Жаңа сабақтар

Ақмола облысында табылған ​​​​​​​ескерткіш тер және көне өркениеттің дамуы

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Арайлы ауылы № 9 орта мектебі

Орындаған: Сейлова Әйгерім 10 «А» сынып оқушысы

Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі

Нагызханова Акбота Байзаковна

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ТАБЫЛҒАН ЕСКЕРТКІШТЕР ЖӘНЕ КӨНЕ ӨРКЕНИЕТТІҢ ДАМУЫ

Астана қаласының шығу тарихы

Бір кезде Ақмола сөзі – ақ мол, яғни сүт көп деген мәнде деген де пікір болды. Ақмола сөзін «ғылымиландырып», одан әрі «тарихиландыра» түсу мақсатында «жаңалық» ашып жүргендер де бар. Қайрат Ғабитханұлының жалған сөз тектеуіне сүйенген Алдан Смайыл: «Ақмола – ғұндардан қалған атау. Оның мәні – «батыстағы қамал, батыстағы қорған», – деп ой түйеді.

Моланы қорған деп санау – осы кезге дейін обаны қорған (орыс зерттеушілерінің курган дегенінен) деп санап жүргендегідей жаңылыс таным. Қай кезде, кім айтса ол айтсын, бұл – жаңсақ түсінік. Қорған деген кез келген төбені қазсаң, астынан кісі жерленген қабір шығады. Көшпелілер ұғымында жеке мола тұрмақ, қорымның өзі қорған саналмаған.

Қорған –қорған, қорғаныс шебі. Ол – қалалы мекендер¬де ғана салынған бекініс. Қазақтың жер атауларында Ақмола ғана емес, Қарамола, Қызылмола, Жармола, Тасмола, Қышмола, Аралмола, Бақсы моласы, Хан моласы, Әулие моласы, Қыздың моласы дегендей сан түрлі ата-улар бар. Мұның ешқайсысы да түстікті көрсетпейді, топырақ түсі мен нақты кім жерленгенін мәлімдейді. Әрі ешқайсысы да қорған емес, тек кісі жерленген орын.

Белгілі адамдардың бейіттерінің үстіне сұпы, там, оба, дің, үй, күмбез, кесене деп аталатын шағын құрылыстар салынған. Алайда, бұлар да қорған емес. Мысалға, Жошы хан, Алаша хан, Домбауыл, Ары¬станбаб кесенелерін қалай қорған дерсіз. Тіпті, ең үлкен кешенді құрылыс Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің өзі де – қорған емес, ғибадат орны.

Мола – адам мәйіті жерленген орын. «Мола болғыр» деген қарғыс сөз – ажал келсін деген сөз. «Моладай болып» деген сөз – қабір үстіне үйілген биік топырақты меңзеп, тентектік жасаған жасөспірімді жекіген сөз. «Моладай қылып» – бір нәрсені тым орынсыз үйіп қойғанды айтады. «Моласын¬дай бақсының» дегенде Абай нақты кісі жерленген орынды бейнелеген. Ақмолладан – Акмоллинск, Акмолинск, Ақмола, одан Целиноград, одан қайта Ақмола деп жансақ аталып келген қала атауының Астана атанып Қазақ тарихының жаңа парағын ашуы орынды болды. Енді Ақмола облысы мен Ақмола ауданының атаулары да уақытқа сай өзгертілгені, яғни дұрыс атау берілгені жөн болмақ.

Даланың арғы тарихы бір басқа да, қала атауының белгілі кезеңдегі тарихы бір басқа. Ал, сөз тектеуде бопса мен болжам емес, нақтылық, солай болса екен дегендік емес, солай болғаны керек. Ресей Қараөткелде дуан ашып, қорған салғаннан кейiн ол ендi орыс деректерiнде Ақмола бекiнiсi деп атала бастады. Қазақтар бұрынғы әдетiнше Қараөткелдi алдымен қорған десе, кейiн қала атандырды.

Астананың тарихы ғасырлардың қойнауына кетеді.

Егер де біз көне дәуірдегі тарихи құжаттардың, археологиялық және этнографиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне қарасақ, осы жердегі көне өркениеттің орталығын сонау орта ғасырлардан-ақ көре бастаймыз.

Бұл – атақты Бозоқ, Қорғалжын маңындағы Бытығай қалалары сияқты үлкен сауда орталықтары болған жер. Сонымен бірге, бүгінгі күнге дейін ескерілмей жүрген бір керемет ескерткіш – Орманбет қаласы. Бұл тарихи негіз есебінде Астананың Елорда болуына белгілі бір дәрежеде қажет қой деп ойлаймын.

Ол Есілдің бойымен Атбасарға бара жатқан қара жолдың бойында, шамамен 100 шақырымдай жерде орналасқан.

Орманбет – қазақтың ауыз әңгімелерінде көп кездесетін, тарихи деректерде аты жиі аталатын Орыс хан. Ол Ақ Орданың да, Алтын Орданың да ханы болды. Қазақ хандары аталатын үлкен төрелер әулеті өз бастауын Орыс ханнан алады. Шыңғыс ханнан Орыс хан, Орыс ханнан немерелері Жәнібек пен Керей, одан кешегі Абылай хан, Кенесары хан тараған.

