Жаңа сабақтар

Галимова Толкын Габбасовна

Мектеп: Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы

Н.Дүйсенғалиев атындағы НЖББМ

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Галимова Толкын Габбасовна

Сабақтың тақырыбы: Марат Қабанбаев «Бауыр»
Сыныбы : 5
Мұғалімнің аты-жөні: Галимова Толкын Габбасовна
Күні, айы, жылы: 6.03.2019
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары: Т/ЖЗ. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтижелер)

Оқушылардың барлығы орындайды:

1.Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.

2. Жазба жұмыс жасайды .Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың кейбіреулері орындайды.

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды,тақырып бойынша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады

Бағалау критерийі:
  1. Жеке, жұптық,топтық тапсырмаларды орындай алады.
  2. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аударады
  3. 3. Кейіпкерлер портреті мен іс –әректі арқылы образдарын ашады.
  4. 4. Авторға ,кейіпкерге хат жазады.
  5. Бір-бірлерін бағалайды,сынайды.
Тілдік мақсаттар: Тілдік дағдылар: Тыңдалым, айтылым, жазылым.

Көркем шығармадағы кейіпкерлер образы.

Терминология:

Сөз тіркестері:

Құндылықтарды дарыту: Ынтымақтастық, өзгелердің мәдениетіне құрметпен қарау.
Пәнаралық байланыстар: Қазақ тілі.
АКТ қолдану дағдылары: Ақпаратты тыңдау қабылдау дағдысы.
Алдыңғы оқу бастапқы білім М.Қабанбаев «Бауыр» хикаяты.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған

жаттығулар

Ресурстар
Сабақ басталуы Сабақ барысы

Сәлемдесу. Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу, көңіл — күйлерін сұрау.

Тренинг : «Күн шуағын төгеді»

Топқа бөліну : «Түрлі түсті кәмпиттер»

Бағалау түрлері:

I топ-Ұшқырлар.

II топ-Ептілер.

Үй тапсырмасын тексеру. «Стоп кадр» интерактивті тақтадан М.Қабанбай «Бауыр» хикаяты қысқаша көрсетіледі.

«Автордан хат» әдісімен хат арқылы сұрақтар» « Кірқыстырғыш» әдісімен беріледі.

Перфокартадағы

Қызыл-өте жақсы

Жасыл-жақсы

Сары-орташа

Түстер арқылы екі топ бір-бірін бағалап отырады.

Сабақтың

ортасы

Сергіту сәті

«Оқиғалар реті» әдісімен топтық жұмыс.

Шарты «Бауыр» әңгімесіндегі оқиғалар желісін сандық ретпен белгілеу.

«Демаламын қимылдап»

«Кейіпкер орындығы» әдісі .

Екі топтан екі оқушы кейіпкер болып сұрақтарға жауап береді, қарсы топ

сұрақ қояды.

«Авторға, кейіпікерге хат»- жазу жеке жұмыс.

«Екі тілек бір ұсыныс» әдісімен бағалайды.

Топтар бір –бірінің қатесін дұрыстайды

Әңгіме желісінің ретсіз жазылған жоспары таратылады.

Сабақтың аяқталуы «Венн» диаграммасы

Манап Қали

Екі топ стикерге жазылған жауаптарды жазып

жапсырады.

Бір-бірінің жауаптарын бағалайды.

Аяқталуы «Арнайы сұрақ » әдісі арқыды екі топ оқушылары бір біріне сұрақтар қояды

  1. Осы «Бауыр» әңгімесіндегі оқиғаның әрі қарай қалай болуы мүмкін?
  2. Манап ағасы бір жылдан кейін барғанда Қали інісі қалай қарсы алады деп ойлайсындар?
  3. Екеуінің кездесуі қалай өтеді деп ойлайсыздар.
  4. Сен түйген «Ой»?

Кері байланыс: «Бес саусақ» тәсілі арқылырефлексия алынады. Оқушылар параққа қолдарын бастырып салады, саусақтарға төмендегі сұрақтарға жауап беріп жазады. Сабақтан алған әсерін, үйренгендерін жазады, айтады. Топтар жұмысы сараланады, қорытындыланады.

  • Бас бармақ-басты мәселе.

Бүгінгі сабақта басты мәселе не болды?

  • Балан үйрек-бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім?
  • Ортан терек-ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
  • Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
  • Кішкене бөбек-көңіл-күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім?
«Бас бармақ» әдісімен бағалайды.
Қосымша ақпарат
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

1-тапсырма: «Кірқыстырғыш» әдісі. Автордан келген сұрақтар арқылы үй тапсырмасы тексерілгенде жауап беруге қиналған оқушыларға дайын сөз тіркестерін ұсынамын. Қабілеті жоғары оқушыларға өз ойын қоса айтуды ұсынамын.

2-тапсырма: «Оқиғалар реті» әдісімен топтық жұмыста тапсырманы орындауға қиналған оқушыларға топтағы қабілеті жоғары оқушылар қолдау көрсетеді.

3-тапсырма: «Кейіпкер орындығы» әдісінде оқушылар өз көкейіндегі сұрақтарын кейіпкерге еркін қол алды, ал қиналған оқушыларға «Сыбырлау» әдісі арқылы сыныптасынан көмек алды.

4-тапсырма: «Авторға хат» әдісімен берілген тапсырма әр оқушының қабілет қорының қай деңгейде екенін танытатын жеке жұмыс. Тың ойлар мен сұрақтарды қабілеті жоғары оқушы өзі табады.

Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Оқу мақсатына сай алынған әр тапсырманың орындалуын тексеру үшін қалыптастырушы бағалау орындалып отырады. Олар дескриптор арқылы «Екі жұлдыз, бір тілек», «Стикер» арқылы және перфокарта арқылы бағалап отырдым.
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынай ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Сабақтың оқу мақсаты:

  1. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен әс-әрекеті арқылы образын ашу.
  2. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
  3. Оқушылардың кейбірлері орындайды. Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер оқу мақсатына сай алынды. Бұл сабақта оқушылар мәтінде көтерілген мәселе бойынша өз ойлары мен көзқарастарын білдіре отырып, оны өмірмен байланыстыру арқылы бәсекелестікке деген қабілеті артты деп білемін. Сыныптағы оқушылардың әрқайсысы өз қабілеттеріне қарай жауап бергендіктен барлық оқушылар өз деңгейінде меңгерген, сынып

ахуалы бірін-бірі қолпаштау, бағалау, қолдау бағытында сыйластықта болды. Тапсырмаларды балаларды қабілетіне қарай беріп отыруға тырыстым. Мен осы сабақ жоспарына смайликтер арқылы бағалауды перфокартамен ауыстырып түзету енгіздім. Себебі, оқушы жауаптарын уақытылы бағалап отыруға ыңғайлы болды.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. Әр тапсырманы оқу мақсатына сай саралап алу;
  2. Әр тапсырмаларды орындау барысында қалыптастырушы бағалауды орындау барысында, өзара және мұғалімнің марапаттауы мен қолдауы оқушыға тақырыпты меңгеруде табысты болды.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. Сабақ мақсатына сай, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану;
  2. Тапсырманы орындау барысында топ лидерлерінің топ мүшелерін жетелеп қолдау көрсетіп отыруы.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиындықтары туралы не білдім? Мен келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

Сабақ соңында рефлексиялық байланыс жасай отырып, мен сыныптың немесе жекелеген оқушылардың нені меңгергенін, неден қиналғанын, не білгісі келетінін біліп, сол арқылы келесі сабақта қалай жұмыстануға болатынына мүмкіндік алып отырамын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.