Жаңа сабақтар

Массаны қалай өлшейміз?

Ақтөбе қаласы «№ 69 жалпы білім беретін орта мектеп»

Бастауыш сынып мұғалімі

Орынкулова Алмагуль Орынкуловна

Сабақ тақырыбы: Массаны қалай өлшейміз?

Пән Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Күні:

Сынып: 2

Қатыспағандар саны:

Мектеп: №69 ЖББОМ

Мұғалімнің аты-жөні: Орынкулова.А

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Массаны қалай өлшейміз?
Осы сабақта қол жеткізген оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) 2.5.1.4 Массаны анықтауға арналған құралдарды таңдау және пайдалану.

2.1.2.7 Эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру.

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушы: Массаны анықтауға арналған құралдарды таңдайды және пайдаланады.Эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіреді.

Көптеген оқушы:Массаны анықтауға арналған құралдарды таңдайды және пайдаланады. Өз бетімен эксперимент жүргізеді.

Кейбір оқушы: Белгілі-бір салмақтағы заттарды гірмен өлшейді

Бағалау критерийлері:
  1. Массаны анықтауға арналған нұсқауларды таңдайды және пайдаланады.
  2. Жоспарға сәйкес бақылау жүргізеді және қорытынды жасайды.
Тілдік мақсат Пәнге тән лексика мен терминология:

-Заттардың массасы «кем»,заттың массасы «артық», «өлшеу»таразы,гір.

-Масса грамм (г), килограмм (кг), центнермен(ц) өлшенеді.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Қандай жағдайларда массаны білу керек?

-Қандай таразыға гір керек емес?

-Заттың массасын қалай білуге болады?

Құндылықтарды дарыту: Құрмет – жұптық, топтық жұмыс барысыенда бір-біріне құрмет көрсету.
Пәнаралық байланыс: Математика- массаны өлшеген кезде сандарды пайдалану.

Дүниетану-

АКТ қолдану дағдылары: Интерактивті тақтадағы суреттер
Бастапқы білім: Әр заттың массасы болатынын біледі.

Ұсынылған заттардың ішінен ауырын(жеңіл)таңдап,заттарды массаларының азаюының артуы негізінде қатарға тізе алады.Дененің массасын (қапта қанша жарма, пакетте қанша қант бар екендігін т.б ) таразыдан анықтауға болатынын біледі.

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың

Басы

Сабақтың ортасы

Психологиялық ахуал:

-Біз тамшымыз, біз тамшымыз мұхиттағы

Бір теңіздің, бір теңіздің толқыны

Бізге келіңіз, бізге келіңіз сен және мен

Бәрімізде бір жанұя боламыз

Топқа бөлу: Қима қағаздарды таңдау арқылы топқа бөлу.

1-топ Таразы

2-топ Гір

3-топ Литр

Суреттер арқылы туралы не білесіңдер? Не байқадыңдар?

(Ұ) «Немен өлшеуге болады?» ойыны

— Қаламмен,өшіргіштің ұзындығын немен өлшеуге болады?

(Сантиметрмен)

-Сұйықтықты немен өлшеуге болады? (Литрмен)

-Жидек санын немен өлшеуге бюолады? (Стаканмен)

-Саңырауқұлақ санын немен өлшеуге болады? (Себетпен)

-Бір елді мекеннің келесісіне дейінгі қашықтықты немен өлшейді? (Километрмен)

-Күнге дейінгі қашықтықты немен өлшеуге болады

( Жарықпен)

-Алма,қарбызды немен өлшеуге болады? (Гірмен)

Дескриптор:

Ұзындықты саниметрмен өлшейтінің айтады.

-Сұйықтықты литрмен өлшейтінің айтады.

-Саңырауқұлақты себептен өлшейтінің біледі.

ҚБ: Жарайсың, Бәрекелді, Тамаша

(Ж,Ж) «Бес саусақ» әдісі

-Әр сабақта белсенді бала болама?

-Бүгін көңіл-күйім қалай?

-Басқаларға көмегім тиді ма?

-Бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Бүгін не үйрендім?

Дескриптор:

Сұрақтарға жауап береді

Тапсырма: Негеш пен Эврика заттарды өлшеу үшін суреттерден таразыны таңдауға көмектес.

1-жұп: Қарбыз алмадан ауыр;

2-жұп: Ермексаз жастықтан жеңіл;

3-жұп: Кит теңіз балығынан ауыр;

Дескриптор:

  • Қарбызды ауыр екенін айтады.
  • Ермексаздың әртүрлі түстерін біледі
  • Балықтың бір неше түрлерін айтады

ҚБ: «Үш шапалақ» арқылы

(Т) «Ашық микрофон» әдісі

Сөз орамы- «Зат жеңілдеу» сөздерінің орнына «Заттың массасы азырақ», ал «Зат ауырлау» сөздерінің орнына «заттың массасы көбірек»деу қажет.

Дескриптор:

— Заттың массасын біледі

— Массаның ауыр жеңілдігін анықтайды

ҚБ: «» арқылы бағалау

Оқулықтығы тапсырма

Оқулықтағы кесте

Оқулық

Бірдей екі мөлдір емес құты. Олардың бірі бос емес, екіншісі толы

Сабақтың соңы (Т,Ө) Тәжірибелік жұмыс

Жұмыс топпен қолда бар таразы түрімен жүргізіледі. Заттың массасын электронды таразымен білу ең оңай. Ол үшін сендер затты таразыға қоясыңдар, терезеде заттарының массасы шығады. Заттарды безбеннің көмегімен өлшеуге болады.Бұрындары көбіне табақшалы таразыны пайдаланған. Екі заттың массасын салыстыру үшін, оларды таразының табақшасына салған, Заты бар табақша төмен түссе, демек сол зат үлкен болған. Табақша жоғары көтерілсе демек, сол зат масса жағынан аз болған.

Балаларға өшіргіш пен бор, карындаш пен фломастерлер қорабы, оқулықтардың массасын салыстыруды ұсыныңыз.

Дескриптор:

  • Қандай мамандық иелері өз жұмысында таразыны қолданады.
  • Таразы түрлерін анықтайды.

ҚБ: Керемет, Жарайсың,Бәрекелді

(Ө,Қ) «Гірлер» ойыны

  • Пілдің қанша басатының анықтадың ба?
  • (Не) таңбаларының көмегімен заттарды салыстыра алдын ба?
  • Оқушылардан сабақтағы өз жұмысын бағалауды сұраңыз. «+», «-» таңбаларын санап гірлерді боя.

Егер екі сұраққа «иә» деп жауап берсеңдер (яғни екі қосу болса)онда үш гірді бояймыз,егер бір сұраққа екіншісіне «жоқ» деп жауап берсеңдер (бір қосу және бір алу )онда екі гірді, екі жауап «жоқ» болса, (екі алу) болса,онда бір гірді бояймыз.

Оқулық

Электронды таразы безбен табақшалы таразы

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Сабақ барысында «Жарайсың» ауызша мадақтау

Қ.Б. «шарлар» арқылы бағалау

«бағдаршам» арқылы

«Өте жақсы» мадақтау

«Шапалақтау» әдісі

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Қ.Б. «Жарайсың» ауызша мадақтау

Қ.Б. «шарлар» арқылы бағалау

Қ.Б. «бағдаршам» арқылы

Қ.Б. «Өте жақсы» мадақтау

Қ.Б. «Шапалақтау» әдісі

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық

кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады(оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.