Жаңа сабақтар

Молдабаева Ботагоз Омирбаевна

Ақтау қаласы № 39 «Хиуаз» балабақшасының тәрбиешісі

Молдабаева Ботагоз Омирбаевна

Коммуникация

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Үй жануарлары мен олардың төлдері.

Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсінік беру,үй жануарларының төлдерінің аттарын атай білуге үйрету. Үй жануарларыныңа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үй жануарларының суреттері,карточкалар,фламастерлер.

Сабақ барысы: Балалар қараңдаршы бізге қонақтар келіпті,қонақтармен амандасайық.

Балалар: Сәлеметсізбе? (Амандасады)

Шаттық шеңбері: Армысың Асыл күн! Армысың көк аспан! Армысың жер-Ана! Армысың қонақтар! Әже келіп отырады

Тәрбиеші: Балалар жылдың кәзір қай мезгілі? (балалар жауаптары Қыс)

Тәрбиеші: Балалар қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? (балалар қыс мезгілінде қар жауады,даланың бәрі аппақ болады,балалар жылы киімдерін киеді)

Тәрбиеші: Балалар жаңа топқа біреу сиқырлы сандықшаны әкеліп тастапты.Кәне балалар ашып көреміз бе? Ішінде не бар екен? Сандықшаның ішінде үй жануарлары барекен. Үй жануарларының ішінде түйе,жылқы,сиыр,ешкі,қой жатады.Қанеки бір жануарды алып көрейік. 1.түйе-қазақ жылқыдан кейін кәдірлейтін малы түйе.

1. Кезікті бір жануар Үстінде екі тауы бар? (түйе) Түйенің төлін қалай атаймыз?

Б: Ботақан Т:Түйені қалай шақырамыз? Б: Көс-көс

Т:Түйе бізге не береді? Б:ет,сүт.шұбат,жүн береді. Етін жейміз,сүтін ішеміз,шұбатын ішеміз,жүнінен көрпе жасайды.

Әже: Жарайсыңдар балалар.

2.Екі айнасы бар,екі найзасы бар,төрт жылтырмағы бар,бір шыпыртқысы бар. (сиыр)

Т: Сиырдың төлін қалай атаймыз? Б: Бұзау.

Т: Сиырды қалай шақырамыз? Б: Ақау-ақау

Т: Сиыр бізге не береді? Б: Ет,сүт айран қаймақ береді. Етті жейміз,сүтін ішеміз,айранды ішеміз,қаймақты жейміз.

Жарайсыңдар балалар!

3. Қамыс құлақ,тостаған тұяқ,мінсең қанат,сүті дәрі,еті тамақ (жылқы)

Т: Жылқының төлін қалай атаймыз?

Б: Құлыншақ Т: Жылқыны қалай шақырамыз? Б: Қырау-қырау

Т: Жылқы бізге не береді? Етін жейміз,қымызды,сүтті ішеміз.

Жарайсыңдар балалар!

4.Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар (Қой)

Т: Қойдың төлін қалай атаймыз? Б: Қошақан

Т: Қойды қалай шақырамыз? Б: пұшайт-пұшайт

Т: Қой бізге не береді? Б: Қой бізге ет,сүт,жүн береді? Етін жейміз,сүтін ішеміз,жүнінен телпек қолғап тоқиды.

Жарайсыңдар балалар!

5.Секен-секен етеді, Таумен тасқа жетеді. (ешкі)

Т: Ешкінің төлін қалай атаймыз? Б: Лақ

Т: Ешкіні қалай шақырамыз? Б: шөре-шөре

Т: Ешкі бізге не береді? Б: Сүт,ет, жүн береді. Етін жейміз,сүтін ішеміз,жүнінен телпек тоқиды.

Жарайсыңдар балалар!

Т: Енді осы жануарларды бір сөзбен қалай айтамыз? Б: Үй жануарлары

Т: дұрыс айтасыңдар!

Әже: Ой, балалар мына жерде үй жануарлары көп екен санын білмей тұрмын маған көмектесесіңдер ме? Б: Иә Т: Әрине көмектесеміз әже! Қазір біздің балалар сізге санамақтар айтып береді.

Санамақтар.

Бір дегенім-баспақ Бұзауды жүр бастап

Екі дегенім- ешкі Ешкі қойдан есті.

Үш дегенім-үйрек Жем бер,қолға үйрет

Төрт дегенім-тайлақ Тайлақты қой байлап

Бес дегенім-бие Құлынына ие.

Әже: Жарайсыңдар балалар,қандай керемет санамақтарың маған ұнады.

Т: Ал енді балалар үй жануарларының қалай дыбыстайтынын айтып берейікші.

Түйе- боздайды-бо-бо-бо Сиыр-мөңірейді-мө-мө-мө Жылқы кісінейді-ие-ие-ие Қой маңырайды-ма-ма-ма Ешкі маңырайды-ма-ма-ма Ешкі маңырайды-мә-мә-мә

Әже: Жарайсыңдар балалар үй жануарлары қалай дыбыстайтынын білесіңдер екен. Балалар менің сендерге тапсырмам бар.Үй жануарларының төлдері адасып кетіпті,соларды тауып қосыңдар.

Әже: Жарайсыңдар балалар! Адасып жүрген үй жануарларының төлдерін тауып бердіңдер.

Т: Балалар енді демалайық.

« Сергіту сәті» Қошақаны қойдың Қайда қалып қойдың Бұлтиып тұр бүйірің Қай өрістен тойдың ( 3 рет)

Т: Балалар менің сендерге тапсырмам бар.Осы үй жануарлардың жетіспей тұрған дене мүшелерін қыстырғышпен толықтырыңдар.

Әже жарайсыңдар балалар! Балалар енді мал атасын атап бересіңдер ме? Түе атасы-Ойсыл қара, Сиыр атасы-Зеңгі баба, Жылқы атасы-Қамбар ата, Қой атасы шопан ата, Ешкі атасы- Сексек ата.

Жарайсыңдар балалар! Әже: үй жануарлары туралы бәрін жақсы білесіңдер екен,тапсырмамның барлығын орындадыңдар.Ал мен сендерге түйенің шұбатынан сүтінен құрт жасап әкелдім және мына келген қонақтарға да әкелдім.

Қорытынды:

Тәрбиеші: Балалар жарайсыңдар балалар.Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңыздар. Біз қонаққа кімнің үйіне бардық ? Қандай жануарлармен таныстық?

Балалар: Әженің, Үй жануарларымен. Жарайсыңдар! Сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.