Жаңа сабақтар

«Сарайшық-мәңгілік ел мұрасы»

Атырау облысы Атырау қаласы

Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің

9 сынып оқушысы Ақылбаева Қымбат

Жетекшісі: Бектлеуова Шынар Турганбаевна

Жоба тақырыбы: «Сарайшық-мәңгілік ел мұрасы»

Мазмұны

I.Кіріспе………………………………………………………………………………………………………………………3-4

1.1.Сарайшық-тарихи мекен………………………………………………………………………………………..4-6

II.Негізгі бөлім

2.1.Сарайшықтың географиялық орны…………………………………………………………………………6-8

2.2.Сарайшық аталу себебі?……………………………………………………………………………………….8-10

2.3Сарайшық-әулиелі,қасиетті жер…………………………………………………………………………..10-15

2.4.Болашақтағы Сарайшық…………………………………………………………………………………….15-21

III.Қорытынды…………………………………………………………………………………………………………21-23

Аннотация

Зерттеу мақсаты:Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты

бағдарламалық сипаттағы мақаласында «Туған жер»

бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Мемлекет басшысы

отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен

ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген

сүйіспеншіліктен басталатынын қадап айтқан болатын«Жалпақ

жұртыңды, алашыңды құрметтеу, алдымен, өзің тұрған өлкенің

тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» — деген

даналық сөзді басшылыққа ала отырып, Отан тарихын, өлке

тарихын насихаттау мақсатында, ұрпаққа ұлағат болар ата

қонысымызда елдік пен ерліктің көптеген мұрасы болған

Сарайшық жөнінде мағлұматтар жинадым.

Зерттеу кезеңдері: Болашақтағы Сарайшық мұражайына туристік орталыққа

айналуына үлес қосу

Зерттеу әдістемесі:Іздену-шығармашылық,кездесу-сұхбат.

Зерттеу нәтижесі: Көне қала Сарайшық туралы мәліметтер жинақталған. Сарайшық

мұражайынан арнайы сұхбаттар алынып,жинақталды.

Зерттеу құрылымы:Зерттеу жұмысы кіріспеден,негізгі міселені қарастыратын

тараудан,қорытынды,ұсыныстан тұрады.

САРАЙШЫК-ЕЖЕЛГІ ҚАЛАНЫҢ ҰЛЫЛЫҒЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық сипаттағы мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Мемлекет басшысы отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын қадап айтқан болатын.

«Жалпақ жұртыңды, алашыңды құрметтеу, алдымен, өзің тұрған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» — деген даналық сөзді басшылыққа ала отырып, Отан тарихын, өлке тарихын насихаттау мақсатында, ұрпаққа ұлағат болар ата қонысымызда елдік пен ерліктің көптеген мұрасы болған Сарайшық жөнінде мағлұматтар жинадым.

Сарайшық — қазақ даласындағы ең көрікті орындардың бірі болып саналады. Қаланың неліктен Сарайшық аталғаны жөнінде араб саяхатшысы Ибн-Батутаның Хорезмге барар жолда Сарайшыққа соққаны жақсы мәлімет береді. Онда саяхатшы: «Біз жаңа Сарайдан (Астрахандағы Сарай-Берке қаласы) он күн жүріп Сарайшық қаласына келдік. Сарайшық, яғни «кіші Сарай» — деген мағына береді. Ол «Ұлы су» (Жайық өзені) деп аталатын үлкен және тез ағатын өзеннің бойында орналасқан. Өзеннің үстінен Бағдаттағы сияқты қайық пен кемелерден көпір салып қойылыпты», — дейді. Бұдан басқа кейбір тарихшылар Сарайшық атауы қаланың алтынмен апталған күмбездері мен мұнаралары айшықталып тұрғандықтан жұрт «Сары айшықты қала» деп атағандығын айтып жүр. Сарайшық қаласы өз дәуірінің әсем қалаларының бірі болған. Бұл жерге кезінде жүз мойындаған 12 әулие жерленген.Сондықтан Атырау облысындағы әулиелі,қасиетті жерлердің бірі. Кезінде Сарайшықта 100 ден астам хан қандық құрған. Сарайшықтағы 17 м биіктікте қойылып тұрған ескерткіш сол хандардың рухын кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатта қойылған. Құрылыс1999 жылы 2- мамырда басталып, 2- ші қыркүйекте аяқталды. Сарайшық жерінде 7 ханның сүйегі жатыр, 1 ханның басы жатыр. Мөңке темір,Жәнібек,Әмір Оқас,Қасым хан, Ших Мамай, Жүсіп хан, Тоқтағу. Мөңке темір,Тоқтағу, Жәнібек үшеуі Алтын Орданың хандары.Монголдар Жошыдан тараған ұрпақтар яғни Шыңғыс ханның бірінші баласынан тараған ұрпақтар. Ал Қасым хан қазақ. Ол Әз Жәнібектің баласы.Қасым хан хандық құрған жылдары Сарайшықты қазақ хандығының астанасы және ежелгі қаланың ұлылығы деп атады. Қазақты қазақ еткен ұлтты басқа ұлттармен теңестіріп, мемлекет ретінде қазақты басқа елдерге мойындатқан Қасым хан.

