Литвалықтарға арналған таныстырылым
2019 жылы 26 сәуірде, сондай-ақ 17 мамырда Литва астанасы Вильнюсте тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшылары мен елдің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері танымал қазақстандық «Arba wine» шарап брендінің тұсаукесеріне қатысты.
Шараптан дәм тату рәсімі кезінде Қазақстанның Литвадағы Елшісі В.Темірбаев «Arba wine» толықтай қазақстандық өнім екендігін атап өтті. Осыған орай, жиналғандарға Pinot Noir, Cabernet franc, Riesling және т.б. жүзім сорттарын өсіруге мүмкіндік беретін Алматы облысының ерекше климаты туралы баяндап берді.
Сонымен қатар Елші Еуропа мен Азияда алтын, күміс және қола медальдардың иегері отандық шараптың халықаралық деңгейде де мойындалғанын атап өтті. Ол осы шарап өндірушінің өнімдерін еуропалық елдерге қалай экспортқа шығаруға болатыны туралы жоспарларымен бөлісті.
Қазақстандық шараптың дәмі мен сапасын қатысушылар жоғары бағалады. «Arba wine» шараптарынан басқа қонақтар қазақстандық шоколадтың да бәсекеге қабілеттілігі жоғары екенін атап өтті.