Тарихи деректерге қарасақ, көк шалғынға толы Есіл мен Нұраның бойы адамның өмір сүруіне өте қолайлы жерлер болған. Бұл жермен көне заманда солтүстік пен оңтүстікті жалғайтын үлкен сауда жолдары жүрген. Яғни Астана еш тарихи негізсіз Елорда болды, – деп айтуға болмайды.

«Тақыр жерге шөп те шықпайды» дегендей, Астананың Елорда болуына осындай бір тарихи негіздер де бар.

Қараөткел қорымы-қала тарихының бір тармағы

Бүгінгі таңда Астана қаласында республикалық маңызы бар жылжымайтын тарих және мәдениет ескерткіштерінің саны екеу.

Ал, жергілікті маңызы бар жылжымайтын тарих және мәдениет ескерткіштері – 45. Оның он екісі археологиялық ескерткіш болып табылады. Қала құрылысы және сәулет ескерткішінің саны – отыз үш. 2010 жылы «Жас-тар» шағын ауданы аумағындағы көне мұсылман зиратына Астана қаласы әкімдігінің қаулысымен Қала құрылысы және сәулет ескерткіші мәртебесі берілді. Мәдениет басқармасы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі бөлімнің тікелей бастамасымен қойылған «Қараөткел» атауын қалалық комиссия қолдады.

Ал, 2011 жылы Мәслихаттың шешімімен қорғау аймағы мен құрылысты реттеу аймағының ше­каралары бекітіліп, «Қараөткел» зираты маңына

«Қорғау тақтасы» орнатылды.

… 1990 жылдардың соңында ел аузында «қаладағы осынау көне зиратты сүріп тастап, ор­нына, жаңа бір күрделі құрылыс нысанын тұрғызады-мыс» деген сөз желдей есті. Көпшілік бұл қауесеттен тіксініп қалды. Әрі, бұл зиратта тек қазақ қана емес, татар, шешен, ингуш балаларының ата-бабасы жа­тыр. Қазақ салты бойынша, мәйітті мазаламауға тырысады. Сол мақсаттағы тапқан уәж бе екен, «бұл қорымда оба ауруының ошағы бар, оны қозғаса, қалаға індет тарайды екен» деген сөз тағы гу ете қалды.

Солайша, бұл мәселе ресми сипатты әңгімеден сыртқары, елдің өз арасында бір көтеріліп, бір басылып жүрген. 2008-2009 жылдан бастап елорданың мәдени реңі ене бастады. Міне, осы уақытта Астана әкімдігі ескі зираттың қаланың мәдени-тарихи маңызын байытуға себі, орны мен үлесі барын аңдап, жергілікті билік деңгейінде атқаруға тиісті шараларды шұғыл қолға алды. Зираттың Қараөткел аумағында орын тепкенін ескерген тарихшылар оған «Қараөткел» деген ресми атау беріп, алақандай ақпардан арыға асып көрмеген, бұрын-соңды хатталмаған деректерді жинастырып, жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіш ретінде қорғауға алуды күн тәртібіне қойды.

Ол үшін ең алдымен зираттың қоршауын жөндеп, қорымға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қаперге алынды.

Әрине, бұған дейін осынау игілікті істі атқаруға жекелеген қоғамдық ұйымдар тарапынан ниет білдірілген. Бірақ, амал не, аяқсыз қала берген.

Осы жылдың шілде айында Астана қаласы әкімінің «Рух» қоғамдық қорының атынан және елорда тұрғыны Салман Гуцариевтен «осы зиратта жатқан ата-баба рухының құрметіне және қазақ халқының меймандос пейіліне деген ілтипатпен Астана қаласы аумағындағы көне зираттың қоршауын жаңарту жұмысын жүргізуге сіздің рұқсатыңызды сұраймыз» деген мазмұнды ұсыныс-хат түсті.

– Мен өзім де 2006 жылға дейін осы зираттың көнеден келе жатқанын білгенім жоқ. Бұл жерде біздің әулеттен тарап, ертеректе дүниеден өткендер жатыр. Атамыз, әжеміз және екі ағамыз бен екі әпкеміз жерленген. Басын қарайтып, құлпытас қойғанбыз. Ораза айт кезінде барып Құран бағыштап тұрдық.

Ең алғашқы құлпытасты тегіміз бір Гуцариев Саварбек Саадұлы қойған. Ол 1964 жылы Кавказға қоныс аударды. Ата­мекенге кетпес бұрын, 1962 жылы әкесі Саадқа құлпытас қойды. Сол құлпытасты екінші рет, 1975 жылы Саварбектің ұлы Хамзат жаңалады.

Ал, «Қараөткел» зиратының қоршауын жаңғырту туралы ойды ең алғаш Саварбектің ұлы, менің Мәскеуде тұратын немере ағайым Михаил Гу­цариев айтып еді. Сонымен, ол кісі қаржылай көмек жаса­ды. Зиратты қоршап, тал егіп, абаттандыруды «Тәкежанов» жеке кәсіпорны жүргізді, – деді кәсіпкер Салман Гуцариев.

Бұл істің басы-қасында С.Гуцариевтің өзі жүрді. Олар бұл жұмысты шілденің 9-ы күні бастаған. Қазанның аяғында тәмамдаймыз деген. «Арық айтып, семіз шықты», бүгінде қоршау толық жасалып бітті. Үш жүзге тарта ағаш егілді.