Сарайшықта орналасқан «Қасым хан» кесенесі

Сарайшықта ораналасқан «Тоқтағу» кесенесі

Сарайшықта орналасқан «Ших-Мамай» кесенесі

Сарайшықта орналасқан «Мөңке Темір» кесенесі

Сарайшықта орналасқан «Жәнібек» кесенесі

Сарайшықта орналасқан «Әмір-Оқас» кесенесі

Сарайшықта орналасқан «Жүсіп» кесенесі

Сарайшықта орналасқан «Әулие ағашы»

Менің көкейімде жүрген Сарайшықтағы 7 хан туралы, оның сол жердегі моланың астында сүйегі барма сол жөнінде, әулие ағашы туралы білгім келіп зерттеу жүргіздім.

Нәтижесінде оның астында ешқандай сүйек жоқ екен.Сарайшықтың әр жерінен әкеліп топырақ салынған. Тек біреуін ғана тапқан. Ол Қасым хан екен. Аты әлемге жайылып тұрған әулие ағашы туралы сұрағанымда: Әулие ағашы деп атаған себебін: құрылыс жүріп жатқан кезде сол ауылда қайғылы жағдай болған екен. Бір жазда 12 адам көз жұмады. Бірде музей басшысы Молдаш Бердімұратов поезда үлкен қартқа тап болады.Бұрмаланып кеткен қазақтың тарихы ғой, құттай да болса кейінгі ұрпаққа дағдылы түрде жеткізуге үлесімді қосайыншы деп, Музей салдырайын деп жүрген жайым бар деген екен.Сонда қария жақсы іс жасап жүр екенсің, бірақ еліңде берекет жоқ. Халқың қасиетті орман өсірген,сол орманның рахатын көріпсіңдер, сол орманмен атақтарыңды әлемге жайыпсыңдар. Сол орманды өздерің жазықсыз жойыпсыздар,рахатын көргеннің иесі болады деген екен. Бұрын осы жерді «опытная поле» деп атаған Ауылдың екі шетінде 82 гектар жерді алатын алма сат болған. Сол ағаш бүкіл Атырауды қамтамасыз еткен. Содан кейін жекешелендіргенде алма ағашы жайында қалып, қураған ағашты жұрт апарып отқа салған. Содан қария әлгі ағашты сол орынға апарып қой,халық өткен — кеткенін көз алдына елестетер сонда аруақтар кешірер. Өйтпесе бұл 7 жылға дейін созылады деген. Бұл әулие ағашы сол қарттың айтуымен қойылған. Содан бастап адамдардың өлуі де күрт тоқтады. Ағаш өз қасиетін жойған жоқ. Адамдар келіп сол ағашқа түнеп, өз жараларына шипа іздеп, ел қатарлы өмір сүріп жазылып кетіп жатыр. Сарайшықтан басқа да көненің көзі жәдігерлер көптеп табылуда. Мәселен, 2001 жылы қазба жұмыстары кезінде археологтар ерекше кесе тауып алды. Әлемде мұндай кесе екі дана ғана екен, біреуі – Египетте, екіншісі – Қазақстанда. Кесенің қасиеті ішіне уланған тағам құйылғанда ол түсін өзгертеді екен.Көне тарихы бар Сарайшық өлкесі тарих сахнасында «Мәңгілік Ел» мұрасы болып қалары сөзсіз. Ол Еділ – Жайық кеңістігіндегі, Каспий өңірін жайлаған халықтардың мың жылдық тарихын сақтаған саяси-мәдени орталығы болған қала ретінде маңызды.Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев халыққа есеп берген жиынында Сарайшық музейінде қазіргі заманғы сапар орталығы салынып, алдағы жылы құрылысы басталатынын, және әкімшілік ғимарат,қонақүй,шаруашылық-тұрмыстық үйі секілді бірнеше ғимарат салу жоспарда бар екенін айтқан болатын. Қазірдің өзінде әкімнің бастамасымен Сарайшық қалашығы маңайындағы жағалау бекітіліп жатқан көрінеді. Бұл үшін облыс бюджетінен 1 миллиард 60 мың теңге қаражат бөлінген.Жобаға сәйкес бұл орталық туристер мен келушілер үшін барлық жағдай жасалған кешен болады.Екі қабатты әкімшілік ғимарат ішінде экспозициялық- көрме залдары,қор қоймасы 100-150 орындық конференс зал, зертханалық және қалпына келтіру үй-жайы,кітап қоймасы мен электронды мәліметтер базасы бар кітапхана орналасады. Бұл визит орталықтың құрылысы елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында жүргізілуде,- деді облыс әкімі.

