Жаңа сабақтар

Рамазанов Руслан Насипкеревич

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебінің технология пәні мұғалімі Рамазанов Руслан Насипкеревич

Сабақтың тақырыбы: Графика өнерімен танысамыз.
СЫНЫП: 2 Қатысқан оқушылар саны:

Күні:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2.2.2.1Әртүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу
Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Практикалық жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Бейне таспа, слайд, «қар кесегі» әдісі, «өрмекші» әдісі, «жалғасын тап» әдісі, рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы :
Басталуы

5 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Күлім қағып қолымды

1,2,3 деп соғайын

Қарап тұрған көршіме

Қолымды мен бұлғайын

Жылы- жылы сөзбенен

Жүрегімді сыйлайын

Ыстық алақаныңмен

Қолыңды бер қысайын

Топтарға бөлу. Стикерлер арқылы

Топ басшысын сайлау

Бағалау парақшасымен тарату

Үй тапсырмасы .

«Қар кесегі» әдісі» топтар бір- біріне сұрақ жазып лақтырады.

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы

Жасыл түс-түсіндім

Қызыл түс-қиналдым

Сары түс- мүлдем түсінбедім

Жаңа білім

10 минут

Білу және түсіну

Жаңа тақырыпты бейне таспа арқылы ашу.

Слайд көрсету.

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.(3 минут )

Графика.

Бұл ұғым суретшілер іс-әрекетінің өте кең және сан алуан шеңберін қамтиды. Живописьтен ерекшелігі сол, графикамен біз барлық жерде кездесеміз. Кітаптағы иллюстрациялар, газеттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі товарлардың орауыштарын безендіру, көшедегі плакаттар – осының бәрі графика неғұрлым шартты, ол түстер мен формалардың бүкіл байлығын бере алмайды, графика оларды жеңілдете отырып, ең негізгісін таңдап алады.

Постер қорғау. «Өрмекші» әдісі

Оқушылар постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды. (7 минут).

ҚБ. Басбармақ әдісі арқылы бірін –бірі бағалайды

Ортасы Қолдану

№ 2 Жұмыс дәптерінің 4- 6 беттеріндегі тапсырмаларды орында.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез

«Жалғасын тап» әдісі

Сөйлемнің басы жазылған парақшаларды оқушыларға таратады, олар ойды жалғастырып сөйлемді толықтырып айтады.ҚБ. Қолпаштау. «От шашу» әдісі

1 шапалақ – қанағаттанамын

2 шапалақ – жақсы

3 шапалақ — жарайсың

Бағалау

5 минут

Үй тапсырмасы:

Кері байланыс

3 минут

Әр топқа бағалау парақшасы үлестіріліп сол топтың көшбасшысы топ мүшелерін бағалайды Қалыптастырушы бағалау сабақ бойы жүреді.

Соңында мұғалім бағалайды.

Дұрыс жауапқа 5 балл.

Оқушының аты-жөні «Қар кесегі» әдісі Постер қорғау. «Өрмекші» әдісі «Жалғасын тап» әдісі Бағасы

Графикалық суреттер салып келу

Әр оқушы стикерлерге сабақта алған әсерлерін білім кемесіне жазып жапсырады.

Үйге тапсырма: жұмысты аяқтау.
Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.