Елордадағы көне мұсылман зиратын жаңалауға көмек еткен Михаил Саварбекұлы – Ақмоланың тумасы, Жам­был Технология және жеңіл өнеркәсіп институтының түлегі. Бүгінде Мәскеуде тұрады. Ресейдегі санаулы аса дәулеттілердің бірі.

… Астанада көне зиратты бұзады екен деген сыбыстан сескенген Гуцариевтер ата-ба­басы мен туыстарының мәйітін көшіріп, Ингушетияға апарып жерлемек ниетін айтқанда, осы жақтағы молданың «мәйітті мазаламағандарыңыз жөн» деген сөзіне тоқтады. Осыдан екі-үш жыл бұрын Мәскеуге барған сапарында Салманға ағасы Михаил Астанадағы көне зираттың қоршауын жаңартып, мүмкіндігінше абаттандыруға қол ұшын беру туралы ұсыныс айтты. Солайша, Салман «Рух­пен» бірігіп, Астана қалалық әкімдігіне хат түсірді.

– Әкімнің атына осы хат түскен соң, Мәдениет басқармасының басшылығы «Тәкежанов» құрылыс компаниясының жетекшілерімен кездесті. Жүздесуде зиратты қоршау барысын­да оның ішкі мазмұнына зақым келтірмеуді, атап айтқанда, құлпытастарға залал келтірмеуге, өзгеріс жасамауға, ең бастысы – сүйектерге тиіспеу туралы талаптар айтылды, – деді Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі бөлімнің қызметкері Кәмила Қоқымова.

Сонымен бірге, әкімдік тара­пынан «Қараөткел» зиратына ғылыми зерттеу жұмыстарын да қатар жүргізу ескерілді. Бүгінде Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Кемел Ақышев атындағы Археология институтының ғалымдарынан ғылыми-зерттеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Зерттеушілер «Қараөткел» мұсылман зиратының 1609–1962 жылдар аралығын қамтитынын анықтады. Бұл қорымда Тәуке ханның ұлы Сәмеке, Ақмоланың негізін қалаушы аға сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендин, Бөгенбай, Қабанбай, Кенеса­ры, Амангелді батырлардың сарбаздары, көпес Баймұхамед Қосшығұлов, діні мұсылман халыққа белгілі Самарқан, Бұхар, Қазан қалаларында туған қайраткерлер жерлен­ген деген деректер бар. Араб, парсы, төте жазумен жазылған құлпытастар белгілі.

– Қазіргі таңда 2169 құлпытас сақталған екен. Кейбіреуінің аты-жөні ки­риллицамен қазақша жазылған. Араб қарпімен жазылған, парсыша түсірілген құлпытастардың жазуын бүгінгі таңда Алматыдағы Шығыстану институтының мамандары оқып, саралап жатыр.

Ол сараптама қолға тиген соң, зираттағы адамдардың аты-жөні тағы да айқындалатын болады. Көптеген құлпытастар сынған, бүлінген немесе кейбіреуіндегі жазуды жел мен құз шайып, өшіп қалған.

Немесе кейбір әріптері түсіп, марқұмдардың аты-жөнін анық оқу мүмкін емес. Зерттеліп жатқан мәліметтер анықталған соң, Есеп карточкасын түзіп, «Қараөткелдің» толық карта­сын жасаймыз. «Қараөткел» мұсылман зираты жөніндегі алынып жатқан мәліметтер болашақ ғылыми зерттеулердің іргетасы, алғашқы дереккөз болып табыдады. Осыған дейін мұнда екі мың қаралы адам жерленген деп келген. Біздің зерттеулеріміз бойынша, он мыңға жуық адам жерлен­ген болуы мүмкін.

Тек екі мыңнан астамының басына құлпытас қойылған. Мұнда ата-әжелерінің немесе басқа жасы үлкен туыстарының аяқ жағына қойылған жас балалардың да мәйіті бар.

Олардың бәріне бірдей белгітас қойылмағандықтан, кейбірінің аты-жөнін толық анықтау мүмкін емес. Кәзір 262 адамның аты-жөні анықталды, – деді ғылыми топтың зерттеушісі Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы Серғазы Сәкенов.

– «Қараөткел» зиратының күрделілігінен біз әртүрлі зерт­теу тәсілін қолданамыз. Археологиялық және археологиялық-топологиялық жіктеу, сонымен қатар, этнографиялық тәсіл арқылы анықтау жасап жатыр­мыз. Археологиялық зерттеу әдісі арқылы 2169 құлпытастың төрт түрлі сипатын анықтадық.

Бұл зерттеудің құндылығы сонда – «Қараөткел» зираты көне дегенімізбен, әдеттегідей, сақ, ғұн дәуірі емес, әрі кетсе, түркі, берісі қазақ елі туралы тари­хын танимыз.

Өйткені, мұнда қазақ салтындағы құлпытастың төрт түрі кездеседі. Төрт жүз жылдан бері келе жатқан осы зиратта әр заманға лайықты жерлеу салты мен құлпытас қою үрдісі байқалады. Құлпытас жасалған материалдар­дан марқұмның қай заман­да өмір сүргенін анықтауға болады. Және құлпытас қою салтынан қай кезеңде қойылғанын білуге болғандай.

Мәселен, алтайлықтар мен қыпшақтардың және қазақ руларының мәйітті қою үрдісін көруге болады.