Болашақтағы Сарайшық

Көркем есім, жайдарлы, жайлы халық

Күннен-күнге келеді өсіп, дамып,

Көгінде күлген күні,ашық аспан,

Қалған ғой қонақжайлық тағы дарып.

Қазақ деген қайсар халық тайсалмайтын,

Жауыннан жеңіссіз еш қайта алмайтын,

Қас қылғанға қиып түсер қылыш болып,

Дос қылғанда құшақ жая,қайтармайтын.

«Толған ел – тарихын таспен жазады, тозған ел – жаспен жазады» дейді. Қаншама қилы заман өтсе де, қазақ халқы – алып бәйтеректей тамырын тереңге тартып, ғасырлар бойы қасиетті даласынан табан аудармай, өсіп-өркендеп келе жатқан жасампаз халық.

Біз тұлпардың тұяғымен дүниені сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, асыл тарихын тасқа қашап жазған Көк түріктері мен ата жұртты сақтап қалған ұлылардың ұрпағымыз.Біле білсек, бүгінгі тәуелсіздік өзінен-өзі келіп, басымызға қона қалған бақ емесі анық. Азаттық шежіресінде мыңдардың маңдай тері жатыр.Даламыз бен елімізді ұлықтаудың сәті 2014 жылы туды. 17 қаңтар күні Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, бұдан былайда ұлттық идеямыз «Мәңгілік Ел» екенін паш етті. «Мәңгілік Ел» құру Еуразияның сайын даласын мекендеген халықтың ежелден ұлы арманы еді. Осындай қасиетті ұғымның мәнін жете ұғынып, бағасын біліп, зердесіне сіңіру қазіргі ұрпаққа жүктелер үлкен міндет болып табылады.

Ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы арманы, бүгінгі ұрпақтың ақиқаты болған қасиетті тәуелсіздігімізді, елдігімізді сақтап, дамыған елдердің қатарына қосылу – Мәңгілік Ел болудың нысаны. Алдына асқақ мақсаттар қоятын, тілі мен дініне берік, жастары алғыр, рухы биік, жақсылыққа жаны құштар, ертеңіне сеніммен қарайтын халық қана тарихта «Мәңгілік Ел» болып қалатыны анық. «Мәңгілік Ел» идеясы – бейбітшілік пен төзімділікті сақтап, сындарлы сәттерден сүріндірмейтін ұлы мұрат. Келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін әрқайсысымыз ортақ құндылыққа үлесімізді қосуымыз шарт.Келешек ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, өз халқының тұрмыс-тіршілігіне, тарихына көңіл аударудан басталады. Ендеше өз өлкеміздің, туған жеріміздің тарихын жас ұрпақтарға ұғындыру, ұстаздың шәкірт алдындағы басты парызының бірі деп есептеймін.Мен осы мақсатта тарих сабақтарында туған өлке материалдарын пайдалануды жөн көремін. Сабақ үрдісіндегі жергілікті жерге байланысты деректерді тиімді пайдалану білім алушылардың тарихи құбылыс заңдалықтарын толық түсініп, адамзаттың материалдық және рухани байлықты жасаушы ретіндегі рөлін ғылыми жолмен түсіне білуіне мүмкіндік береді. Әрбір саналы азамат төл тарихын жете біліп, қадір-қасиетін ұққанда, өткен жолын, тар жол тайғақ кешулерін көз алдынан өткізіп, елдің басын біріктірген тарихи тұлғалардың жат жұрттан жерін,суын, даласына қанын төгіп қайсарлықпен қорғап қалған ерліктерін қастерлей білгенде ғана Отанға, халқына деген мақтаныш сезімі оянады.

