрғыдан ойлануды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтіргендер – Джинни, Л.Стил, Куртис, С.Мередит, Чарльз Темпл.Жобаның негізінде Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.Сыни тұрғыдан ойлану әдіс- тәсілін қолдану нәтижесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау, сөйлеу, тыңдау қабілеттерінің артқаны байқалады.

Қорытындылай келе, Қазақстандық оқушылар өзіндік ізденуге, дербестікке дайындалу үстінде. Жеті модульді басшылыққа ала отырып, болашаққа нық сеніммен алға қадам басу біздің ендігі міндетіміз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.