Сондай-ақ, бір таңғаларлығы – зираттың әр-әр жеріне қойылған құлпытастардан біркелкі жазу мәнерін таныдық. Соған қарап, ертеректе қазақ жерінде зиратқа жазу жазатын шеберлер немесе тұтас бір шеберхана жұмыс істеген деген тоқтамға келуге болады. Бұл да болса, қазақ тарихының бір парағы, – деді археология және этнология кафедрасының аға оқытушысы, ғылыми-зерттеу тобы жетекшілерінң бірі Алексей Свиридов.

Демек, тарихшы К.Қоқымованың айтуынша, «Қараөткел» зираты Астана тарихының, тіпті Ақмола өңірі тарихының тұнып жатқан бір көмбесі» болуы керек. Олай болса, Арқа өңіріндегі қазақ мәдени мұрасының бір тармағы «Қараөткел» қорымында жатқанында шәк келтіруге болмас…

Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ескерткіші

Беғазы — Дәндібай мәдениеті — қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. IX — VIII ғасырлар) Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті. Беғазы және Дәндібай ескерткіш кешендерін алғаш зерттеп, Беғазы — Дәндібай мәдениеті атауын ғылыми айналымға енгізген акад.

Әлкей Марғұлан. Беғазы — Дәндібай мәдениетін өркендеткен тайпалар батысында Ұлытау, шығысында Абыралы, Шыңғыс таулары, оңтүстігінде Жетіқоңырдан Ертіс бойына дейінгі Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендері бойлары мен Қызылтау, Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл таулары аралығындағы кең жазықтарды қоныс еткен.

Бұл кезде одан бұрынғы андрон мәдениетіне тән үлгілер сақталумен қатар, жаңа жерлеу ғимараттары, тұрғын үйлер пайда болып, жерлеу салты, өзіндік шаруашылық түрлері қалыптасады.

Жаңа мәдениет қауымның жоғарғы лауазымды билеушілеріне арнап салынған қақпақ тастардан тұрғызылған зәулім кесенелерімен, мәйітті бір қырынан, аяқ-қолын бауырына жинап, сонымен қатар шалқалатып жерлеу, олардың жандарына қару-жарақ, әшекей бұйымдар қою ғұрыптарымен ерекшеленеді. Қыш көзелердің пішіні, жасалу, өрнектелу өзгешелігімен де айрықшаланады.

Беғазы — Дәндібай мәдениетінің кесенелері күрделі сәулет өнері ескерткіштеріне жатады (Ақсу-Аюлы, Бұғылы, Беғазы, Дәндібай, Ортау, т.б.). Олар көбіне дөңгелек, төртбұрышты болып келеді. Ғимараттардың үсті қақпақ тастармен немесе жуан бөренелермен сатылы (пирамидалы) әдіспен жабылып, мәйіт ортадағы үлкен тас жәшіктерге жерленген.

Қоныстар мен тұрақтардан табылған көзе ыдыстардың таяқшамен батыңқы сызылып салынған сыртқы өрнектері қарапайым, қиғаш, көлбей салынған шырша, тырнақ, шекілдеуік, жарты ай бейнелі, мойны мен ернеуіне белдемшелер жапсырылған. Ал қабірлердің ішіне қойылған ыдыстардың пішімдері мен өрнектері мүлде өзгеше. Олар қыл мойын құмыра пішімді, шығыңқы бүйірлі кесе, тостаған тәрізді, сырты сүйек қалыпшалармен әсем етіп өрнектелген. Осы кезеңде бұл өңірде ірі елді мекендер (Кент, Бұғылы, Шортанды-бұлақ, Қарқаралы, Aқкезең, Ұлытау, т.б.) пайда болған.

Тұрғын үй құрылыстары әр түрлі. Қабырғасы, іргесі таспен өрілген 4 — 6 бөлмелі үйлермен қатар, бір-екі бөлмелі жер кепе және киіз үй пішіндес құрастырмалы жеңіл үйлер де көп болған. Олардың орта тұсында немесе шетінде биіктеу етіп тастан салынған төртбұрышты ғибадат ету орындары бар. Әрбір үлкен қоныстардың айналасында 3 — 5 шағын мекендер болған. Бұл жерлерді қоныстанған тайпалардың басым көпшілігі мыс балқыту, көзе жасау, егін егумен, мал ш-мен айналысқан.

Беғазы — Дәндібай мәдениеті жасаушы тайпалар да андрондықтар сияқты негізінен табиғат күштеріне (күн, от, су, т.б.) табынған. Сонымен қатар басты күнкөріс көзі есептелген жылқы, қой, түйе сияқты жануарлар мен қасқыр, аю, т.б. жыртқыш аңдарды құрметтеп, оларға табыну ғұрыптары пайда болған. Олардың тастан қашалған бейнесін зират, қоныс маңына (Қойшоқы, Ақсу-Аюлы, Қызыларай, т.б.) тұрғызып қойған.

Беғазы — Дәндібай мәдениеті тұрғындары — өздерінің әлеум. дамуында беделді рубасылары басқарған, қалыптасқан діни наным-сенімі, саяси әкімш. орталығы бар, өзіндік өндірісі мен өндіргіш күштері дамыған, алғаш мемл. бірлестік құру дәрежесіне жеткен тайпалар. Олар Оңт. Оралдағы (Замарев мәдениеті), Алтай мен Eнисейдегі (Қарасуық мәдениеті) өздеріне туыс тайпалармен саяси-экон. тығыз байланыста дамыды.

