Жаңа сабақтар

Даулеткалиева Маншук Амантаевна

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

4-бөлім. Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы

Н.Дүйсенғалиев атындағы НЖББМ

Қазақ тіліпәнінің мұғалімі

Даулеткалиева Маншук Амантаевна

Мектеп: Н. Дүйсенғалиев атындағы негізгі жалпы білім беретін мектебі

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Даулеткалиева Маншук Амантаевна
Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Еңбекқор ара
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5О6.Оқылым стратегияларын қолдану:

жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.

5Ж2.Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу.

Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар орындай алады: мәтіннің жалпы мазмұнын түсініп оқиды, нақты ақпаратты анықтайды. Жанрлық ерекшелікті ескеріп, хат жаза алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтіннен қосымша ақпарат таба алады. Хат құрылымын сақтап жазады.
Кейбір оқушылар орындай алады: оқылым стратегияларын пайдалана отырып, хатты түрлендіріп, өз бетімен жаза алады. Пікірін өмірмен байланыстырып дәлелдейді.
Бағалау критерийлері
  • Мәтін мазмұны негізінде маңызды ақпаратты анықтайды.
  • Оқылым стратегияларын қолданады.
  • Хат жазуда жанрлық ерекшелікті ескереді;
  • Хаттың құрылымын сақтайды.
  • Хатты түрлендіріп, өз бетімен жазады.
  • Пікірін өмірмен байланыстырып дәлелдейді.
Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады: мәтін мазмұны негізінде маңызды ақпаратты анықтай алады.

Хат құрастырып жаза алады.

Мәтінге қатысты сөздік қор мен терминдер: бал аралары, еңбекқор жәндік, гүл шірнесі, тор көзшелер, бал түрлері, тозаңын жинау.

Диалог құруға, әңгіме жазуға пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Ара қандай жәндік?
  • Оның еңбекқорлығы туралы не білесіздер?
  • Арадан қандай үлгі алуға болады?
Құндылықтарға баулу Жалпыға ортақ еңбек қоғамы

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыс Әдебиет, жаратылыстану, тарих, бейнелеу өнері
Алдыңғы білім Оқылым стратегияларын қолданып оқи алады, жанрлық ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтап, хат құрастырып жаза алады.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

(5 мин)

Ширату жаттығуы.

« Сен білесің бе?»

Мақсаты: Оқушылардың бірін- бірі жақсы тануы, өзара бөлісу, мән бермей жүрген қасиетін өзара түсінісу.

Нұсқаулық: Сіздің алдыңызда қоржын бар. Осы қоржыннан бір би-лет аласыз, онда әр түрлі жәндіктер мен гүлдердің аттары жазылған. Алдымен оқушылар билеттегі жән-діктер және гүлдермен танысып, көршісінің бойындағы осы жәндіктегі бар қасиеттерді анықтайды. Сиқырлы қоржындағы сиқырлы жәндіктер мен гүлдер: ара, шыбын, көбелек, маса, раушан, түймедақ, қызғалдақ, лалагүл.

Топқа бөлу

  1. топ «Гүлдің аттары»
  2. топ «Жәндіктің аттары»
  3. топ «Тағам атаулары»

Миға шабуыл

  1. Қызғалдақ қай мезгілде гүлдейді?
  2. Дала гүлдерінің қандай пайдасы бар?
  3. Өсімдіктердің жәндіктерге қандай пайдасы бар?
  4. Жәндіктер өсімдіктерден қандай өнім жинайды.

1-тапсырма. «Болжау» әдісі

С. Оқылым алдындағы тапсырма.

«Майя» мультфильмінен үзінді көрсету арқылы жаңа тақырыпты болжатамын.

Оқу мақсаты мен бағалау критерийлері хабарланады.

Қоржын

Билет қағаздары

Бейнекөрініс

http://youtu.be

Сабақтың ортасы

(28 мин)

2-тапсырма. Оқылым кезіндегі тапсырма.

Ж. Мәтінді егжей-тегжейлі сканерлеу арқылы оқып, мәтінді «хикаят картасына» салып мазмұндайды

Еңбекқор ара

Бал аралары –өте еңбекқор жәндік. Бал жинауда жыл мезгілі, ауа райы, ара ұясының күйі , өсімдік түрі және оның омартаға қашықтығы, шірненің бөліну дәрежесі маңызды рөл атқарады.

