Жаңа сабақтар

Абдуллаев Ерлан Тынышбаевич

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы

Б.Момышұлы атындағы орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Абдуллаев Ерлан Тынышбаевич

Сабақтың атауы Ей, Астана! Н.Домбай
Сілтеме Әдебиет оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Мәтін,сөйлем құрауға қажетті тапсырмалар
Жалпы мақсаттар Білімділік:Елорда туралы түсініктерін кеңейту,мәтінмен жұмыс жасай

отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру,

Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін кеңейту, сөздік

қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту, топпен

жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Өз еліне,жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір –біріне

сыйластық сезімдерін тереңдету;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,топтық жұмыс

Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 — топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 — топ, көктем айындағылар 3 — топ, жаз айындағылар 4 — топ болып бөлінеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Психологиялық дайындық.
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі құлағың не үшін керек?
Ақыл кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Екі аяғың не үшін керек?
Туған жерде жүру үшін!-
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Үй тапсырмасын сұрау Үй жұмысын тексеру
Қызығушылықты ояту I .Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды үш топқа бөлу. Сабақты әнұранмен бастаймын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Бірнеше оқушылардан үйде жазған шығармалары оқытылады.
ІІІ. Жаңа сабақ
«Ой қозғау» әдісі
— Балалар, бүгін біздің сыныпқа бірнеше билет алып келгенін білесіңдер. Бүгін біз саяхатқа шығамыз. Қай қалаға саяхаттайтынымызды сабақ барысында біле жатармыз.
— Қандай қала атауларын білесіңдер? Оны қазір сөзжұмбақ шешу арқылы анықтаймыз.
Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

«Мағынаны тану»
Оқушыларға Астана қаласы туралы бейнебаян көрсетіледі.
— Иә, балалар, сонымен қай қалаға саяхатқа шығамыз?
— Астана.
— Дұрыс айтасыңдар, әуелі оқулықтарыңды ашып, Нұрперзент Домбайдың «Ей, Астана!» өлеңімен таныс болайық.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
Нұрперзент Домбай ҚазҰУ-дің журналистика факультетін 1980 жылы бітірген. Еңбек жолын бұрынғы Жезқазған облысы, Ұлытау аудандық газетінде бастап облыстық «Жезқазған туында» жалғастырады. «Егемен Қазақстанның» облыстағы меншікті тілшісі, Жезқазған аймақтық «Мысты өңір» газетінің бас редакторы болды. 2008 жылдан бастап республикалық «Ана тілі» газетінде қызмет атқарады. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Журналистер арасында өткізілген байқаулардың жүлдегері. Еңбек өтілі 35 жылға жуықтаған Нұрперзент Домбайдың көңілге түйгені мол. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, мәдениет қайраткерінің айтары да жетерлік.
Ей, Астана!
Сен деген туған елдің жүрегісің,
Өзіңнен бастау алар өрелі ісім.
Шаһарлар толып жатыр, бірақ та сен,
Бәрінен бірегейі, бөлегісің.
Астанам – асқарымдай көрінесің,
Өлең боп көкірегімнен өрілесің,
Бойыма рух беріп тұрғаннан соң,
Анық-ау ұтылмасым, жеңілмесім
Домалап қазағымның өрге тасы,
Думанмен дүрілдесін аспан асты.
Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп,
Асқақтай бер, елімнің Астанасы!
(Нұрперзент Домбай)
Сонымен қатар дарынды оқушыларға мынадай жекелеме тапсырмалар беріледі:
А –
С –
Т –
А –
Н –
А –
«Астана» сөзінің әр әрпіне теңеу жазу. Және де Төрт жол өлең шығару.
Ынтасы төмен оқушыларға төмендегідей тапсырмалар беріледі.
Сөздерді орын тәртібімен қойып, сөйлем құрастыр.
1. Астана, орналасқан, қаласы, Солтүстік, аймағында.
2. Ғимараттар, салынып жатыр, әсем, зәулім, мұнда.
3. Астана, айналды, іскерлік, мәдени орталыққа.
«Астана – Бәйтерек» монументінің қималарын дұрыстап құрау.
Сергіту сәті Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс «Астанаға саяхат»
Әр аялдамаға тоқтап таныстырып өтемін. Және де әр аялдаманың тапсырмаларын орындау.
1 – аялдама
«Ақ Орда» Қ.Р Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш.м құрайды.Резиденция жанында КР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты,ҚР министрліктер үйі орналасқан.
Тапсырма: Ребусты шеш.
2 – аялдама
Астана қаласының сол жағалауында «Астана-Бәйтерек» монументі орналасқан.Мұнда Өмір ағашы-Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі-97 метр. «Астана-Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы- Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаев. 97 саны кездейсоқ емес, ол Астананың Алматыдан Астанаға ауысуын білдіреді.
Тапсырма: «Қабырғаға қарап оқу» стратегиясы
Тақтадағы суретке қарай отырып, әр топ 4 – 5 сөйлемнен тұратын мәтін құрау.
Көзге арналған жаттығулар жасау.
3 – аялдама
Бейбітшілік және келісім сарайының желісін жалғастыратын сауда және ойын-сауық орталығы. 200 дей мертлік кешен қаланың зәулім доминантына айналды. Оның қаңқасы ұсақ тордан құралған зәулім шатыр ішінде ауданы 100 шаршы метр қалалық саябақ, дүкендер, кино театрлар, концерт алаңы бар. Астана тұрғындар
өздерінің бос уақыттарын осы жерде өткізе алады.
Тапсырма: «Кубизм» әдісі
Оқушыларға текшені лақтыру арқылы, текше қай жағымен түссе, соған байланысты сұрақтар қою.
1. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
2. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
3. Ақ орданың ұзындығы 97 метр ма?
4. Н.Ә. Назарбаев Хан шатырдың үстінде отырады?
5. Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?
6. Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?
4 – аялдама:
Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1,5 мың орынға арналған опера залы,жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.
Тапсырма: Постер құрау.
Үш топқа үш қаладан беремін. Олар: Семей, Астана, Алматы. Соған байланысты А3 форматына дайын материалдармен постер құрап, жобаларын қорғайды.
ҮІ. Сабақты қорытындылау.
Туған жерді сүю парыз.
Сүю үшін білу – парыз,
Қасиетті білу — парыз.
Күзетінде тұру – парыз.
— Балалар туған жеріміздің ыстық екенін ұмытуға болады ма?
Сондықтанда әр қашан туып өскен жерді құрметтеп, аялап,қорғап өтейік.
Сабақты түсінгендерін бағдаршам әдісі арқылы анықтау.
Қызыл – ешнәрсе түсінбедім
Жасыл – жақсы түсіндім
Сары – орташа деңгейде түсіндім.
Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы ретінде беру Күнделіктеріне жазады
Бағалау Смайликтер арқылы кері байланыс орнату

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.