2009 жылдан бері Ақмола өңіріндегі «Құмай» тарихи кешеніне археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде бүгінге дейін мыңға жуық жәдігер табылып отыр. Енді мұражай мамандары мұраларды жинақтап, осы өңірде аспан астындағы мұражай мен ғылыми орталық құру жобасын қолға алды.

Астанадан шығысқа қарай 124 шақырым жерде көне түркі мәдениетінен сыр шертетін ашық аспан астында мұражай болады. Бірнеше мыңжылдықты қамтитын «Құмай» мәдени ескерткіштер кешені Ақмола облысының аумағында орналасқан. Әртүрлі типтегі қорғандар, көне ескерткіштер орын тепкен киелі мекен болып табылады.Жазық даладағы кешенніңжәдігерлері – ерте темір дәуірі мен орта ғасыр заманына жатады. Бірнеше жылдар бойы зерттеу жүргізілген нысандардың саны 1000-нан асады. Бұл мекенде Еуразия кеңістігінде өмір сүрген түркі халықтарының этникалық мәдениетінің даму үрдісі айқын көрініс тапқан.

Айман ДОСЫМБАЕВА, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

  • Бұл жерде Беғазы-Дәндібай мәдениетіне сәйкес ескерткіштер, бұдан ертедегі Атасу және Нұра кезеңдерінің құнды жәдігерлері бар. Сондай-ақ, түркі кезеңдеріндегі ескерткіштерді де кездестіреміз. Біздің мақсатымыз – зерттеу. Бүгін тұсаукесері өтті. Енді осының бәрін сақтай отырып, жастарға насихаттап, жеткізу керек.

Қазақстанның ұлттық брендіне айналатын құнды ескерткіштерге толы кешенің маңындағы ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайына да серпін бермек.

Яғни, ескерткіштерді көруге алдағы уақытта туристер де келе бастайды.

Жеңіс БӨДЕШОВ, «Торғай» орта мектебінің директоры: — Осындай тарихи ескерткіштердің ашылып, зерттеліп, бүкіл дүниежүзіне паш етілуі – біз үшін маңызды.

Өйткені, бұл жерде қазақ мемлекетінің болғандығы, қазақ жұртының, ата-бабаларымыздың мекендегені, олардың басқа халықтардан кем болмай, өзінің мәдениеті болғандығын көрсетеді.Тарихи ескерткіштердің зерттелу тарихы басталғанымен, қазба жұмыстары толық аяқталған жоқ.

Әзірге тек, ғұрыптық ескерткіштер мен тас мүсіндердің ғана сұлбасы бар.

.

АҚМОЛА ӨҢІРІНДЕ БАТЫС ТҮРКІ ҚАҒАНАТЫНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ ТАБЫЛДЫ

Түрік қағанатының осыншама ұлан-байтақ жер енді ғана қалыптаса бастаған мемлекеттіктің шеңберінде ұзақ уақыт қала алмайтын еді.Олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра аларлық өзара байланысты біртұтас экономикалық және этникалық-саяси организм болмады.

Тек қарудың күшімен ғана құрылған империя оған ұзақ уакыт сүйеніп тұра алмады. Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттерімен, жұттарымен және ашаршылықпен ушыға түсуі, Суй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581—618 жылдар), ақырында, оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа — Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінумен аяқталды;

Батыс түрік қағанаты (603-704).

Оңтүстік шығысында: Іле,Шу өзендерінен бастап;солтүстік-батысында Еділ мен Кубан өзенінің төмендегі ағысына дейін;солтүстік шығысы Есіл мен Ертіс өзендерінің жоғары ағыс аралығы мен;оңтүстік-батысында:Тарым Амудария өзеніне дейінгі аралықты өзіне қаратты.

Астанасы: батыс қағанаттың орталығы-Cуяб(Шу),жазғы ордасы-Мыңбұлақ(Жамбыл облысы).

Сарыарқа жерінен табылған VІ- VІІІ ғасырларға тән тарихи ескерткіштерге алғаш рет археологиялық зерттеу жасалып жатыр.

Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы Құмай өзенінің маңында қазір ғылыми топ қазба жұмыстарын жүргізуде. Мамандар бойына сан ғасырлық тарихты бүгіп жатқан сырлы тас мүсіндердің құпиясын ашпақ.

Астана қаласындағы президенттік мәдениет орталығында Қосбатыр ескерткішінің табылуы мен зерттелуіне арналған «Қазақстан мәдени ескерткіштеріндегі түрік әлемі» атты баспасөз мәслихаты өтті.

Ақмола өңірінде батыс түркі қағанатына тән құнды жәдігерлер табылды. Мамандар қазір Қосбатыр деп аталатын тас мүсіндердің шығу тарихын зерттеп жатыр. Зерттеу жұмыстарын басқарып жүрген түркітанушы ғалым Айман Досымбаеваның болжауынша, тас мүсіндер осыдан 1300 жыл бұрын орнатылған. Бұл маңда VІ- VІІІ ғасырларда батыс түркі қағанаты мекен еткен. Қазір ғалымдар Құмай өзенінің сол жағалауындағы Торғай ауылынан оңтүстікке қарай 3 шақырым жерде орналасқан екі тас мүсінді түркі дәуіріндегі ел қорғаған батырларға арналған деп болжап отыр.

