§21. Қан топтары Қан құю. Агглютинация.
Түркістан облысы, Кентау қаласы
«Қызыл жол» жалпы орта мектебінің
биология пәні мұғалімі
Джаванова Альмира Казбековнаға
САБАҚ: §21. Қан топтары Қан құю. Агглютинация.
Сынып: 8 Қатысқандар саны: 20 Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары 8.1.3.7 – агглютинация және резусконфликт механизмдерін түсіндіру
Барлық оқушылар: Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, қан топтарын біледі, оларды белгіленуіне байланысты ажырата алады. Оқушылардың басым бөлігі: Антиген мен антиденеге байланысты қан топтарын салыстырады, қан құю кестесін қолданып, қан құюды болжайды. Кейбір оқушылар: Қанды дұрыс құймағанда болатын қауіптерді дәлелдеп бере алады, Резус-фактордың «оң» және «теріс» түрлерін сипаттап береді.
