Жаңа сабақтар

Куптлеуова Гулсара

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы «Күйкен бөбекжайы» балабақшасы МКҚК.

Ән-саз жетекшісі Куптлеуова Гулсара

Тақырыбы: «Әуенді сандықша» Көрсетілім.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 15.02.2017 жыл

Тобы: 7 топ

Бала саны: 12

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Музыка

Тақырыбы: «Әуенді сандықша».

Мақсаты: музыкаға қызығушылығын арттыру, түрлі сипаттағы әндерді орындауға үйрету, музыкалық фразалар арасында тыныс алуға, әуенге сәйкес би жанрларын ажыратуға баулу. Би қимылдарын ауыстыра білуге, аспаптарда ырғақты сезіне ойнауға, аспаптардың дауысын ажыратуға үйрету, аспаптардың құрылысымен таныстыру.

Көрнекілік: ғажайып сандыкша, сылдырмақтар, бубендер, жұмсақ ойыншықтар, қуыршақтар, ойынға қажетті карточкалар, суреттер.

Сөздік жұмыс: сандықша, полька, вальс, марш, нота және нота сызығы.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру, мнемотехника кестесі бойынша жаңа әнді жаттату.

Алдын ала жасалатын жұмыстар: Балаларға нота сызығы және ноталардың орналасу реті туралы түсінік беру.

Оқу қызметінің

кезеңдері

Музыка жетекшісінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-

қозғаушылық

Балаларды көңілді қарсы алып,

«Көңілді күн» әуеніне қыдыруға шақыру. Қол ұстасып, зал ішінде еркін жүргізу. Әуен соңында тоқтап, шеңбер бойымен тұруларын сұрайды.

Ал, кәнекей, тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Шаттық шеңбер

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға.

Ертемен ақ пейілмен,

«Қайырлы таң» деймін мен.

Күндізде елді елеймін,

Үйге кешке келемін.

Не дерімді білемін,

«Кеш жарық» деп кіремін.

Балалар қол ұстасып, зал ішінде еркін жүріп қыдырады.

Шеңбер құрып тұрады.

Ұйымдастырушылық- ізденістік -Жарайсыңдар, балалар! Енді отырып,демалайық! Жайғасып отырыңдар.

Ғажайып сәт.

Осы кезде әуен ойналады да, бәрі жан-жағына қарайды.

Әуенмен залға музыка ханшайымы кіреді. Музыка ханшайымы қолына сандықша алып келеді.

Музыка ханшайымы сандықшаны алып үстел үстіне қояды.

Педагог таңырқап сандықшаны қарастырады.

-Балалар, бұл қандай сандықша екен? Қандай құпиясы бар екен?

Әуен ойналады.

Музыка ханшайымы сандықша ішінде әртүрлі тапсырмалар бар екендігін айтады:

-Сәлеметсіздерме, балалар! Сәлеметсіз бе, апайлар!

-Балалар, менің сандықшам жай сандықша емес, әуенді сандықша. Бұл сандықша ішінде сендерге арналған тапсырмалар бар. Орындауға дайынсыңдар ма?

Ханшайым сандықша ішінен рет-ретімен тапсырмаларды алып, оқиды.

Педагог тапсырмаларды балалармен бірге орындайды. Ханшайым орындалу барысына көмектеседі.

-Әуенді сандықшаны ашып көрейік. Сандықша ашылып, әсем әуен естіледі.

Педагог сандықшаға құлағын тосып тыңдағандай болады.

-Балалар, ғажайып сандықшаның бізге

тапсырмасы:

Әуенді-дидактикалық ойын:

« Қай аспапта ойнаймын ».

Мақсаты: балаларды музыкалық аспаптардың дауысын ажыратуға үйрету, музыкалық аспаптардың атын дұрыс айтуға дағдыландыру.

Шарты: балаларға көрсетпей үнтаспада және аспаптарда ойнатылады. Балалар сол ойналған аспаптың суретін алдарындағы карточканы көрсету арқылы табады және атын атайды.

Дауыс жаттығуы: «Балаларға арналған сольфеджио» айтылып, балалардың дауыс ырғақтарын бақылайды.

Мен өнерпаз баламын,

Шырқап әнге саламын.

Өскенімде ертең-ақ

Әнші, биші болайын.

Өткен сабақтағы әнді қайталау.

«Өнерге құштар баламын».

Жаңа ән үйрену:

«Көктемде» (Бота Бейсенова ) әнін орындап, мұқият тыңдауларын сұрайды.

Жаңа әнді мнемотехника кестесі бойынша жаттату. Ән мазмұнын әңгімелеп, сипатын аныктауға ықпал етеді. Әнді екінші рет орындап, ән

әуеніне қосылуды және шапалақпен ырғақты көрсетуді сұрайды. Тағы да ғажайып сандықшаны ашып, келесі тапсырманың шартын түсіндіреді:

-Балалар, сандықшаның келесі тапсырмасы «Көңілді ноталар» және «Бұл қай аспап?» ойыны екен.