«… Жалпақ жұртыңды, алашыңды құрметтеу, алдымен, өзің тұрған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» — деген даналық сөзді басшылыққа ала отырып, Отан тарихын өлке тарихы арқылы оқыту маңызды деп санаймын. Туған өлкеміз Атырау облысының тарихы өте бай, әрі тәлімі мол жылдарға толы. Ұрпаққа ұлағат болар ата қонысымызда елдік пен ерліктің көптеген мұрасы жатыр. Солардың бірі – Ұлы Жібек Жолының бойындағы саяси-мәдени, сауда орталығы Алтын Орданың, Ноғай, Қазақ хандықтарының алғашқы астаналарының бірі болған Сарайшық. Сарайшық – талай туды төбесіне қадап, тағдыр мен тарихты ішке бүккен көне тарихи орын.

Қазақстан тарихында Сарайшық қаласының алатын орны ерекше. Сарайшық ХІІІ ғасырдың аяғына қарай солтүстік Каспий маңы, Жоңғар қақпасынан Еділге дейін, Ертістен Таразға дейін созылған ұлан-ғайыр мекенді алып жатқан қыпшақ-қазақ мемлекетінің ең үлкен қалаларының бірі, әрі астанасы болған.

Сарайшық қаласы өзіндік тарихы бар қасиетті мекен. Қала стратегиялық жағынан Еуропа мен Азияның түйісер тұсында ұтымды орныққан. ХІІІ-ХVІ ғасырларда Батыс пен Шығысты байланыстырған Ұлы Жібек Жолының бойындағы маңызды бекеттің бірі, Хан Ордасы болған қала. Академик Ә. Марғұланның пікірінше, Сарайшық кезінде дүниеге аты әйгілі болған Алтын Орда мемлекетінің астанасы Бату Сарайымен қатар, ХІІІ ғасырдың орта шенінде салынған. Сонау VІ-VІІІ ғасырларда Қытайдан шыққан Жібек Жолы керуені Сыр бойын жағалай келіп, Маңғыстау даласы, Каспий арқылы Дербентке өтіп, одан әрі ішкі Еуропаға жол тартса, Алтын Орданың өмірге келуі ХІІІ-ХІV ғасырларда бұл керуен жолының Солтүстік Каспий тармағының жандануына, сөйтіп бұл бағыттағы қалалар мен елді мекендердің тез дамуына, солардың бірі – Сарайшықтың да гүлденуіне тікелей әсер етті.Қаланың неліктен Сарайшық аталғаны жөнінде араб саяхатшысы Ибн-Батутаның Хорезмге барар жолда Сарайшыққа соққаны жақсы мәлімет береді.Онда саяхатшы: «Біз жаңа Сарайдан (Астрахандағы Сарай-Берке қаласы) он күн жүріп Сарайшық қаласына келдік. Сарайшық, яғни «кіші Сарай» — деген мағына береді. Ол «Ұлы су» (Жайық өзені) деп аталатын үлкен және тез ағатын өзеннің бойында орналасқан. Өзеннің үстінен Бағдаттағы сияқты қайық пен кемелерден көпір салып қойылыпты», — дейді. Бұдан басқа кейбір тарихшылар Сарайшық атауы қаланың алтынмен апталған күмбездері мен мұнаралары айшықталып тұрғандықтан жұрт «Сары айшықты қала» деп атағандығын айтып жүр. Сарайшық қаласы өздәуірінің әсем қалаларының бірі болған. Алтын Орда мемлекеті Жәнібек ханның тұсында (1342-1357) барынша гүлденген болатын. Осы кезде Сарайшық қаласы да әлемдегі ең көрікті қалалардың бірі болды. Тарихи деректерде Мәскеу кньязы Иван Калита Кремльдің үлгісін Сарайшық қаласынан алғандығы айтылады.