Бытығай кесенесі

Бытығай кесенесі — ерте замандардан келе жатқан бай тарихымыздың куәгері. Сонымен қатар бұл Қазақстандағы ортағасырлық жалғыз кесене. Осы бір Бытығай Кесенесі көптеген елдің айтуына қарағанда Қазақстандағы сәулет-құрылыс өнерінің қайталанбас үлгісі болып табылады.

Бұл ұсыныс Совет дәуірінің 80-ші жылдарында айтылса керек, осы жобаның авторы Ботағай кесененің қайта қалпына келтіруді ұсынған.

Бұл жоба Бытығай Кесенесінің орналасқан жерімен тығыз байланысты. Кесене Астана қаласының батысынан 120 шақырым жерде жатқан қала типтес Қорғалжын ауылында орналасқан. XIX ғасыр ортасы кезінде кесене қалыпты жағдайда болған, кейіннен ескірген. 1974 жылы Бытығай кесенесін қазушылар оның көлемін 21,0х17,4м деп анықтаған және күйдірілген қызыл кірпіштен салынған, кесене аймағына да кірпіш төселген.

Сондай-ақ терракты оюлы плиткалар табылған. Содан кейін екінші рет археологиялық қазбажұмыстарыжүргізілгенжоқ.

СәулетқұрылысөнерініңқайталанбасүлгісіболғанБытығайкесенесін, басқа да сәулет және археология ескерткіштері сияқты туризм нысанына айналдыру мақсатында жөндеп қалпына келтіру. Қорғалжын табиғи қорығын «Қорғалжын тарихи-табиғи қорығы» деп өзгертуге болар еді.

Қабанбай батыр кесенесі

Қабанбай батыр кесенесі Ақмола облысының ауыл аймағында оңтүстікте 20 км. қашықтықта

Астана қаласы және солтүстік-шығыста 4 км. қашықтықта Қызылжар ауылында орналасқан. Кесененің ғимараты 2000 жылы салынған болатын. Сол күннен бастап Астана қаласының жерінде Қазақстан халқының жан-жақтан келетін киелі жерінің біріне айналған болатын.

Кесене батырдың дулығасын еске түсіретін, кесененің қызыл кірпіштерінің жоғары қабырғаның түзу формалары биікке самғауды сілтейді.

Ескерткішті темір жарты ай қияды.Қаракерей Қабанбай – қазақ батырларының қолбасшысы, әйгілі батырлардың бірі, XVIII ғасырда жоңғар шапқыншылығына қарсы шығуын ұйымдастырған. Оның аты Абылай, Бөгенбай аттарымен қазақ халқының жазуларында әйгілі.

Ерасыл Қабанбай шамамен 1691 жылы Сырдария жағалауында туған еді. 1769 жылы 78 жаста қайтыс болған болатын.Қабанбайдың балалық шағы жоңғар шапқыншылығы кезінде әкесінің қайтыс болуымен басталды.

Жас Қабанбай жаулардан өмірінің соңғы уақытына дейін кек алуына ант береді. Өзінің антын орындауына мақсат еткеніне Ізбасар-Мирас етіп ат қойылған болатын.

Ұлы батыр қырық жыл аралығында қарулы атын тастамай, 100 астам шайқасқа қатысып. Оның алдына қолбасшыларды немесе ең мықты сарбаздарды шақыртатын болған.

1725 жылы Алакөл көлінің маңайындағы қазақ жасағы Қаракерей Қабанбай басшылығымен жоңғарлармен шайқаста, 1728 жылы Балқаштың солтүстік жағалауында және Шұбартеңіз шайқасында, сонымен қатар 80 күнге созылған Шорын әскери және Шаған жасағымен жыл бойы жаумен шайқаста ерекше жеңіске жеткен болатын. Қабанбай қолбасшысымен бірге Дәулетбай, Ер — Еспембет, Баймұрат, Шынқожа, Ақпантай, Оразымбет, Орақбай, Қомай, Шөрек және Тентек сияқты әйгілі батырлар қатысқан болатын.Әйгілі Қабанбай батыр жау аймағының тылында жасақпен болған еді.

Қолбасшы Қабанбай-батыр Абылай хан құрметінде болған, хан оны ерекше – Дарабоз деп атап кеткен.Қабанбай батыр кесенесі біздің астананың шетінде тарихи әділділік салтанаты және қазақ халқы үшін белгілі орны болып есептеледі.

Қабанбай батыр тұлғасы қауіп-қатер алдында қазақ халқының бірлікпен топтасқандықтың символы.

Бозоқ қаласы

Әрбір қаланың белгілі бір уақыт үзінділерінде: ондаған, жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасатын өзінің тарихи аймағы болады.

Қазақстанның жас астанасы – Астана қаласының мыңдаған жылдардан астам тарихы бар. Бұл 8 жылдың жазы бойы (1999 – 2007) орта ғасырлық Бозоқ қалашығында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан Есіл стационарлық археологиялық экспедициясының жұмыстарымен дәлелденген.Қазіргі кезде археологиялық объект Астананың қалдық аймағында қалған.