-Балалар, бұл ойынды ойнау үшін біз екі топқа бөлінеміз. 1-топ ноталарды орналастырса, 2-ші топ аспаптарды құрастырады.

Мақсаты: Балаларға ноталардың орналасу ретін есте сақтауға үйрету, ноталарды(смайликтерді) нота сызығына орналастыра білу қабілетін жетілдіру; аспаптардың құрылысымен таныстыру;

Шарты: Балалар алдарындағы қорапшадан түрлі түсті смайликтерді алып, реті бойынша нота сызығына орналастыру; қиылған аспаптарды өз орнына қойып, құрастырып, атын атау;

Жұмысты қорытындылау.

Педагог:

— Балалар, ғажайып сандықшаның тағы бір тапсырмасы бар екен.орындаймыз ба, балалар?

Сергіту сәті:( ханшайыммен бірге)

«Сылдырмақ» әні.

Сылдырмақтармен әуенге сай ырғақты қимыл қозғалыстар жасап, әнді қосылып айту.

Ойын: «Бәсең және көңілді»

Үнтаспадан әртұрлі әуендер ойналып, балалар сол әуенге сай би қимылдарын көрсетеді.

Балалар өз орындарына отырады.

Әуенді тыңдайды.

Музыка ханшайымын көріп, қуанады.

Сандықшаны көріп, қызығушылық танытады.

Балалар мұқият тыңдап отырады.

Ханшайыммен амандасады.

-Ия, дайынбыз.

Тапсырмаларды мұқият тыңдайды.

Балалар аспаптардың дауысын ажыратып, атын атайды.

Балалар дауыс жаттығуын педагогпен бірге орындауға талпынады.

Өткен сабақтағы әнді әуенге қосылып, айтады.

Көңілді әнді тыңдап, мәтінін түсінуге тырысады.

Әнді суреттергі бейнелер бойынша жаттауға, есте сақтауға тырысады.

Ән туралы әңгімелеп, өз ойларын білдіреді.

Әнге қосылуға әрекеттеніп, ырғақты шапалақпен көрсетеді.

Балалар ойын шартын ұғынады.

Балалар екі топқа бөлініп, ойын шартын орындауға тырысады.

Ноталарды (смайликтерді) нота сызығына дұрыс орналастыруға талпынады.

Аспаптарды дұрыс құрастыруға тырысады.

Өз жұмыстарын педагогтің жұмысымен салыстырады.

Балалар қуана келіседі.

Сылдырмақтарды әуенге сай ырғақпен сылдырлатуға тырысады.

Балалар әуенге сай би қимылдарын көрсетеді.

Рефлекциялық-

түзетушілік

Би: «Біздің ойыншықтар».

Аю, қасқыр, жолбарыс,

Арыстан мен піл, барыс,

Ойыншықтар, тұрыңдар,

Ойын-сауық құрыңдар, — деп ойыншықтармен биге шақырады. Би қимылдарын көрсетіп, үйретеді.

Қорытындылау:

Балалар, бізге қонаққа кім келді?

-Музыка ханшайымы бізге тапсырманы қайдан алды?

Балалар, сендер бүгінгі сабақта қандай ән үйрендіңдер?

-Балалар, бүгінгі сабағымызда қандай аспаптарды құрастырдық?

-Қандай ойындар ойнадық? Ноталарды қайда орналастырдық?

-Балалар, бүгінгі сабағымыздың қалай өткендігін сендер қолдарыңдағы смайликтер арқылы бағалайсыңдар.

-Олай болса, сабақ қалай өтті?

-Жарайсыңдар, балалар!

Үйге тапсырма жаңа әннің мәтінін жаттап келу және музыкалық аспаптарды мүсіндеп келу.

Балаларды мадақтау, марапаттау.

Көңілді әуен ойналып, балалар педагогпен қоштасып, өз топтарына кетеді.

Балалар ұнатқан ойыншықтарын алып, бөлме ішінде қатарласа тұрады. Би қимылдарын бірге бастап, қуыршақтармен билейді

Музыка ханшайымы.

-Әуенді сандықшадан.

-«Көктемде» әнін.

Балалар құрастырған аспаптарын атайды.

«Көңілді ноталар», «Бұл қай аспап?», т.б.

Балалар алдарындағы смайликтерді көтеру арқылы бүгінгі сабақты бағалайды.

Педагог тапсырмасын мұқият тыңдап, орындауға келіседі.

Балалар марапатқа қуанады.

Педагогпен қоштасып, өз топтарына кетеді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: түрлі сипаттағы әндерді орындауды фраза арасында тыныс алуды, би жанрларын ажыратуды, ноталарды сызыққа орналастыруды, аспап дауысын ажыратуды, атын дұрыс атауды;

Игереді: сылдырмақ, бубен, қоңырау аспаптарында әуенге ілесе ойнауды, ойыншьіқтармен қимыл-қозғалыс жасауды, аспаптарды құрастыруды;

Меңгереді: әнді , ән ырғағын шапалақпен көрсетуді, сылдырмақты әуен ырғағына сай сылдырлатуды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.