Неліктен АҚШ өз әскери кемелерін Жапонияға жібе рді?

Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті №110 мектеп-лицейінің Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Алхатова Маншук Рахимберловна

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

10-бөлім Америка Құрама Штаттарының күшеюі

Мектеп: Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті,№110 мектеп-лицей
Күні: Мұғалімнің аты жөні: Алхатова Маншук Рахимберловна
Сынып: 8 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақтың тақырыбы: Неліктен АҚШ өз әскери кемелерін Жапонияға жіберді?
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 7.4.1.3 – АҚШ-ғы капиталистік монополиялардың даму ерекшеліктерін анықтау;

7.3.2.6 – еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау;

7.4.2.2 – қоғамның индустрияға дейінгі және индустриялық даму кезеңдерінің арасындағы айырмашылығын анықтау;

7.2.1.2 – миссионерліктің міндеттерін анықтау

Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы: АҚШ тың өз әскери кемелерін Жапонияға жіберу себептерін анықтап, сипаттайды.

Оқушылардың көбісі:

ХІХ ғасырдағы АҚШ пен Жапонияның капиталистік қатынастардың дамуын анықтайды.

Оқушылардың кейбіреуі:

АҚШ-ң Қиыршығыстық экспансиясының себеп-салдарын, еуропалықтардың Жапонияны «ашудағы» саясатын талдайды.

Бағалау критерийлері -АҚШ-ғы капиталистік монополиялардың даму ерекшеліктерін білу.

-Жапонияның «жабық есік» саясатын ашудағы АҚШ-ң негізгі мақсаты мен барысын түсіну.

-АҚШ пен Жапонияның индустриялық даму кезеңдерінің айырмашылығын ажырату.

-АҚШ пен еуропалық миссионерлердің міндетін анықтау.

Ойлау дағдыларының деңгейлері Білу, түсіну, қолдану
Тілдік мақсаттар Пәнге тән лексика мен терминология: Қиыршығыс экспансиясы, Жапонияны ашу, жабық есік саясаты, басқыншылық соғыстар,командор, сегун, самурайлар, император, Муцухито,Токугава сегунаты, «Мэйдзи төңкерісі»

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

ХІХ ғ.соңында АҚШ экономикалық дамыған елге айналуының себебі неде?

Неліктен АҚШ Жапонияға командор Перри бастаған әскери кемелерді жіберді?

Тарихи концепт Себеп-салдар
Құндылықтарға баулу Құндылықтарға баулу әрбір халықтың әлемдік адамзат тәжірибесінің дамуына қосқан үлесі құндылығын түсіндіру және сыныптастарының пікіріне құрметпен қарау, айтылған пікірлерге толеранттылықпен қарауға үйрету арқылы жүзеге асырылады.
Пәнаралық байланыс География (ХҮІІІғ.соңы мен ХІХ ғ.бас АҚШ,Англия,Франция,Ресей сияқты мемлекеттер бірнеше рет Жапонияның «жабық есік» саясатын бұзбақ болып әрекеттенді)
Алдыңғы оқу Дүние жүзі тарихы, 7 сынып,Ұлы географиялық ашулар, 98-103 б.б
Сабақтың жоспары
Жоспарланған

уақыт

Ресурстар
Басталуы

2 минут

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Топтарға бөлу. «Мозаика әдісі» бойынша топқа бөлу.

Оқушылар түрлі түсті қиындылар арқылы 3 топқа түстерге сәйкес бірігеді.Топ мүшелері мозаика түріндегі қиындыларды құрастыру арқылы сөйлем құрайды.

Топтарға бөлінген оқушылар топ атауын таңдайды, топ басшысы топ ережесі мен бағалау парақтарымен таныстырады.

«Кім жылдам?» әдісі

Оқушыларға үй тапсырмасын еске алып, жаңа тақырыппен байланыстыру мақсатында топтарға сұрақтар қойылады.

1.АҚШ-ң оңтүстігі мен солтүстігі арасындағы келіспеушілік не үшін туындады?

2.1861-1865 ж.ж. АҚШ-ғы азамат соғысының себебі неде еді?

3.АҚШ-ң өнеркәсіптік өркендеуіне не әсер етті?

Бағалау: Мадақтау

Түрлі-түсті

қиындылар

Суреттер

Мұғалімнің мадақтауы

Жаңа білім

2 минут

15 минут

Видеоролик «АҚШ тың Қиыршығыстағы саясаты»

Жаңа тақырыпқа байланысты оқушыларға видео таныстырылым көрсетіледі.

1.АҚШтың Қиыршығысқа жасалған экспансиясы қалай жүргізілді?

2. Неліктен еуропалықтар Жапонияның «жабық есік» саясатын бұзуға кірісті?

Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерімен танысады

Топтық жұмыс

  1. «Пазл» әдісі.

Әр топқа кеспе мәтіндер беріліп, оларды құрап, талқылауға уақыт беріледі.

1 топ. АҚШ-ң Қиыршығыстағы саясаты

2 топ. ХІХ ғ.Жапонияның экономикалық жағдайы

3 топ. Еуропалықтардың Жапонияны ашу

Бағалау: Екі жұлдыз, бір ұсыныс

АКТ

Оқулық.

Кеспе мәтіндер.

Ортасы

10 минут

Жұптық жұмыс.

  1. «Пікірлер парағы» әдісі.