Бал арасы балға қажетті гүл шірнесі мен тозаңын жинау үшін тынбастан гүлге қонады. Негізінен бұл істі жұмысшы аралар ғана атқарады. Аралар жайылған кездері ондаған шақырымға дейін алаңсыз ұшып кете береді және адаспай өз ұяларын тауып қайтады. Барлауға шыққан ара ә дегеннен шырынды гүл мен шүйгінді шөпті іздейді. Тапқан кезде өздеріне тән белгілерімен кейінгілерге хабар береді.

Әр ара өзінің «қоржынына» өз салмағының жартысын жететіндей шірне жинай алады. Олар жинаған шірнесін ұядағы жас араларға жеткізеді. Жас аралар шірнені тор көзшелерге салады. Іле қанаттарымен желдетіп артық ылғалын жояды. Араның сілекей безі шірнедегі қант құрамын өзгертіп, оны балға айналдырады. Көзшелер балға толғаннан кейін ара оны балауыз қақпашамен жабады. Мұндай бал ұзақ сақталады.

Дескриптор:

–Мәтінді оқып отырып, « хикаят картасына » салады.

–Сол арқылы мәтін мазмұнын баяндайды.

Саралау:

–Сабаққа қатыспай отырған оқушыларға жетекші сұрақтар арқылы мәтінді мазмұндауына мүмкіндік беру.

Қ/Б: « Бағдаршам әдісі » бойынша бағалау.

3-тапсырма.

ЖЖ. « 9 ромбтық жіктелім» әдісі бойынша мәтіннен нақты ақпаратты анықтайды.

Дескриптор

–мәтіннен нақты ақпаратты анықтайды,

– 9 ромб кестесін толтырады.

Саралау жұмысы: нақты ақпараттарды анықтауға қиналса, үлестірме карточкамен ромбтың үлгісін беремін.

Қ/Б: «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалау.

4-тапсырма. «Шын/жалған» кестесі әдісі

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Ж. Мәтін бойынша мына сөйлемдер шын ба, жалған ба? Мәтін негізінде берілген сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтау, +,- белгісін қою. Мысалы:

Сөйлемдер шын жалған
1. Бал аралары –өте еңбекқор жәндік.
2. Бал жинауда жыл мезгілі, ауа райы, ара ұясының күйі маңызды рөл атқармайды.
3. Араның сілекей безі шірнедегі қант құрамын өзгертеді.
4. Аралар жайылған кездері ондаған шақырымға дейін алаңсыз ұшып кете береді.
5. Көзшелер балға толмай жатып ара оны балауыз қақпашамен жабады.
6. Жас аралар шірнені тор көзшелерге салады.

Дескриптор:

— Мәтін негізінде берілген сөйлем-дердің шын және жалған екендігін анықтайды.

Саралау:

Дұрыс нұсқасын беріп тексереді

Қ/Б: Геометриялық фигуралар арқылы бағалау.

5-тапсырма

Жазылым тапсырмасы.

ТЖ. «Тасымалдау» әдісі арқылыәр оқушы бір-бір сөйлемнен құрап, еңбекқор араларға арнап толық хат жазады.

Дескриптор:

– хат жазуда жанрлық ерекшелікті ескереді;

–хаттың құрылымын сақтап жазады.

Саралау:

Басқа хаттың үлгісін қолдау ретінде беремін.

Қ/Б: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі бойынша бағалау.

Хиякаят картасы салынған кестелер

Ромбтың суреті салынған кестелер

Кесте

Суреттер

Сабақтың соңы

(12 мин)

6-тапсырма.

Ж. «Попс» тәсілі

1. Менің ойымша…

Мәтін бойынша өзіндік пікірін айтады.

2. Мен былай деп түсінемін…

Өз пікірін дәлелдейді.

3. Мысал келтіріп дәлелдейді.

Өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

4. Қорытынды.

Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз.

Дескриптор:

  • Пікірлерін дәлелмен жазады;
  • Тақырып бойынша қорытынды жазады.

Саралау жұмысы: пікірлерін дәлелдей алмаған оқушыларға жетекші сұрақтар арқылы қолдау көрсетемін.

Қ/Б: «Басбармақ» әдісі бойынша бағалау.

Кері байланыс. «Ара мен гүл».

Сабақ соңында оқушылар сол сабақтағы өздерінің алған білімдері турасында ой бөліседі.

  1. Гүлге қонып тұрған ара (маған барлығы түсінікті).
  2. Гүлге жақын тұрған ара (маған әлі керек).
  3. Жоғарыда ұшып жүрген ара (маған әлі жеткен жоқ).

Гүлге араны орналастыру арқылы кері байланыс жасайды.

Мәтін

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.