Сарайшықтың Алтын Орда ұлысында алатын орны ерекше болды. Сондықтан да алтынордалықтар Ильбан мен Алыпқожа (1360-1380 жылдары) қайта-қайта күресті. Олар мұнда өз есімдерімен теңге ойып шығарды.

1395-1396 жылдары Ақсақ Темір Алтын Орданың күл талқанын шығарып, қалаларын қиратқанымен Сарайшыққа онша тимеді. Сондықтан Алтын Орда жерінен жаңадан құрылған мемлекет – Ноғай Ордасының ХVІ ғасырдың 40 – жылдары астанасы болды. Ноғай ордасы негізінен қазақ жерінде құрылды, сондықтан оларды алшындар (кіші жүз қазақтарының жиынтық атауы) деген. Ноғай ордасы негізінен алшындардан тұрды.

Сарайшықтан көненің көзі жәдігерлер көптеп табылуда. Мәселен, 2001 жылы қазба жұмыстары кезінде археологтар ерекше кесе тауып алды. Әлемде мұндай кесе екі дана ғана екен, біреуі – Египетте, екіншісі – Қазақстанда. Кесенің қасиеті ішіне уланған тағам құйылғанда ол түсін өзгертеді екен.Сарайшық қаласының өмірінің бір кезеңі XV-XVI ғасырларға сәйкес келеді. Сарайшықтың мәні де осы кезеңде көрінеді. Бұл кезде тұрғын үйлер көп бөлмелі болып салынған. Бөлмелердің едені күйдірілген кірпіштен төселіп, ташнаулар да орнатылды. Көгілдір күмбездері және жерасты склепі бар XVI ғасырға жататын кірпіштен жасалған мавзолей қалдықтары кездесетін үлкен алаңды қоршаған қабырға қалдықтары сақталған.Дәстүрлі қазақ қоғамында атадан балаға жалғасқан далалық ауызша тарихнаманың арқасында бірқатар тарихи мәліметтер мен деректер аңыз түрінде болса да бүгінге жетті. Сарайшықтағы Аққу көлі, алтын қайық, көмілген мол қазына туралы халық аузында аңыздар көп айтылады. Сарайшықтың өркендеу кезеңі монғол Өзбек ханның баласы Жәнібек (1341-1357) ханның тұсында сәйкес келсе керек. Тарихшылардың мәліметтерінде Жәнібек хан өз жанына ел сыйлаған билерді, шешендер мен жырауларды, халық қамын ойлаған жақсыларды жинаған дейді. Сол Жәнібек керуеннен толассыз түсіп жатқан байлықты халықтың игілігіне, қаланы көркейтуге жұмсапты. Талай ел өкілдерін тамсантқан Аққу көлін осы кезеңде салдырыпты. Көл суына керуенмен келген қап-қап қант төктіріп, аққу мен қаз қондырған. Оларды ұшырып жібермеудің барлық шараларын алыпты. Хан қызы өзінің құрбыларымен бірге әкесі жасатып берген аққу мүсінді алтын қайығымен құстарға дән беріп, бірте-бірте қолға үйреткен. Көл маңында өзіне қауіптің жоқтығына көзі жеткен құс атаулы жаз бойы Секер көлде еркін сайраңдап, керуенмен келген шет жерліктер алдында қаланың сәнін арттырады. Сарайшықтың Аққу көлі туралы хабар ел-елге тарайды. Жәнібек хан онымен де шектелмей, оңтүстік бал татығанжеміс ағаштарының түр-түрін алдырып, көл жағалай отырғызады. Балғын шыбықтарды отырғызып, жерсіндіріп жібергенше, сол жақтың шебер бағбандарын да жалдап алады. Осы ғажайыпты көзімен көріп, куәгер болған италиялық саяхатшылардың бірі «сол ғасырларда бау-бақша отаны саналған парсыларда кездеспеген жүзім мен жеміс ағаштарының ерекше түрлері Сарайшықта өседі екен» деп жазды.