Астананың бас жоспары бойынша Бұзұқты көлінің арғы жағынан астананы сыртынан айналатын дөңгелек жол өтеді. Қаланың диаметрі 32 км. Ескерткіштің территориясы қаланың басты остерінің бірінде болып, архитектуралық құрылысына керемет сайып тұр: өткені (Бозоқ), қазіргі кезде (орталық ауданы Ақ-Орда), келері (университеттік қалашық).

Мыңдаған жылдар бұрын Жоғарғы Есіл жағалауындағы Қараөткел өткелінде кішігірім әскери тұрақтың пайда болуы, ең алдымен бұл жерде сауда жолының түйіскен торабы болғандығымен дәлелденеді. Бозоқ қалашығы Сары–Арқаның ортасында солтүстік сібір бассейні өзендерінің (Есіл, Сілеті, Шедерті) және Орта Азиялық (Нура, Сарысу) өзендерінің салалары түйіскен жерде орналасқан. Бұл жер шаруашылық иеліктерге, әскери стратегиялық плацдармға, сауда жолдарын бақылауға арналған бірегей орын.

Бозоқ қалашығы Есіл өзенінің сол жағалауындағы Бұзұқты көлінің шығыс жағалауында орналасқан.

Қалашықтың орнында екі қорғаныс сызықтары байқалады. Сыртқы сызық бұл Бұзықты көлінің табиға су құбыры мен болта жүйесімен қоршалуы. Ішкі сызық табиғи және жасанды қорғаныс тізбектерінен тұратын қалашықтың қоршауы ескерткіштің есіл өзенінің төменгі даласында және болоталы аймақта орналасуы тек қана қорғанушылық стратегиялық мақсатпен ғана емес, сонымен қатар шаруашылық факторлары да орын алады.

Бозоқ қалашығының ортағасырлық тұрғындары егін шарушылығымен айналысатын арнайы канал, арық, дуал немесе реттер түрінде қойылған суару жүйелерінен байқауға болады.

Қалашықтың құрылымдық ұйымдастырылуы Бозоқ қалашығы 400х200 м ауданда солтүстіктен оңтүстікке созылған үш негізделген топтан тұрады (орталық, солтүстік және оңтүстіктен) Қалашықтың орталық бөлігін 150х120 аудан алаңды алып жатқан үш төртбұрышты әбзелдер құрайды. Әрқайсысы дуалмен қоршалған кварталдар бір-біріне тіркесіп тұрады.

Үш кварталдың түйіскен жері қалашықтың орталық бөлігінде батыстан шығысқа созылған тік бұрышты алаң кездеседі. Оның мөлшері 60х17, биіктігі 1,8 м. Биіктіктің жоғарғы жағында бірнеше ойықтар кездеседі, батыс жағынан күйдірілген кірпіштің төрбұрышты шығындары табылған.

Бұл биіктіктің басқа құрылымдарға қарағанда қалашықтың ең басты қасиетті орталығы болғандығы қазба жұмыстары басталмай-ақ белгілі болған.

Бұл болжам зерттеу барысында дәлелденді. Жерлеу қабірі құралдарының қызықты кешені қалашықтың орталық бөлігінен солтүстікке 70 м-дей жерде байқалады. Бұл мөлшері 55х18 м , биіктігі 1 м болатын дөң.

Оның бетінен тереңдігі 2 м болатын үш төртбұрышты шұңқыр көреміз. Олардың арасындағы ең ірісі (25х6) солтүтік-батыстан оңтүстік шығысқа созылып жатыр.

Кешен құрылыстарына солтүстік-батыстан доғал тәрізді шұңқыр келіп тіреледі, одан төменге өлге қарай арық қазылған. Дөңнің шығыс жағынан мөлшері 6х4 м биіктік байқалады. Қазба жұмыстары процесінде белгілі болғандай бұл шикі кірпіштен салынған мазардың қалдықтары екен.

Үшінші құралдар кешені қалашықтың оңтүстік кварталынан 27 м оңтүстікке қарай орналасқан. Ол екі шағын топырақ үійнділерімен, індер қазылып тасталынған ұзақтан-ұзақ созылған шұңқырлардан тұрады. Үйінділердің мөлшері: оңтүстіктегісі – 23х7 м, солтүстіктегісі – 14х5 м, ал олардың биіктіктері сәйкесінше 0,9 және 0,5 м.

Шұңқырларға келсек, олар ертеректегі жерлеулер болуы да мүмкін.

Қалашық территориясында күйдірілген немесе шикі кірпіштен тұрғызылған 5 кірпіш мавзолейлерінің негіздері зерттелді.

Обалардан табылған кірпіш стандарттары мен заттары XI – XV ғғ.. көрсетеді. Мавзолейлердегі жерлеулерден басқа біз шұңқырлы жерлеулер мен басқада обаларды зерттедік. Барлығы 49 оба қазылды.

Бозоқ некрополінің жерлеу құралдарының алғашқы топтауы жасалды

Заттар арқылы XIII – XIV ғасырлардағы жерленгендер тобы бөлінеді. Осыған байланысты Қазақстан даласындағы исламның таралу мәселесі қызығушылық тудырады. XIV ғасырда ислам діні ресми түрде Алтын

Орданың мемлекеттік діні болып қабылданғанына қарамастан

Қазастанның түпкі далалы аймақтарында пұтқа табынушылық салты бойынша жерлеу жалғаса берді: киіммен, о дүниелік тамақтармен:

жылқының бас сүйектерімен жауырындары, бөлшектелген сүйектері, қолардың толық скелеттері, алдыңғы аяқтарының түтік тәрізді сүйектері кездеседі. Уақыты белгіленген темір оқ ұштарымен, қола айнамен, күміс тыйынмен, күміс ыдыспен және әшекей заттарымен белгіленген.

