«Ас атасы-нан»
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Береке ауылы. «Хадиша әже» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі: Куралбаева Эльмира Калдыбаевна
Ашық сабақ.
Білім саласы:Әлеумет
Білім бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Ас атасы-нан»
Мақсаты: Ұннан жасалған тағамдар туралы әңгімелесу. Диқан, комбайыншы, тракторшы, диірменші,наубайшы, дүкенші туралы,олардың еңбегі туралы түсіндіру, білімдерін толықтыру.Нанның қасиеттерін білуге,ысырап қылмауға тәрбиелеу.Үлкендердің еңбегін бағалауға баулу.
Сөздік жұмыс:Диқан,наубайшы,комбайыншы,диірменші,дүкенші.
Әдіс-тәсілдер:Үйрету,шаттық шеңбері, түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап,сергіту сәті,жеке жұмыс.
Көрнекіліктер:Диірмен,бидай масағы,тракторшы,комбайыншы,наубайшы,дүкен,ұннан жасалған тағамдар,ұн,қамыр.
Балалар, таңертең ұйқыдан оянып,терезеге қарасақ,ең бірінші нені көреміз?
Балалар:Күнді көрміз.
Күн бізге не береді?
Балалар:Жылуын,нұрын,шуағын береді.
Олай болса бізге қонаққа келген апайларымызға жылы лебізімізді білдірейік.
Шаттық шеңбері:Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Армысың күн анамыз,
Бүгін біз қуанамыз.
Дастарханында әр үйдің,
Болсын қасиетті нанымыз.
Армысың күн анамыз,
Бүгін біз қуанамыз.Дастарханыңда әр үйдің,болсын қасиетті нанымыз.Балалар ,неге нанды ас атасы деп атаймыз?
Ия,нан ең қасиетті тағам.
Ал сендер осы нанның бізге дастарханымызға қалай келетінін білгілерің келеме?Балалар:Ия.
Ерте көктемде адамдар жер жыртып,бидайдың тұқымын себеді.Оны күтіп,баптайды.Арам шөптерін жұлып,дәрілер сеуіп,жаз бойы дихандар егін басында жүреді.Егін піскен кезде комбайыншы комбайынмен жинауға кіріседі.Жиналған егінді машиналарға құйып диірменге апарады.Диірменде бидайдан ұн тартады.Ұнды қапқа салып вагондарға тийеп,қалалар мен аударға,наубайханаларға апарылады.Наубайханада ұннан қамыр илеп пештерге салып,түрлі нандар пісіреді.Наубайханада ұннан қамыр илеп пештерге салып , түрлі нандар пісіреді.Наубайханадан дүкендерге жіберіледі. Дүкеннен адамдар сатып алып,дастарханымызға қоямыз.
Содан нан дастарханымызға оңай жолмен келе мекен?
Балалар;Жоқ.
Жоқ әрине көптеген адамдардың маңдай терімен келеді екен,я.
Балалар:Ия
Сондықтанда нанды тойғанша жеп қалғанын лақтырып тастауға болмайды.Дұрыс емес,нанды қадірлеуіміз керек.
Сергіту сәті:Жайқалады ақ бидай
Басын иіп аққудай
Трактор мен комбайн
Жүргізуге мен дайын
Дидактикалық ойын
Кім не істейді?
Шарты:Карточка таңдап алады,алған мамандық иесі не істейтінін айтып берді.Мысалы:Диқан егін егеді,баптайды.Дүкенші нан сатады.
Сұрақ-жауап
Жарайсыңдар балалар,сендере бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
Сендерге көп рахмет!
Осымен бүгінгі ашық оқу қызметімізді қорытындылаймыз.
Күтілетін нәтиже:Нанның дастарханға келу жолын білді.
Бидайдың тұқым кезінен бастап,нанға айналу кезеңдерін меңгерді.
Үлкендердің еңбегін құрметтеуді,нанды қорламауды үйренді.