Келесі бір аңызда: жасауын жасап, ұзатқалы отырғанда, Жәнібек ханның жалғыз қызы, он бес жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болады. Қыз жасауына сол кезгі бір мемлекеттің тұтас бір қазынасына тең байлық жұмсалыпты деседі. Қызын алтын табытпен, барлық жасауымен, алтын қайығымен қоса жерлеуге әмір етіпті хан. «Сонша байлықтың жерге көмілгенін естіген бір қара жүрек қарақшы қызыңыздың денесін ит пен құсқа жем қылып, қабірінен шығарып тастап, байлықты алып кетсе, Сіз қай қарақшының артынан қуып жүресіз?»- деп сақтандырған уәзірлер, ханға қызын жасырын жерлеуге ақыл қосады. Ханнан жеке тапсырма алған жетеу сол түні таң қараңғылығына дейін қызды жерлеп үлгереді. Хан тапсырмасы «Ұшқан құс, жүгірген аң, тірі жан қызымның қайда жерленгенін білмейтін болсын. Орындасаңдар әрқайсысың ат басындай алтын аласыңдар» болыпты. Таң қараңғылығында уәделі алтындарын алғалы келген жетеуді хан емес, оның жендеттері қарсы алыпты да, түгел бастарын алып тастапты-мыс. Ханның қызының денесімен бірге қомақты қазына-байлықтың жерге көмілуі туралы аңыз және мұнда бірнеше хандардың жерленуі (хандар қабіріне өздері тірі кезінде тұтынған қымбат дүниелері мен қарулары қоса көміліпті-міс), түптің түбінде Сарайшықтың сан қайтара тоналуына, ақыры бір кезгі Шыңғыс хан қиратқан Отырардай күлі ғана қалған үйіндіге айналуына соқтырады.1397 жылы Ақсақ Темір Кавказдың Дербент қақпасы арқылы келіп Алтын Ордаға жорық жасағанда Хаджы Тарханды, Сарай Беркені де шауып, бұл қалаларды жермен-жексен қылды. Кейін, Алтын Орданың еңсесін қайта көтерген Едіге би Сарайшықты астана етті. Алтын Орда құлағанда Сарайшық қаласы Ноғай Ордасының орталықтарының бірі еді. 1513 жылы Қазақ тағына отырған Қасым ханның Сарайшықты астана етуінің негізгі сыры Солтүстік Кавказ, Еділ-Жайық, Орал тауларын жайлаған Ноғай елі өз арасынан үлкен Ноғай, кіші Ноғай болып екіге жарылды. Солтүстік Кавказбен Орал тауларын жайлаған Ноғайлар өзара қырқыста Ресейге арқа сүйеді. Ал, Еділ-Жайық арасын жайлаған Ноғайлар түбі туыс деп Қазақ хандығына жақындады. Қасым хан осы Еділ-Жайық арасындағы Ноғайлы жұртын Қазаққа қосып алу үшін Ақжайықтың жағасындағы Сарайшықты астана етті. 1523 жылы Қасым хан өлгеннен кейін ұлдары Мамаш, Бұйдаш, Таһир хандар өзара талас-тартыста қаза тапты. Бұл кезде Қазақтың астанасы қандай қала болғандығы туралы нақты деректер жоқтың қасы. Тарихи деректерде Қазақ хандығының қайта етек-жеңін жинап, еңсесін көтерген 1538 жылы таққа отырған Хақназар хан саналады. Хақназар ханның тұсында Қасым ханнан қалған жол түбі туыс жұрт Ноғайлыны Қазаққа қосып алу саясаты екпінді түрде қолғаалынғанмен, Қазақ хандығы Сарайшық қаласына ие бола алмады. Орыс патшасы Иван Грозныймен дос болған ағылшын көпесі Антоний Джениксон 1558-1559 жылдары Сарайшық қаласы туралы: «Теңізден бір күндік сапарда үлкен өзен жағасында гүлденген Сарайшық деген қалаға келдік. Бұл қала орыс патшасымен дос Измайл деген татар (ноғай) кньязының қол астында екен» деп жазады өз естелігінде.

Сарайшықтың қирауы, құлауы Ресей тарихымен тығыз байланысты. 1556 жылы Астрахань хандығын қолына қаратқан Иван Грозный 1559 жылы Ноғай ордасын да бағындырады. 1580 жылы Сарайшық Жайыққа көшіп келген орыс-казактардың шапқыншылығына ұшырады.

Көне тарихы бар Сарайшық өлкесі тарих сахнасында «Мәңгілік Ел» мұрасы болып қалары сөзсіз. Ол Еділ – Жайық кеңістігіндегі, Каспий өңірін жайлаған халықтардың мың жылдық тарихын сақтаған саяси-мәдени орталығы болған қала ретінде маңызды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.