Жаңа сабақтар

Толбаева Айсулу Сатинбековна

Күні:

Сынып: 1 «б»

Пәні: Математика

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Мектеп:

Мұғалім:

102 жалпы орта мектебі

Толбаева Айсулу Сатинбековна

Ортақ бөлім: «Менің отбасым және достарым »
Бөлімшелері: 2.1 санды және әріпті өрнектер
Сабақтың тақырыбы 20-ға дейінгі сандарды қосу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.5.2.4 Қосу мен азайту амалдарының компоненттерінің атауларын, өрнектерді оқу мен жазуды қолданады
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар: 11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқиды, тура және кері санай алады, жазады және салыстырады.

Оқушылардың басым бөлігі: Ондықтан аттамай, 20 көлеміндегі сандарды ауызша қосу және азайтуды орындайды;

Кейбір оқушылар: 20 көлемінде сандардың разрядтық құрамын анықтайды, разрядтық қосылғыштарға жіктейді.

Жетістік критерийлері ндықтан аттамай, 20 көлеміндегі сандарды ауызша қосу және азайтуды орындайды;

-20 көлеміндегі сандардың разрядтық құрамын анықтайды.

-20 көлеміндегі сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жіктейді.

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Қосу, азайту, теңдік, артық, кем
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Шаттық шеңбері

Ширату «Санамақ»

20-ға дейінгі сандарды тура және кері сана

1-дегенім бесік,шықтым содан өсіп,

2-дегенім елім,далам тауым көлім

3-дегенім үміт,үміт артар жігіт т.б.(жалғасы айтылады)

Топтарға бөлу.

Ой ашар

1. 20-ға дейінгі сандардың ішінен жұп сандарды теріп жаз

2.20-ға дейінгі сандардың ішінен тақ сандарды теріп жаз

3.8,16,18 сандарының құрамын анықта

4. 9,15,17 сандарының құрамын анықта

Дескриптор

Сандардың құрамын анықтайды. 20-ға дейінгі сандардың ішінен жұп және тақ сандарды теріп жазады

Ресурстар

Шаттық шебері

Фигуралар

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

15 минут

1-тапсырма.

Оқушылардың алдына 1-ден 20-ға дейінгі сандар жазылған қағаздар үлестіріледі.Сол сандардың ішінен 1 оқушы жұп сандарды, 2 оқушы тақ сандарды дөңгелекпен қоршап шығады.

Дескриптор

20-ға дейінгі сандардың ішінен жұп және тақ сандарды қоршайды

Таныстырылым. 7

14 + 3= 4+ 3 + 10 = 17

14=1 онд. 4 бірл.

4 бірл. + 3 бірл. =7 бірл.

1 онд. + 7 бірл. = 1 онд. 7бірл. = 17

Сурет бойынша қосу амалына мысал құрастырып шығар. Берілген тапсырма екінші ондық

бойынша сандық сәулені қолданып, сандарды қосу дағдысын бекітуге арналған. Кірпінің солдан оңға қарай қозғалуына қарап оқушылар бұл жағдайда азайту амалы емес, қосу амалының орындалатынын анықтайды. Содан кейін олар кірпінің алмаға жету үшін неше қадам жүруі керектігін санайды да, теңдік құрастырады:

5 + 10 = 15.

Дескриптор

Сурет бойынша қосу амалына мысал құрастырып шығарады.

Ойын: «Орнын тап» Қосу амалын орында.

18 17
14 19

13+4=? 11+3=? 11+7=? 14+5=?

Дескриптор

Қосу амалының компоненттерін тиісті ұяшықтарға орналастырады.

Бағалау түрі

От шашумен бағалау

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Басбармақпен бағалау

Сергіту сәті

3 минут

Физминутка. Ведиороликтен көрсетіп қайталау Сергіту сәтіне арналған жинақ
Сабақ соңы

15 минут

Шығармашылық тапсырмалар

Шығарып көр. Оқушылар әр ыдыстағы дәрумендер санын анықтауы керек. Ол үшін бірінші ыдыстағы үлгі ретінде көрсетілген нұсқауды сыныптағы оқушылар бірге талқылап, жұмысты жұппен орындайды.

Жауабы:

а) 18; ә) 20; б) 15; в) 19.

Дескриптор

Оқушылар әр ыдыстағы дәрумендер санын анықтайды.

Үй құстары. Тапсырманың мазмұнымен танысамыз. Шешімін табу үшін оқушылар топтарға бірігіп, бір-бірден жауабын айтуға ортаға шығып айтады

Жауабы:

13 құс аулада жем шоқып жүр.

Дескриптор

Шығармашылық тапсырманы топта орындайды.

Орындап көр. Тапсырманы топпен орындаймыз. “Кез келген санға бірді қосқанда, әрқашан келесі сан шығады” деген ереже тек бір таңбалы сандарды қосқанда ғана емес, сонымен қатар екі таңбалы сандарды қосу кезінде де орындалады деп қорытындылаймыз.

Дескриптор

Шығармашылық тапсырманы топта орындайды

ҚБ тапсырма

Қорытындылау

— 20 көлеміндегі екі таңбалы сандарға бір таңбалы сандарды қалай қосады?

— 13-ке 2-ні қосқанда неше шығады?

— 12-ні 4-ке арттырып көр. Қандай сан шықты?

От шашумен бағалау

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Басбармақпен

ҚБ тапсырмалары

Кері байланыс

2 минут

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді «ақылды үкі» арқылы бағалау.

стикерлер
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Бас бармақтар
Өзіне сенімділігі аз оқушыға таңдау жасатып сандардың орналасуын көрсетуіне мүмкіндік беру Оқушылардың бірін-бірі бағалауы Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.