Ескерткіштің құрылымын орталық үш кварталдан басқа солтүстік бөлігінде тұрғын үй және шаруашылық құрылыс кешендері, оңтүстігінде – некрополь құрайды. Жалпы ескерткштің функциясын анықтауда біз келесі көрсеткіштерге сүйене аламыз.

Тұрғын үй кешендерімен өндірістік алаңдарының үйлесуі, оны ұзақ мерзімді өмір сүретін орын ретінде көрсетеді. Қорғаныс бекіністері мен мәдени мемориалды кешендердің болуы ескерткішті қала типті кент ретінде көрсетеді.

Қазіргі кезде қалашық территориясында заттар мен стратиграфиясына қарағанда хронологиялық кезеңге жатқызалатын 5 жерлеу қабірлерінде қазба жұмыстары жүргізілді. Олардың біреуі оңтүстік кварталға кіре берісте орналасқан және ешбір күмәнсіз қалашық толық бос болғаннан кейін ғана пайда болған.

Біреуі № 3 тұрғын үйдің құлаған балшықты қабырғаларын тазалаған. Оба шұңқырының белгілері тіпті жоғарғы 20 см алғаннан кейін-ақ пайда болды. Барлық бес жерлеулерде ат әбзелдеріне қарағанда және әшекей заттарына қарағанда XIII – XIV ғ. жатқызылады.

Бұл жерде өмір Қазақ хандығы кезеңінде де жалғасқан болар. Біз мұсылмандық салтпен қойылған жерлеулерді аштық: өлгендер бастарымен батысқа, беттерімен оңтүстікке, жерлеу заттарынсыз қойылған.

Сөйтіп, бұл жерді тұрғындары тастап кеткеннен кейін көптеген ғасырлар бойы Нұра – Есіл аралығының мәдени орталығы болып келді. Мұнда тұрғын үйлер мен өндірістік конструциялардан басқа шикі кірпіштен салынған мовзалейлер, мазарлар, қабірлер ашылған. XIII – XІV ғ. алтынордалық көмбелер қазылды.

Ең соңғы жерлеулер XVII – XVІII ғасырларға жатқызылады. Уақыты Кузнецтік фарфордың фрагменттеріне қарап қойылған.Бозоқ қалашығының Қазақстан астанасы үшін оның ертедегі дерегі ретінде маңызы өте зор. Мыңдаған жылдар бұрын қазіргі Астананың орнында әскери бөлімшелердің пайда болуы геостратегиялық факторман байланысты, ол далалы Жібек жолының керуендерін бақылауға арналған болуы мүмкін. Бозоқ қалашығы оның территориясындағы мовзалейлер концентрациясына қарағанда ортағасырлық Нұра – Есіл ауданы халқы үшін рухани Мекке қызметін атқарды десе де болады.

АБАЙ АУЛЫНДА ТАБЫЛҒАН ЕСКЕРТКІШ

Ақмола облысының Зеренді ауданы, Абай ауылының маңында тарихи құнды ескерткіш табылды. Оны құм карьерін игеру кезінде жұмысшылар тапқан. Археологтар табылған заттарды қола дәуіріне жатқызып отыр.Абай ауылының маңында жүргізілген кен игеру жұмыстары кезінде құмыра ыдыстың сынықтары, әзірге белгісіз сүйектер табылған. Көне жәдігерді бірінші болып көрген жұмысшылар археологтарға хабарласыпты.

Александр Сериков, Кен игеру компаниясының басшысы:

  • Жерді қазып жатқанда бүтін құмыралар шықты. Археологтар зерттей келе, оның расында құнды ескерткіштер екенін айтты.

Тарихи заттар археологтардың сараптауынан өтті.

Табылған 7 құмыра ыдыстардың осыдан 4000 жыл бұрын пайдаланылғаны анықталды. Ол заманда жазу болмағанымен, адамдар өз дәуірінің мәдениетін осылай ыдыстарға ою-өрнек салу арқылы жеткізген, — дейді мамандар.

Қуаныш Шақшақов, археолог:

  • Мына жерде әр тайпаның өзінің жеке таңбасы бар, осы міне таңбалар мында жасалған. Сол кездегі Андронов мәдениеті деп атаймыз ғой, бірақ ол өз ішінде де тайпаларға бөлінеді. Мысалы, ру-руларға және әр рудың өзіне сай таңбалары болған.

Зерттеушілер бұл жерде ерте заманда қорық болғанын айтады.

Қуаныш Шақшақов, археолог:

  • Қазір айта алмаймыз, осы тек құмыралар шықты қандай дәрежедегі қандай адам мысалы, ол кім болады, ол ру басшысы болды ма әлде шаман болды ма оны айта алмаймыз. Оны ашқан кезде ғана, осы табылған заттарына сай ажырата аламыз.

Меруерт Палмаханова, тілші:

  • Тарихи-мәдени ескерткіш табылған аймақта бүгінде кен игеру жұмыстары тоқтатылды. Зерттеушілер алдағы уақытта археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, жәдігер табылған жерде нақты қанша қорық жатқанын анықтамақ.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.