Жаңа сабақтар

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

2019 жылғы 23-24 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Тұрақты даму мүдделерінде үздіксіз білім беру: жаңа сын-тегеуріндер. 1-кезең» тақырыбында Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшидинованың қатысуымен Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференция жұмысына ЮНЕСКО штаб-пәтері Бүкіләлемдік үздіксіз білім беру комитетінің халықаралық сарапшылары, әлемнің (Гонконг, Нидерланд, Польша, АҚШ) жетекші университеттерінің танымал ғалымдары қатысады. Конференция тұрақты даму саласындағы 17 мақсаттың бірі ретінде анықтаған өмір бойы оқытудың өзекті мәселелеріне арналған.

Конференцияға төмендегі бағыттар бойынша өзекті мәселелерді талқылау енгізіледі: үздіксіз білім беружәне жаһандық әлемнің сын-тегеуріндері, қазіргі заманғы жаһандық сын-тегеуріндер жағдайындағы білім беру миссиясы, өмір бойы оқыту контексіндегі тілдік білім беру, халықаралық еңбек нарығына арналған мәдениаралық коммуникация дағдылары, үздіксіз білім беру жүйесіндегі цифрландыру, формалды, формалды емес ақпараттық білім.

Конференция бағдарламасы және басқа да материалдар конференция сайтында ұсынылған: http://lifelong-education-conf.kz/

Өтетін орны мен уақыты: 23 мамыр, сағат 10.00-де,Нұр-Сұлтан қаласы, Назарбаев Университеті, конференц-зал, 1-қабат (Қабанбай Батыр даңғылы, 53).

Журналистерді аккредиттеу үшін: Sholpan2002648 777 26 57 439 Шолпан, 8(7172)-57-72-03, 57-63-25, 57-63-53.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.