Жаңа сабақтар

Мемлекеттік аттестациялық комиссия жұмысын баст ады

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында мемлекеттік аттестациялық комиссия өз жұмысын бастады

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының (РжБӘИИ) 135 түлегі бір ай бойы мемлекеттік аттестациялық комиссияның қадағалауымен мемлекеттік емтихан тапсырады. Мемлекеттік емтихан тапсыру 2 кезеңнен тұрады: біріншісі – теориялық, екіншісі – қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану машықтығын көрсететін практикалық кезең. Сонымен қатар, жылдамдығын, икемділігін, күші мен шыдамдылығы сынды физикалық қасиеттерін тексеру үшін дене дайындығы негізгі пән ретінде енгізілген.

РЭжБӘИИ бастығы генерал-майор Асқар Мұстабековтың айтуынша, мемлекеттік қорытынды аттестацияның мақсаты – бітірушілердің біліктілік талаптарының деңгейі мен сапасын тексеру болып табылады.

  • Бітіруші курсанттар үшін бұл өте жауапты кезең. Емтихан барысында меңгерген мамандықтарына сәйкес теориялық және практикалық білімдерінің деңгейі тексеріледі, — деді жоғарғы әскери білім ордасының бастығы генерал-майор А.Мұстабеков.

Мемлекеттік емтихандар аяқталған соң курсантар диплом жобаларын қорғайды.

Биылғы жылы РЭжБӘИИ 13-ші рет 135 түлегін 8 мамандық бойынша шығарып салмақ. Олардың ішінде 32 курсант қызыл дипломға, ал 3-уі «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» төсбелгісіне үміткер.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты зенитті зымыранды, радиотехникалық әскерлері, әскерлер мен қару-жарақты автоматтандырылған басқару жүйелері инженерлері, байланыс әскерлері, авиацияны радиотехникалық қамтамасыз ету мамандықтары үшін білікті офицерлерді даярлайды.

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.