1 топ

Даталардың соңына оқиғаларды жазу.

1837ж- 1868ж-

1872ж- 1873ж-

1889ж- 1894ж-

2 топ

Хронологиялық тапсырма. Оқиғаларға байланысты даталарды жазу.

1.Алғаш рет португалдықтар Жапонияға қашан келді?

2.АҚШ-ың 7экспедициясы Жапонияға қашан аттанды?

3.215ж созылған Жапониядағы «жабық есік» саясаты қашан күйреді?

4.Жалпыға бірдей бастауыш білім беру жөніндегі жарлық қашан шықты?

5. Саяси ұйым «Парламентті құру лигасы» қашан құрылды?

6. Жапония дүнижүзілік ірі державалар қатарына қашан қосылды?

3 топ

Адамдар мен оқиғалар. Дұрыс жауабын табу.

1. Осио Хэйхатиро– самурайлар 1868ж 3қаңтарда осы сегунға қарсы көтеріліс жасады.

2. М.Пери- 1792-93ж орыс елшісі басқарған кемелер Жапонияға аттанды.

3. Муцухито- 1837ж Осока қаласында елдегі саяси-әлеуметтік дағдарысқа қарсы көтеріліс басқарды.

4.А.Лаксманн- 1852ж АҚШ командоры басқарған әскери кемелер Жапонияға аттанды.

5. Кейки– 15 жасар император Жапония тағына отырды.

Бағалау: Бармақпен бағалау

сұрақтар жазылған парақшалар

Оқулықтағы мәтінді оқып алады.

Тапсырмалар берілген парақтар

Аяқталуы

5 минут

Жеке жұмыс.

Салыстыру әдісі

АҚШ пен Жапонияның әлеуметтік-экономикалық,индустриялық дамуындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерді жіктеп жазу

Оқулық, ақ парақ

Интерактивті тақта

Бағалау

2 минут

Кері байланыс

2 минут

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы оқушылар сабақтағы іс-әрекеттеріне рефлексия жасайды.

Мен бүгін білдім… .

Менің бүгін қолымнан келді… .

Мен келесі сабақта білгім келеді… .

Аяқталмаған сөздер жазылған

парақтар

Блоб ағашы суреті,

стикерлер

Қосымшаақпарат
Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
1.Жеке, жұптық, топтық жұмыстарды орындау үшін сараланған әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

2.Барлық оқушыларға жас ерекшеліктері мен деңгейіне сай сұрақтар мен кеңейтілген тапсырмалар беріледі.

  • Үй тапсырмасын пысықтау барысында мадақтау әдісі арқылы оқушылар бағаланады.
  • Топтық жұмыс жасау барысында оқушылар бірін- бірі екі жұлдыз, бір ұсыныс әдісімен бағалайды.
  • Жұптық жұмысты орындау нәтижесі бармақпен бағалау әдісі арқылы бағаланады.
  • Сабақ соңында жеке жұмыс
  • пен оқушы кері байланысты жазбаша түрде жазып қалдырады.
Белсенді іс-әрекет түрлері мен ширату тапсырмалары арқылы
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына қол жетпеген болса неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

Келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқу мақсаттары сыныптың деңгейіне сай шынайы, қолжетімді жасалған.

Оқу мақсаттарына сынып ішіндегі барлық оқушы қол жеткізеді

Әрине, себебі оқушылардың тапсырмаларды орындау деңгейі әркелкі болғандықтан, тапсырмаларды саралап беріп отырамын

Сабақтың уақытын тиімді пайдаланамын,өйткені оқушы зерігеді.

Сабақ жоспарынан ауытқу болған жоқ

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: өзара пікір алмасу мен бірлескен жұмыс

2: тақырыптың негізгі мәселесінің талқылануы

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: визуалды дағдылар мен ойлау мен өз ойын жеткізу қабілеттерінің ұштасуы

2: қызығушылық пен белсенді оқуға негіздейтін тапсырмалар

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

Жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Бағалау критерийлері Дескрипторлар
1. АҚШ-ғы капиталистік монополиялардың даму ерекшеліктерін білу 1. АҚШ оңтүстігі мен солтүстігі арасындағы келіспеушілік себептерін атайды
2. АҚШ тың 1861-1865 ж.ж. азамат соғысының себептерін түсіндіреді
3. АҚШ тың өнеркәсіптік өркендеуіне әсер еткен факторларды көрсетеді
2. Жапонияның «жабық есік» саясатын ашудағы АҚШ-ң негізгі мақсаты мен барысын түсіну. 1. Мәтіннен негізгі ұғымдар мен даталарды анықтайды
2. АҚШ тың Жапонияның жабық есік саясатын ашудағы мақсатын анықтайды
3. Еуропалықтардың Жапонияны ашудағы басты мақсаты мен барысын түсіндіреді
3. АҚШ пен Жапонияның индустриялық даму кезеңдерінің айырмашылығын ажырату. 1. ХІХ ғ. Жапонияның экономикалық жағдайын айқындайды
2. ХІХ ғ. АҚШ тың экономикалық жағдайын ажыратады
3. Индустрияға дейіңгі және кейіңгі кезеңдерін салыстырады
4. АҚШ пен еуропалық миссионерлердің міндетін анықтау. 1. АҚШ пен еуропалық миссионерлердің басты мақсаты мен міндеттерін анықтайды

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше